(pavor nocturnus).
Біз түсініксіз ж ә н е қ абы л д ан б аған
жыныстық түсініктер туралы айтып отырмыз, олардың
белгілеуі н әтиж есінде дүры с кезең д іл ік білін ер еді.
Жыныстық әуестіктің күшеюі кездейсоқ қоздырғыш әсер-
лер нәтижесінде және кезеңділік болатын түрақты даму
қүбылыстары арқасында туындайды.
Маған осы түжырымды дәлелдеуге қаж ет материал
жеткіліксіз болып түр. П едиатрларға керісінше, біраз
қүбылыстары соматикалық ж әне психикалық жағынан
түсінуге қажет көзқарастар жеткіліксіз мөлшерде болады.
Медициналық мифология әсерінен көрсоқыр болып, осын
дай жағдайларды түсінбеуге Дебакенің
povor
nocturnus
жүмысын зерттеу кезінде өзім тапқан бір жағдайды күлкілі
мысал ретінде келтіруіме болады.
Бір денсаулығы нашар он үш жас шамасындағы үл бала
қорқақ әрі жасқаншақ болды. Ол түнде мазасыз үйықтап,
рет ауыр қорқыныш ты үстам асы мен галлю цинация
аптасына бір үйқысын бүзып отырған. Ө зінің көрген
түстері есінде анық сақталған. Оның айтуы бойынша,
түсінде шайтан оған: "Иә, бәлем, қолыма түстің бе!" — деп
айғайлаған. Айнала түгел қара май мен күкірт сасып,
денесін жалын шарпыған. Осындай түстен шошып оянған
оиың алгаш қы сәттерде дауы с ш ы ғаруға да шамасы
келмейді, соңынан ол өзіне-өзі келіп дыбысын шығарғанда,
айтқан сөздері: "Жоқ, жоқ, мені емес, мен ештеңе істегенім
жоқ" немесе "Ж оқ, ж оқ, мен енді еш қаш ан мүны
істемеймін" екен. Тіпті бірде ол: "Альберт мүны істеген
Ж5>Қ">
Дейлі. Ол жатарда тіпті шешінгенді қойды. Оньщ
айтуынш а: "Шешініп ж атқ ан д а ған а ж алы н денесін
шарпыған . Түс керу оның денсаулығына зақым келтіретін
болғандықтан, оны ауылға жібереді. Ауылда жарты жыл-
196
дан артық уақыт болған с он, ол қайтадан бүрынғы сау
қалпына келеді. Біраз уақыт өткен соң: "Мен мойындауға
жасқанған едім, унемі жыныс мүшемнің маңайында өте
қатты қозу мен шаншу мазамды алған. Тіпті бара-бара
шыдай алмағандықтан, бөлме терезесінен секіріп кетуді
де ойладым", — деп шынын айтады.
Мынаған көз жеткізу қиын емес:
1. Үл бала бүрын жасырын онанизммен айалысқан,
өзінің кінәсін білген және үнемі үлкендер тарапынан қоқан-
лоқы көрген болу керек.
Оның: "Мен енді ешқашан істемеймін", "Альберт еш-
қашан олай істеген жоқ" деуі осыған мысал болады.
2. Есейген кезінде оның мастурбация жасау тілегі қайта
оянады, дегенмен...
3. Оның бойында либидоны басушы қарсылық оянады
да, ол қорқынышқа айналады. Кейіннен ол жазалаудан
қорыққан қауіпке үласады.
Енді автордың түжырымын тыңдайық.
'Ъіздің зерттеуіміз мынаны көрсетеді:
1. Жыныстық даму денсаулығы нашар жасөспірімдердің
жалпы әлсіздігін, тіпті ми анемиясын туғызуы мүмкін.
2. Мидың мүндай анемиясы мінезді өзгертіп, әзәзілдік
галлю цинациясы мен түнгі, кейде күндізгі өте күшті
қорқыныш сезімінің тууына жол береді.
3. Баланы ң әзәзіл маниясы мен өзін-өзі кінәлауын
балалык, ш ағында алған діни тәрбиесінің әсері деуге
болады.
4. Таза ауада үзақ болудын, дене тәрбиесі жаттығулары
мен күшті қалпына келтіруі әсерінен ересек жасқа келгенде
осы қүбылыстардың бәрі жойылады.
5. Түқым қуалаушылық пен әкенін бойға сіңген мерезін
баланың миында түзілген қүбылыстардың себебіне әкеп
тіреуге болады. Ал қорытынды сөзге келетін болсақ, осы
бақылауларды біз жалықтыратын апиритикалық сандырақ
көлемінде қарастырамыз; бүл ерекше күйді церебралды
ишемия (қан айналу жеткіліксіздігі) дейміз;
д)
Бірінші және екінші процестер. Ығыстыру.
Түс көру процестері психологиясын тереңірек білуге
әрекет жасап, мен алдыма, қолымнан келу-келмеуі екіта-
лай, өте қиын мәселені қойдым. Баяндаудағы жүйеліліктің
кемегімен күрделі қүбылыстың бір мезеттілігін бейнелеу
және үнемі дәлелдің жетіспеуі мен үшін өте ауыр. Бүл түс
п сихологиясы н зер ттеу д е өз кезқарасы ң н ы н тарихи
дамуына ілесе алмағанның салдары іспетті. Көрген түсті
түсінуге негізгі көзқарас менің осыған дейінгі невроздар
психологиясы саласындағы еңбегімнен шықты. Бүл жерде
197
мен, мүмкін болмағанына қарамай, оған үнемі сілтеу
жасауым керек. Сонымен қатар менің кері жолмен жүріп,
түс көруден невроздар психологиясына өткім келеді. Мен
осы жерде оқырман үшін пайда болатын барлық қиыншы-
лықтарды білемін, бірақ одан қаш ы п қ ү ты л у ж олы н
білмеймін. Істің мүндай жағдайына қанағаттанбай, мен
басқа көзқарасқа тоқталамын. Меніңше,ол көзқарас менің
тырысуымның бағасын артты раты н сияқты. Алдында
көргеніміздей, ғалымдардың орныққан пікірінде бірауыз-
дылықтың болмауы жайлы сүрақ менің алдымда түрды.
Түс мәселесін біздің қарастыруымыз өзіне әр түрлі қарсы
назарды аударды. Осындай екі қарсылықты түс көру мағы-
насыз және ол соматикалық қүбылыс дегенді біз кесімді
түрде ж оққа шығардық. Бірақ біз оның әрқайсысынан
шындық түйінін қарастырып, белгілі мәлшерде қанағаттан-
дырдық. Түс көрудің барысында қабылдау жалғасатынын
және сергек өмір мүдделерін үстайтыны түс көру аста-
рында жасырынған ойларды ашу кезінде толық анық-
талды.
Осының соңғылары біз үшін маңызды әрі мүддемізді
қорғайтын нәрсемен айналысады. Түс көру еш уақытта
үсақ-түйекке арналмайды. Бірақ біздің көзіміз мынаған
жетті: түс көру алдыңғы күннің парықсыз қалдықтарын
жинайды да, соңғысы сергек әрекеттен біршама аласта-
майынша жоғары мүддеге ие бола алмайды. Біз оның көр-
ген түс мазмүнына қатысты екенін және оның қалтарысына
жасырынған ойларға бүрмалануға байланысты мүлдем
өзгерген сипат беретінін анықтадық.
Ассоциация механикасы заңдары негізінде түс көру
процесі жаңа немесе индифферентті сергек оймен танба-
ланбаған материалды тез меңгереді; цензураның арқасында
психикалык, қарсылықты елеулі мен мәндіден индиффе-
ренттілікке көшіреді. Түс гипермнезиясы мен балалық шақ
материалын қолдану біздің іліміміздің негізі болды, осы
материалдан түзілген түс туралы біздің теориямыздағы
тілекке түс түзудегі қажетті двигатель рөлін тіркедік. Уйқы
кезіндегі сыртқы сезімдік тітіркенгіштердің эксперименттік
жолмен дәлелденген маңызы туралы күмәндану, әрине,
біздің ойымызға келген жоқ. Бірақ біз бүл материалды
түстегі тілектен: күндізгі ойлар қалдығы оған қандай
тәуелділікте болса — сондай етіп қойдық. Түстің объек-
тивті сезімдік тітіркенуді иллюзия формасында түсінді-
ретініне біз күмәнданбаймыз, бірақ біз көпшілік зерттеу-
шілер үшін түсініксіз болып қалған осы түсіндіру түрткісін
анықтадық. Түрткі төмендегідей ж олмен орындалады:
қабылданған объект үйқының әрі қарай жалғасуы үшін
198
зиянсыз болады да, сонымен қатар тілектің орындалуына
ж ағдай туғы зады . Ұйқы кезіндегі сезім мүш елерінің
субъективтік тітіркенуін кезінде анықтаған Ледд [40] болу
керек. Біз түс көрудің дербес көзі болады деп есептемейміз.
Оны түс астары нда әрекет етуші естеліктердің регре-
диентті оянуымен түсіндіреміз. Түстің негізгі көзі ішкі
мүшелер түрғысынан шынымен мойындайтын түйсіктің
рөлі — біздің ойымызша, әжептәуір қарапайым. Олар —
қүлау, үшу және байланыс сезімдері жағынан үнемі дайын,
қолдағы бар материалды береді. Оны, қажетіне орай, түс
әрекеті қалтарыстағы ойларды бейнелеуге қолданады.
Түс көру процесін жылдам, көз ілеспес сипатта болуы
түс мазмүнын сана түрғысына қатысты қабылдауда бізге
әбден дүрыс болып көрінеді. Процестің алдыңғы кезеңде-
ріне ңатысты алғанда, біз, керісінше, баяу, ақырын екпінді
көз алдымызға елестеткенбіз. Әп-сәтте өтетін түс маз-
мүнының молдығына орай, біз психикалық тірліктің дайын
түзілістерін енгізу жайлы сөз етеміз. Түстің еске алумен
бүрм алануы н біз дүрыс деп есептедік, бірақ пікіріміз
бойынша, бүл түс түзілгеннен бастап өмір сүрген бүрма-
лану процесінің соңғы кезеңі болады. Ж ан дүниесі түнде
дем ала ма әлде күндіз өзінің барлық мүмкіндігін толық
көрсете ме деген ымыраласуға келмейтін, қатал пікірталас
нәтижесінде, біз екі жақты түжырымнан да шындықтың
үшығын таптық. Бірақ екі көзқарастың біреуіне толық
сенімділікпен, нық тоқтала алмадық. Түс қалтарысында
жасырынған ойларда ж ан дүниесі аппаратының барлық
қүралдарының өте күрделі әрекетінің ізін таптық. Бірақ
осы ойлардың бәрі күндіз түзілгенін ж оққа шығаруға
болмайды және жан дүниесі үйқы күйінде болады деп айта
аламыз. Осылайша біз бөлшектік үйқы теориясын алдық,
бірақ үйқы күйінің сипатын біз жан дүниесі ыдырауынан
емес, сергек тірлікке билік жүргізуші психикалык, жүйенің
үйықтау тілегіне бейімделуінен таптық. Сыртқы дүниеден
аулақтану біздің теориямыз үшін де маңызын сақтаған. Ол
түстің бейнелеуш і әрекетінің регрессиясын жобалауда
бірден-бір кезең ретінде болмаса да, көмектеседі. Көрініс
ж олы н еркін бағы ттау мүмкіндігінің болмауы күмән
туғы збайды . Б ір ақ психикалы қ өмір осы себепті де
мақсатсыз болмай, біздің естігеніміздей, қалаушы мақсат-
тық басым күйдегі көріністерді жойғаннан кейін қажет-
сіздікке жетеді деген түстегі әлсіз ассоциативті байланысты
біз мойындап қана қойғанымыз жоқ, сонымен бірге оның
шығу тегіне мүмкіндігінше үлкен маңыздылық бердік. Бүл
әлсіз байланыстық басқа заңды әр ойдың орнына қолда-
нылатынына көзіміз жетті. Біз түсті сандырақ деп айт-
199
қанымыз сөзсіз. Бірақ біздің келтірген мысалдарымыздан
түсті сандырак, деп айтайы қ десек те, оларды ң ойға
қаншалықты қонымды екенін көрсетеді. Түстің қызметі
жайлы айтатын болсақ, біз көптеген зерттеулердің үста-
нымына қосыламыз. Түс ж ан дүниеңді "ж еңілдетеді ,
Роберт айтқандай, көптеген зиянды нәрсені түсте бейнелеу
арқылы залалсыздандырмау; тілектің екі түрді орындалуы
жайлы біздің теориямызбен сәйкес келіп қана қоймай,
түсінігіміз де Роберттікіне қараганда әлдеқайда үғынықты
болады. Оның қабілеттіліктерінің ж ан дүниесінде еркін
көрінуі санаға дейінгі әрекет тарапынан түске бостандық
берумен сәйкес келеді. Түстегі ж ан дүниесі тірлігінің
үрықтың көзқарасына қайта айналып келу мен Говеллок
Эллистің ескертпелері (22) "Шексіз эмоциялар мен аяқ-
талмаған ойлардың көне әлемі" — қарапайы м күндіз
басыңқы күйде болған әрекет сипаты түс түзуде қатысады
деген біздің түжырымымыздың өте сәтті мақтаныш ы
ретінде көрінеді. Дәлелдегі [15] сияқты, бізде де "басыңқы"
түс көруде қозғаушы күш болады.
Түстегі фантазияның рөлі туралы Шернердің айтқанын
және жалпы Шернердің теориясын бүл мәселеде басқаша
көрсету мүмкін болса да, біз толық масштабта қолдандық.
Фантазияны тудыратын түс емес, керісінше, фантазияның
санасыз әрекеті түс қалтары сы нда түрған ойларды ң
түзілуінде көрнекі орын алады. Біз Шернерге түс қалта-
рысындағы ойлардың түзілу көзін көрсеткені үшін қарыз-
дармыз; бірақ оның түс әрекетіне қосып жазғандарының
бәрін күндіз де белсенді санасыз сфера әрекетіне әкеліп
тіркеуге болады. Олар түсті невротикалық белгілерден кем
дәлелдемейді. Түс әрекетін бүл әрекет түрінен бөлек әрі
аздаған дербес деп қарастыру керек болды. Ақыр аяғында
біз түстің жан дүние жабырқауымен байланысын жоққа
шығармаймыз, керісінше, біз оның байланысын басқа
жағынан берік бекіттік.
Біздің түс туралы біліміміз біртүтас болған, әр түрлі,
кейде қарама-қарсы зерттеу пікірлерінің кейбіреулері
ескерілмеген күйінде қабылданды. Бірак, біздің қүрылы-
сымыз әлі аяқталған жоқ. Психологияға тереңірек үңіл-
генде кездесетін көптеген түсініксіз жайттарды айтпағанда,
біз қазір жаңа қайшылық алдында түрамыз. Бір жағынан,
түс қалтарысында жасырынған ойлар қалыпты ой әрекеті
нәтижесінде туады десек, екінші жағынан, осы ойлардың
ішінен біз қалыптан тыс ойлау процестерінің бірқатарын
қарастырдық. Ал олар түсті талдағанда оның мазмүнында
да кездеседі. Біздің “түс әрекеті" деп атайтынымыздың бәрі,
менщше, бізге белгілі, қалыпты психикалық процестерден
200
көп алш ақ тәрізді. Тіпті түстің психикалық қызметінің
мардымсыздығы жайлы авторлардың өткір пікірлері де
бізге негізді сияқты болып көрінеді. Осы жерде өзімізді
қызықтыратын мәселені оған терең бойлау арқылы ғана
үғынамыз.
Түс біздің күндізгі өмірімізде өтетін, бір-бірімен логикалык,
байланыстағы, бірқатар ойларымызды алмастыратынына
көзіміз жетеді. Сондықтан осы ойлардың біздің қалыпты
рухани өмірімізден шығатынына күмәнданбауымыз керек.
Түс қалтарасында жасырынған ойлардан өзіміздің сергек
күйдегі ойлары мы зда аса бағалайтын жоғары деңгей
әрекетінің күрделі өнімі ретіндегі барлық жақсы қасиеттерді
табамыз. Мүндай ойлар тек түс көру кезінде іске асады деудің
ешқандай қажетгігі жоқ: онда түсгің психикалык, күйі жайлы
біздің
үста
ным күйреуге үшырар еді. Осы ойлар күндізгі
жүмыстан шығып, біздің санамызға білінбей, үйқыға кетер
алдында дайын күйде жалғасуы мүмкін. Күрделі ойлау
әрекеті санадан тыс болуы мүмкін емес екенін түжырымдауға
болады. Дегенмен кез келген есірік немесе басын адамды мезі
ететін ойлар торлаған жандардың психосараптауы осыны
көрсетеді. Түс қалтарысына жасырынған бүл ойлар өздігінен
санаға дейін ж етуге қабілетті: егер біз оны күні бойы
мойындамасақ, оның өзіндік себептері бар. Үғыну — белгілі
психикалық функция, зейінге қандай да бір масштабта көніл
аударуымен байланысты. Сана билігінен ойларды алып
шығатын басқа әдіс мәні келісілді. Біздің саналы ойлар зейінді
қолдануда белгілі бір жолмен жүретінімізді көрсетеді. Осы
ж олда сын көтермейтін көрініске кезіксек, біз кері
бүрыламыз. Егер ол қандай да бір бөлікте зейінді өзіне
аударатын жоғары белсенділік көрсетпесе, басталып және
тоқтаған ойлар ағыны әрі зейін қатысынсыз жалғасуы мүмкін.
Сананың арқасында іске асатын, бастапқы, ойлау актісінің
елеулі мақсатына жарамсыз немесе дүрыс еместігі жайлы
пікір арқылы аластатылған ойлар, ойлау процесі санаға
байқалмай, көз үйқыға кеткенше жалғасуына себеп болуы
мүмкін.
Ойдың осындай жолын біз санаға дейінгі деп заңды
дейміз де, үздік-үздік әрі басыңқы болғандықтан, мар-
дымсыз әрі маңызсыз болуы мүмкін деп есепейміз. Әрі
қарай көрініс жолы қалай болатынын қысқаша елестетеміз.
М ақсатты қ көріністен ассоциативті әдіспен таңдалған
жолдың өн бойымен бірқатар тітіркену бірлігі қозғалады
деп санаймыз. Мүндай тітіркенуде "Мардымсыз" ой жолы
мүлдем жоқ; ал "басыңқыдай" ол кері кетіп, екеуі де өзде-
рінің тітіркенуімен көрініс беруі мүмкін. Белгілі жағдайда
мақсатқа сәйкес ойлар жолы сана зейінін өзіне аударуға
201
қабілетті. Сонда оның көмегімөн ол "ауы сты руға ие
болады. Сана табиғаты мен қызметі жайлы біздің түсінікке
төменде тоқталамыз.
Осындай бекінген санаға дейінгі сферадан ойлар ағыны
кенеттен жоғалып кетуі немесе қалуы мүмкін. Егер оның
энергиясы одан өтетін ассоциативті бағыттар бойынша
диффузияланып, ойлар тізбегінің бір сәт сақталып, содан
кейін жойылатын қозу күйіне әкелсе, онда ол бірінші
жағдайды көрсетеді. Мүндай жағдайда түс түзілуі үшін
процестің ешқандай мәні ж оқ. Дегенмен біздің санаға
дейінгі сферада, біздің санамыз әрі үнемі белсенді тілек-
терімізден шығатын, басқа да м ақсатты қ көрін істер
кездеседі. Соңғылары өзінен-езі берілген ойлар иірімінде
тітіркенуге ие болуы мүмкін; олар санасыз тілек пен оның
арасында байланыс түзіп, санасыз тілекке тән энергияны
оған көшіреді және осы сәттен бастап мардымсыз немесе
басыңқы ойлар ағыны тоқтауға қабілетті болады. Бірақ
осы бекінуіне орай ол бәрібір де санаға жол табуға үміттене
алмайды. С анаға дейінгі ойлар ағымы әлі күнге дейін
санасыздық сферасына ауысады деуімізге болады.
Түс түзілуінің басқа жағдайлары төмендегідей болуы
мүмкін: санаға дейінгі ойлар ағымы басынан бастап санасыз
тілекпен қосылғандықтан, билік ж үргізуш і мақсаттық
үмтылу тарапынан қарсылыққа кездеседі; немесе санасыз
тілек басқаша жолмен, мысалы соматикалык, түрткі негі-
зінде оянып, санаға дейінгі жүйеге психикалық қалдық-
тардың өтуіне әрекет жасайды. Барлық осы үш жағдайдан
бір түжырым шығаруға болады: санаға дейінгі сферада осы
сферадан қосымша күш ала алмаған ойлар ағыны түзіліп,
санасыз тілек тарапынан басқа нәрсені табады.
Осыдан сон ойлар қалыпты психикалық процесс деп
есептелмей және психопатологиялық қүбылыс нәтиже-
сінде бірқатар өзгеріске үшырайды. Алдағы уақытта енді
осы өзгерістерді сипаттауға тырысайық.
1.
Ж еке көріністердің қарқындылығы нәтижесінде қар-
қындылығы өте жоғары көрініс түзуге әкеледі. Бүл про-
цестердің қатарьшан бірнеше қайталануы нәтижесінде түтас
ой ағынының қарқындылығы ақыр соңында бір көрініске
жиналуы мүмкін. Міне, осы, біз танысқан түс әрекетін
қарастырғанда, танысқанымыз компрессия немесе әсірелену
процесі деп аталады. Түс көру кезіндеғі оған әсердің тууына
ол кінәлі деуге болады, себебі қалыпты рухани өмір санасында
оған үқсасты табу қиын. Біз осы жерде бүтін ойлар тізбегінің
түйіндік пункті немесе соңғы түжырымның психикалык,
маңызды ірі көрінісіне ие болып отырмыз; бірақ бүл
қүндылық қандай да бір мінездің іштей айқын байқалуында
202
анықталмайды; онымен байланысты көрініс мүлдем
қарқынды бола алмайды. Әсірелену процесінде барлық
психикалық байланыс көрініс мазмүньшың қарқындылығына
айналады. Бүл мен кітаптағы қандай да бір сөзге мәтіннің
басқа бөлігін үғу үшін ерекше мән беріп, оны қарамен теруді
үсынатын болсам, соған үқсас болар еді. Ал сөйлеген кезде
бүл сөзді мен көбірек баяулатып, екпін түсіре айтар едім.
Бірінші салыстыру тікелей түс әрекетінен алынған мысалға
әкеледі (
Ирманың инъекция туралы тусіндегі триметиламин).
Мәдениет зерттеушілері ежелгі тарихи мүсіншілер қашаған
мүсін иелерінің қоғамдағы алатын орньша байланысты түсін,
көлемін анықтағанына біздің зейінімізді аударуда. Патша
өзінің нөкерлеріне немесе жеңіліске үшыраған дүшпанына
қарағанда екі үщ есе биік бейнеленеді. Рим дәуірі туын-
дыларында бүл мақсатқа жету үшін қолданылған қүрал-
дарда үлкен талғампаздық байқалады. Мүсінші импера-
тордың мүсініне үлкен үлылық беріп, ортаға орналастырады.
Оның мүсінін ерекш е әшекейлейді, ал ж аулары оның
аяғының астында орналастырылады, бірақ оны ергежейлілер
арасында алып кетіп көрсетпейді. Қол астындағыларының
басшының алдында бас июі қазіргі кезде ежелгі бейнелеу
принциптерінін қалдықтарын көрсетеді.
Түстің әсірелену процесі өтетін бағыт, бір жағынан, түс
қалтарысындағы ойлардың санаға дейінгі жүйелі байла-
нысын көрсетпесе, екінші жағынан, санасыздық сфера-
сындағы көрермендер естеліктерін тартуға байланысты.
Әсірелену процесі нәтижесі қабылдау жүйесі кедергісі
үшін қаж ет қарқындылыққа жетуге бағытталған.
2. Қарқындылықтың еркін көшуіне орай, әсірелену
мақсатында өзінше ымыраға келушілік аралық көріністер
түзіледі (
келтірілген мысалдарды қараңыз).
Бүл көріністердің
қалыпты ағымында бүрын болмаған нәрсе, сөз көрініс
элементтерін "дүрыс" белгілеуде болып отыр. Егер біз санаға
дейінгі ойларды бейнелеуге сөз іздесек, осыған қарама-
қарсы күрделі әрі ьімырашыл түзілістер өте жиі кездеседі.
Мүндай түзілістер кейбір "түсініктеме" түрінде келтіріледі.
3. Бірінен екіншісіне өзінін қарқындылығын көшіретін
көріністер бір-бірімен өте нашар байланысып, ойымыз
қабы лд айты н ассоц иац и яларм ен бірлеседі ж ән е тек
тапқырльщты қолданады. Әсіресе басқаларга тең келетін
болып үңдестік ассоциациясы есептеледі.
4. Қ арама-қарсы ойлар бірін-бірі жоюға үмтылмай,
көбінесе араларында қайшылық жоқтай, бір-біріне таяу
орналасып, әсірелену өніміне бірігеді немесе біз әрекеті-
мізді оңай келісетін, бірақ өз ойымызда болғызбайтын
ымырашылыққа келеді.
203
Түс әрекеті кезінде алдын ала соншама үтымды түзілген
ойлардың жиі өзгеріске түсетін қалы пты процестері
осындай болып келеді. Қарқындылық элементіне қозғал-
ғыштық беруге тырысу соңғылардың басымдылық сипаты
болады; қарқындылықтар байланысқан психикалық эле-
менттер екінші ретке ығысады. Егер сөз ойлардың бейнеге
айналуы туралы болса, ымыраға келушіліктің түзілуі мен
әсіреленуі регрессияға көмекке келу үшін түзіледі деп
болжауға болар еді. Мүндай түстердің талдауы, регрессия
болмаған кездегі өте айқын формадағы синтезі, мысалы
"автодидаскер — гоф рат Н-мен әңгіме түсінде, тура
осындай әсірелену және ығысу процестері басқа процесс
сияқты анықталады.
Сондықтан түс түзілуіне әр текті, мәні жағынан әр қилы
психикалық процестер қатысады деген ойды ж оққа шығара
алмаймыз. Олардың бірі қалыпты ойлауға парапар келетін,
түстің негізін қүрайтын биязы ойлар түзсе; енді біреуі
онымен өте дөрекі және оған жоғары деңгейде қатысы
болады. Соңғы процесті біз түс әрекеті түрінде атап
көрсеткенбіз. Енді осы психикалық процестің шығу негізі
жайлы не айтуға болады?
Бүл сүраққа невроздың, әсіресе есіріктің психология-
сына терең үңілмей, жауап бере алмаймыз. Біздің саналы
ойлауымызға тепе-тең келетін әдепті ойларды есірік күйден
де кездестіруге болады. М үндай форманың болатыны
ж айлы еш теңе білмейміз ж ән е оларды тек кейіннен
қалпына келтіре аламыз. Егер олар әлдеқалай біздің қабыл-
дауымызға өтетін болса, онда түзілген белгіні саралау
негізінде біз мыналарды қарастырамыз: осы қалыпты ойлар
қалыпсыз әсерге үшырап, әсірелену қатысында, ымыра-
шылдық түзілуі мен үстіртін ассоциация арқылы, қайшы-
лықты жамылып, регрессия арқасында белгіге көшіріледі.
Психоневротикалық белгілерді өткізетін әрекетінің өзіне
тән ерекшеліктері мен психикалық әрекеттіц толық пара-
парлығында біз түске есіріктің беретін түжырымдарын
көіпіруімізге болады. Есіріктік туралы ілімнен бізге белгілі
жағдай төмендегідей: қалыпты ойлар ағымы қалыпсыз
психикалык, өцдеуді балалық шақ материалынан шыққан
және ығыстыруға үшыраған санасыз тілектіц көшірілуі
кезінде айқы ндалады . Осы принцип үшін біз түстін
белсенді тілегі санасы зды қ сф ерасы н ан ш ығады деп
шамалап, түс теориясын негіздедік. Ол, біз өзіміз мойын-
дағандай, үнемі дәлелденбейді, сол сияқты жоққа да шыға-
рьілмайды. Бізге бірнеше рет кездескен "ығыстыру" деге-
німіз не екенін анықтау үшін психологиялық ғимаратты
оиіктетуді жалғастыруымыз керек.
204
Біз әрекеті тітіркенудің жинақталуынан қашқақтауға
бағытталған қарапайым психикалық аппарат қызметін
терең қарастырдық. Ол сондықтан рефлекторлық аппарат
үлгісі бойынша жобаланған; ал моторика дененің ішкі
өзгерісіне салы н ған ж ол сияқты, оны қол асты нда
бағытынан тайдыратын жол ретінде болды. Әрі қарай біз
бағыттану түйсігінің психикалық салдарына кездестік және
екінші болжам жасауға болады: жинақталған тітіркену-
шілер әр түрлі бізді қызықтырмайтын әдістермен жағымсыз
түйсік формасында сыналып, аппаратты қайтадан қанағат-
тану сезімін туды ру үшін қозгалысқа келтіреді, сонда
тітіркенудің әлсіреуі жағымды түйсік формасында байқа-
лады. Осындай жағымсыз түйсіктен шығып, аппаратта
жағымды түйсікке багы тталган ағынды біз тілек деп
айтамыз және тілекті басқа еш нәрсе аппаратты қозғалысқа
келтіре алмайды, тітіркену барысында онда автоматты
түрде ж ағы мды ж ән е жағымсыз түйсіктер реттеледі.
Меніңше, қанағаттану жайлы естеліктің галлюцинаторлық
еске түсуі бірінші тілек болып табылады. Егер бүл галлю
цинация аяғына дейін үсталмаса, қажеттілікті қанағат-
танды руға, яғни қанағаттануга байланысты жағымды
сезімді тудыруға дәрменсіз болады.
Осылайша, біздің тілімізде екінші жүйе әрекетті қажет
болды, ол еске алудың қабылдауға өтпеуіне жағдай ж а
сайды және ондағы психикалық күштердің байланыстарын
болдырмайды; ол қажеттіліктен туған тітіркенуді айналма
ж о л ға бағы ттайды . Оның еркін м оторика көмегімен
сыртқы дүниені өзгертетіні соншалықты, қанағаттану
объектісін шынайы қабылдау тууы мүмкін. Осы уақытқа
дейін біз психикалық аппарат жобасын бақылағанбыз; екі
жүйені де біз толы қ аяқталған аппаратта санасыздық
жүйесі мен санаға дейінгі жүйе деп атаған едік.
Моторика көмегімен сыртқы дүниені өзгертуге мүмкіндік
алу үшін еске алу жүйесіндегі біршама бақылаулар жиыны
және бүл материалда еске алуды мақсаттық көрініспен
тудыратын әр текті қарым-қатынастар тіркеліп, жинақ-
талуы қаж ет. Біз болжамдарымызды әрі қарай жалғас-
тырамыз. Сипау арқылы сезілетін энергия шыгарып және
қайта қайы раты н екінші ж үй е әрекеті, бір жагынан,
барлы қ еске алу м атериалы н еркін билеп-төстеуді
қаж етсін еді; екінш і ж агы нан, егер ол бүл ж агдайда
Қолайсыз өтіп, сыртқы дүниені өзгертуге тиіс мөлшері
шектеулі ойлаудың жеке жолдарына ерекше көп энергия
жіберсе, үлкен ысырапшылдық болар еді. Осы мақсатқа
лайы қ мен бірінші ж үй еде энергияның үлкен бөлігін
сақтауга және ығыстыру үшін оның аз мөлшерін қолдануга
205
болатынын болжаймын. Бүл процестердің механизмі маған
белгісіз, ал шынайы айналысқысы келген адам осыған
үқсасты физикадан іздестіріп, өзінің нейрондар тітіркенуі
кезіндегі қозғалыс процесін түсінуіне жол ашар еді. Мен
бірінші
Достарыңызбен бөлісу: |