110
аудармашысы С.Ғылмани жайында мәлімет бере кеткенді жөн санадық. ХХ
ғасырдағы арабтану ғылымының алғашқы ізаша рларының бірі С.Ғылманидің
ғылыми-зерттеушілік ізденістері қазақ және араб халықтарының ежелден келе
жатқан тарихи тамырластығы мен мәдени байланысын дамытуда үлкен мәнге
ие болып табылады.
Үлкен дінтанушы, араб тілі мен әдебиетінің білгірі С.Ғылманидің ж азып
қалдырған еңбектері Қазақстандағы Шығыстану ғылымының мерейін еселеп,
кейінгі толқынға ұлттық рух дарытады деп айтуға болады.
Алматы орталық мешітінің 1952 жылдан 1972 жылға дейін қазиы болған
Сәдуақас Ғылмани – артына мол әдеби мұра қалдырған ғалым.
Белгілі
арабтанушы
ғалым
Ә.Дербісәлінің “Қазақстан мұсылмандарының
діни
басқармасы” атты кітабында [15 6] және басқа да бірқатар журналистер мен
Бейсен Бұйрабай [15 7], Тілеухан Мәжени [158] секілді жаныашыр адамдардың
баспасөз беттерінде жариялаған мақалал арында С.Ғылманидің қалдырған
мұраларының молдығы айтылып, ғалым еңбектерінің іргелі зерттеуді қажет
ететіндігі сөз болды. Әйтсе де, бүкіл ғұмырын еліміздің діни -рухани өмірін
өркендетуге, ағартушылық саласына үлкен үлес қосқан тұлғаның жазған
еңбектері осы уақытқа дейін арнайы ғылыми тұрғыдан зерттеліп, зерделенбей
келді.
С.Ғылманидің өзінің айтуынша 1890 жылы Ақмола /Целиноград/ облысы,
Коржынкөл /Ереймен тау/ болысы, Малтабар деген қазіргі /Ереймен тау
совхозының Социал деген бөлімшесі/ Жарлы көл деген жерде дүниеге келген.
Алғашында жетіру Жолымбет деген кісіден діни сауатын ашқан Ғылмани, діни
біліктілігін тереңдету мақсатында атышулы ғалым, әулие атанған Тоқмағамбет
хазреттің дарынды шәкірті Айтмағамбет Исаұлы деген кісіден “Бұхар Зада”,
“Фикһ Акбар”, “Тухфа” (көркем әдебиет) деген кітаптардан сабақ алады. Содан
кейін 1907 жылы медресе ашып, шәкірт жинаған Төлеңгіт деген халықтан
Ахмет халфе Ғұсмани /халық Ақтамақ халпе деп атаған/ медресесіне кіріп, алты
жарым жыл оқып, 1912 жылы ол кісінің батасын а лып, оқудан шығады. Ол ел
ортасында үлкен молдалар қатарында аты шығып, ұстазының айтқан өсиеті
бойынша бала оқытып, ағартушылықпен айналысқан. Тек 1916 жылғы
патшаның июнь жарлығы бойынша 19 бен 31 -дің ортасындағы қазақтарды қара
жұмысқа шақырған уақытта н бастап, екі жарым жылдай ұстаздық қызметі
үзіліп қалады.
С.Ғылмани “Арабша-қазақша сөздігінің” алғы сөзінде бұл кезге дейінгі
оқығаным мен оқытқандарым белгілі “Ұсыл қадим” жолында болып келді деп
баяндай отырып, ұстазы Ахмет халпе 1918 жылы Ақмола қала сында үшінші
махалла ашады. Соған имам болу үшін, Уфа қаласында Ғалымжан Әл -Баруди
деген муфтиге емтихан тапсырып, одан шаһадатнама алып қайтқан соң,
шәкіртіне “Шырағым Сәкен,
“Мән мәтә уа ләм йағлам ғилма зам аниһи мәтә
Достарыңызбен бөлісу: