М., Бекдаир Д. Б. Білім бағдарламасының атауы және шифры


Биосфера қорлары және оны тиімді пайдалану -тұрақты дамудың бір аспектісі ретінде



бет5/5
Дата19.06.2023
өлшемі43,28 Kb.
#102335
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Биосфера проект

Биосфера қорлары және оны тиімді пайдалану -тұрақты дамудың бір аспектісі ретінде
Табиғи қорлар – адамның өз мақсаттары мен өмір сүруін қамтаммассыз ету мақсатында қолданатын табиғи заттар мен құбылыстар жиынтығы. Оған ауа, күн, жел, су, жер, ормандар, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар мен т.б. жатады.
Табиғи қорлардың бірінші белгісі олардың түрі. Сол бойынша олар табиғи құбылыстар (мысалы, күн энергиясы, жел, теңіз суының қайтуы мен келуі), жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, темір және т.б.) деп бөлінеді.
Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, қымбат тастар мен минералдар, тұз) және өңдеуді қажет ететіндер (мұнай, руда, тыңайтқыштар) болып бөлінеді.
Табиғи қорлардың екінші белгісі олардың таусылып қалатындығы. Осы бойынша таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.
Таусылмайтын табиғи қорлар бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгермейтін не өзгерісі сезілмейтін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар. Мұндай қорлар күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауының энергиясы.
Таусылатын табиғи қорлар бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар.
Үшінші белгі ол қорлардың орнының толыға алатындығы. Осы белгі бойынша қорлар:
- өзіндік орнын толтыра алатын (өсімдік пен жануарлар әлемі, микроағзалар әлемі);
- өзіндік орнын толтыра алмайтын (қазба байлықтар);
- салыстырмалы өзіндік орнын толтыра алатын (құнарлы топырақ, кесілген ағаш).


Қорытынды
Биосферадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. Қорытындылай келсек, «Биосфералық тұрақты даму» дегеніміз қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін дамуды айтамыз.
Тұрақты даму негізінің бірі - табиғат ресурстарын тиімді пайдалану. Ресурстарды тиімді пайдалануды жүзеге асырудың ең басты шарты олардың ақылы болуы және айып төлеу құны артуы қажет деп ойлаймыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы



  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы;




  1. Интернет көздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет