қ аты н асы н ы и
ерекше тәсілі ретінде суреттедік. Енді мына сүрақ пайда
болады: өнімді түлғаның жасап шығаратын нәрсесі бар ма,
егер бар болса — ол не. Егер адам өнімділігі материалды
қүндылықтарды, өнер туындыларын, ойлау жүйелерін
өндіре алатын болса, онда
өнімділіктің аса маңызды объек-
тісі адамның өзі болады.
Дүниеге келу
бүл үрықтандырудан өлімге дейінгі
кеңістіктегі сатылардың бірі ғана. Осы екі полюс аралы-
ғындағының барлы ғы — бүл адам да ата-аналары ны н
әлеуетті негізі салған барлык, мүмкіндіктерінің ашылу
процесі. Егер ф изикалы қ өсу сәйкесінш е ж ағдайларда
420
табиғи түрде, өзіндік негізінде, автоматтандырылған тәріз-
ді болса, ал интеллектілік деңгейде ж етілуге, саналы
болуға, керісінше, ешқандай автоматтандыру тән емес.
Дамытуды ілгері жылжыту, интеллектілі ж әне эмоцио-
налды потенцияны, өзіндік өзімшілдігін ашу үшін өнімді
іс-әр екет, белсенд ілік қ а ж ет . Қ уан ы ш қа орай, адам
трагедиясы оның дамауының еш уақытта бітпейтіндігі;
тіпті аса жағымды жағдайлардың өзінде адам өз мүмкін-
діктерінің тек біразын гана жүзеге асырады, өйткені ол
толық дүниеге келгеннен бүрын өліп үлгереді.
Мен бүл жерде өнімділік түсінігінің тарихын берейін
демесем де, бүл түсінікті анықтайтын бірнеше иллю ст
рация келтіргім келіп отыр. Өнімділік — бүл
Аристотельдің
негізгі түсініктерінің бірі. Оның пайымдауы бойынша,
мейірімді адам оның іс-әрекеттері арқылы анықталады.
Ф лейтада ойнайтын адам, мүсінші немесе кез келген
суретш і үшін олардың іс-әрекеттерінің арнайы түріне
сәйкес келетін ой лаулары оларды басқа адам дардан
ерекшелейді, сол сияқты кез келген адамды оның өзіне тән
іс-әрекеттері анықтайды. Бүл іс-әрекет "ойлаудың қаты-
суымен не ойлаумен келісілген ішкі жанымыздың іс-әре-
кеттері..." "Ж әне, — Аристотельдің айтуынша, — келесі
ерекшеліктердің де маңыздылығы бар, мейірімділік пен оны
қолдану жан мен іс-әрекеттің бірлесуі жоғары жетістік деп
түсінеміз бе. Өйткені жанымыздың қүрылымы ешқандай
мейірімді іс істемеуі мүмкін, мысалы, адам үйқыда не басқа
да әрекетсіздік күйде болуы ықтимал, ал іс-әрекет ету
кезінде бүл мүмкін емес, себебі онда белгілі бір әрекет-
тердің ж үзеге асуы міндеттеледі". Аристотельдің пікірі
бойынша, мейірімді адам дегеніміз, — бүл өз' іс-әрекеттерін,
ақыл-ойын басшылыққа ала отырып, өз мүмкіндіктерін іске
асырушы.
“М ейірімділік және қабілет т ілік дегенім із,
— дейді
Спиноза, — бір нәрсе деп ойлаймын". Еркіндік пен бақыт
адамның өзін-өзі түсінуінде, өз мүмкіндіктерін іске асыруда,
жетістіктерге үмтылуда, адам табиғатының үлгісі болуға
талпыныста анықталады. Спинозаға сәйкес, мейірімділік
адамның өз күшін қолдануымен тепе-тең. Ал ашуланудың
мәні, Спиноза бойынша, әлсіздікте, күштің болмауында.
Өнімді іс-әрекет түжырымдамасын поэтикалық формада
Гете мен Ибсен керемет үсынған.
Фауст
— адамның өмір
мәнін шексіз іздеудің белгісі. Не ғылым, не қанағаттану, не
қуаттылық, не сүлулык, бүл сүраққа жауап бере алмайды.
Ж алғыз жауап, — деп есептейді Гете, — іс-әрекет, еңбек
мейірімділікке тең.
"Пролог на небо" еңбегінде Қүдай адамга бақытты болу
421
үшін кедергі ж асайты н қател іктер емес, оның іс-әре-
кетсіздігі дейді.
Екінші бөлімнің соңы нда Ф ау ст М еф истоф ельм ен
бәстесуде жеңеді. Ол қателік жіберсе де, күнә жасаса да,
ең қорқы ны ш ты к ү н ә — іс-әр ек етсізд ік ж асам айды .
Фаустың соңғы сөзі осы ойды айқындай түседі.
Егер Гетенің Фаусты ХУШ—XIX ғасырлардағы барлық
прогрессивті ойларға тән адамға сенсе, онда XIX ғасырдың
екінші жартысында жазылған Ибсеннің
Пер Гюнті
қазіргі
адамға ж әне оның іс-әрекеттеріне сыни көзқараста болды
деуге болады. Пьесаны "Өзін-өзі іздеудегі қазіргі адам" деп
атаса да болар еді. Пер Гюнт адам байлыққа және жетістікке
үмтыла тез әрекет жасай отырып, ол барлығын өзі үшін, өз
түлғасының пайдасы үшін орындайды. Ол "Өзіңмен өзің бол"
адамзаттық мораль принципіне сәйкес емес, Тролл айтқан
“Өз-өзіңмен бол" принципімен өмір сүреді. Дегенмен өмірінің
соңында ол өзінің затқа ие болу қүштарлығы, оның эгоизмі
оған өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін толық іске асыруға
мүмкіндік бермегендігіне көз жеткізеді. Пер Гюнттің іске
асырылмаған мүмкіндіктері оған шығармашылық түлғалық
іс-әр ек еттер д ен бас тартқан д ы ғы себебінен соңында
қүлдырауға әкелгендігі үшін "кінә" тағайындалғандығы
туралы "айыптауды үсынады".
Сонымен, біз өнімдік бағдарлануды ж алпы
т а л д а у д а
едәуір ілгері жылжыдық. Енді біз іс-әрекеттің нақты басқа
сфераларындагы өнімділік түсінігіне ерекше тоқталайық,
өйткені тек нақты ж әне ерекше арқылы ғана жалпыны
түсінуге көтерілуге болады.
Өнімді махаббат пен ойлау
Адамның болмысы оның қорш аған әлемнен алш ақ
болуы м ен ж ө н е ж алғы зд ы ғы м ен сип атталады , бірақ
жалғыздықты көтере алмайтындықтан, ол басқа адамдар-
дан б айланы суға ж ән е бірлесуге үм ты лады . М үндай
қажеттілікті іске асырудың көптеген әдісі бар. Дегенмен
солардың тек біреуі ғана адамға өзінің түтастығы мен
ерекшілігін сақтауға мүмкіндік береді. Оның барлық күші
б асқа адам дарм ен қаты н ас ж а са у д а то л ы қ аш ы лған
ж а гд ай д а ган а бірден-бір әдіс болы п қ ал ад ы . Адам
тірлігінің бір ерекш е ж ағдайы мынада, адам үнемі бір
мезетте жақындықты іздейді әрі ешкімге тәуелсіз болуды
қалаи ды да, өз ерекш елігі мен бірегейлігін
с а қ т а у ғ а
үм ты лады . Б үл оғаш ты қты ң, сол си яқты адамны н
адамгершілік мәселесінің шешімі өнімділікке келіп тіре-
422
Қоршаған әлемге деген өнімді қатынас іс-әрекеттен,
қылықтан, түсіністіктен, ой жүгіртуден көрінеді. Адам өз
күшін зат пен материяға қолданып, бүйымдар жасайды,
өндіреді. Ә лемді м ахаббат пен ақы л-п арасат әрекеті
арқылы, парасаттылық пен әсерленушілік арқылы танып
біледі. Ақыл-парасат күші заттар ж әне қүбылыстармен
белсенді әрекеттескенде олардың мәніне енуге мүмкіндік
береді. Оның сүйіспеншілігінің күші басқа адамды жақсы
түсіну үшін, одан бөліп түрған бөгетті жеңуге мүмкіндік
береді. Махаббат пен ақыл-парасат дүниені танудың әр
түрлі ф ормасы болғаны мен ж ән е бірінсіз-бірі мүмкін
еместігіне қарам ай, әр түрлі күш терді көңіл-күй мен
ойлауды бейнелейді, сонды қтан ж ек е-ж ек е қарасты -
рылады.
Махаббатың өнімділігі түсінігі махаббат деп аталатын-
нан мүлдем бөлек. "М ахаббат" сөзі сияқты екі мәнді
шатасқан сөз тіпті жоқ шығар. Ол сөзбен, жек көрушілік
пен жеркенушіліктен басқа, кез келген сезім бейнеленеді
десек болады. Бүл сөздің мәніне балм үздақтан бастап
симфонияға дейінгінің бәрі енеді. Нәзік симпатиядан бастап
жақындасудың күшті тілегіне дейінгі барлыгы. Адамдар
егер біреумен еліксе, соны сүйдім деп есептейді. Олардың
ойынша сүюден оңай нәрсе жоқ, барлық қиындық дүрыс
қосақ табуга тіреледі. Махаббаттагы жолы болмаушылық
өзіне сай келетін адамды таба алм ауга байланы сты .
Осының бәріне қарсы алганда махаббат ерекш е сезім,
әркімнің сүюге қабілеті болса да, оны бәрі бірдей іске асыра
алмайды. Нагыз махаббат өнімділікке байланысты, сон-
дықтан да "өнімді махаббатты" гана махаббат деп санауга
болады. Бүл ананың балаға махаббаты бола ма, әлде еркек
пен әйел арасындагы эротикалық махаббат бола ма —
бәрінің мәні бір. (Кейінірек біз басқага деген махаббат
пен өзіңе деген махаббатың айырмасы жоқ екенін көреміз).
Махаббат объектісі әр түрлі болганымен, оның қарқын-
дылыгы әр қалай болуы мүмкін, соган қарамастан өнімді
махаббаттың барлық формасына тән жалпы қасиеттер
болады. Олар —
қамкорлык, жауапкериіілік, сыйластьщ және
білім.
Қамңорлық пен жауапкершілік, махаббаттың адамды
баулап алатын қүмарлық немесе адамға эсер ететін аффект
емес, әрекет екенінін білдіреді. Қамқорлық пен ж ауап-
кершілік әулие Ионаның кітабында көрсетілген. Қүдай
Ионаны Ниневие түрғындарын өздерінің жаман жолдары-
нан таймаса, алатын жазалары туралы ескертуге жүмсай-
ды. Ал Иона Қүдайдың әмірін орындаудан жалтарады,
себебі ол Ниневия түрғындары тәубасына түсіп, оларды
423
Қүдай кешіреді деп қорқады. Иона тәртіптілік пен заң-
шылдық сезімі дамыған немесе сүйіспеншілік сезімі жоқ
адам болу керек. Қашып жүрген кезінде Ионаны теңізге
лақтырады, ал оны кит жүтып қояды. Осыдан біз махаббат
мен қайырымдылығының жеткіліксіздігі оның китке жем
болып ж азалануы н бейнелейді деуімізге болады. Иона
Қүдайга жалбыранған соң, Қүдай оны қүтқарып алады.
Иона қайтадан Н иневияға барып Қ үдайды ң айтқанын
жеткізеді. Оның күткеніндей, түрғы ндар өз күнәларын
мойындап, ж аман жолдарынан таяды, ал Қүдай оларды
кешіріп, қала қираудан аман қалады. Иона осыған қатты
күйзеліп күйінеді, себебі ол кешірімділікті емес "әділдікті"
тілеген болатын.
Ақырында ол күннің сәулесінен қорғау үшін Қүдай оған
арнап әсірген ағашының көлеңкесіне барып орналасады.
Ал Қүдай ол ағаш ты кептіріп тастағанда, Иона кейіп,
Қүдайға шағымдана бастайды. С онда Қүдай: "Сен өзің
өсіріп еңбектенбеген өсімдікке аяуш ылық білдіріп отыр-
сың, ол бір түнде өсіп, бір түнде жойылды: Маган неге 120
мың оңы мен солын айыра алмайтын адамы мен көптеген
малы бар Ниневияны аямасқа?" Қүдайдың Ионаға берген
жаубын шартты түрде түсінуіміз керек. Қүдай Ионаға
махаббатың мәні "бір нәрсенің немесе біреудің осуі" үшін
қажетті "еңбек" дегенді білдіреді, ал махаббат пен еңбекті
бір-бірінен айырып қарауға болмайды.
Иона туралы аңызда махаббат жауапкершіліксіз бол
майды деген ой бар. Иона өзінің бауырларының өмірі үшін
ж ауапкерш ілікті сезінбейді. Каин сияқты ол да: "Мен
немене бауырыма күзетуші ме екем?" деуі мүмкін. Жауап-
керш ілік сырттан бекітілген міндет емес, бірақ маған
о ағы тталған тіл ек к е м енің ж ау аб ы м д ы мен өзімнің
қамқорлыгымдай сезінем. Ж ауап пен жауапкершіліктің
түбірі бірлігі тегін емес, яғни
respondere
"жауап беру" —
ж ау ап ты болу нем есе ж а у а п қ а дайы н б о л у дегенді
білдіреді.
Ананың махаббаты — енімді махаббатты ң ішіндегі
түсінуге қолайлыларының бірі; оның мәні қамқорлық пен
жауапкершілікте жатыр. Баланы бойында кәтеріп, дүниеге
келу процесінде ананың денесі бала үшін "жүмыс" істейді.
Ал бала дүниеге келген соң ана махаббаты оны өсіріп,
жеткізуге жүмсалады. Ананың махаббаты баланың оны
жақсы көру үшін орындауы қаж ет талаптарға тәуелді
емес, ана махаббатында тек баланың тілегі мен ананың
жауабы болады.
Ана махаббаты өнер мен дінде ең жогары махаббатың
елгісі екендігі таңданарлы қ нәрсе емес. Ежелгі еврей
424
сөзінде Қүдайдың адамға, адамның өзінің жақынына деген
махаббатын
гасһатіт
деген сөзбен білдіреді, ол сөздің
түбірі
гесһет
= ая.
Дегенмен біреудің екінш і біреуге деген ж еке-дара
махаббатына келсек, мүнда қамқорлық пен жауапкершілік
аса айқын сезілмейді, әдетте ғашық болу — болашақ махаб-
баттың тек басы ғана болганымен, махаббатың шарықтау
шегі деп есептеледі. Махаббат — сиқырлы күштердің нәти-
жесі, ол адамдарды өзіне тартады және біздің жағымыздан
ешқандай күш ж үмсамай-ақ туындайды деп есептейді.
Шындығында бүл ж ерде ешқандай сиқырлық жоқ, тек
адамның ж алғы зды ғы мен оның ж ы ны сты қ қанағат-
танбауы оны оңай ғашық болуға итермелейді, мүндай
ғашықтық қалай тез пайда болса, солай тез жойылады.
Бірақ махаббат кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның
өзінің сүю қабілетіне байланысты. Пәнге деген қызығу-
шылық оны қызықты еткені сияқты. Дегенмен салысты-
руы мы зға болады . А дамдар өздерінің тартымдылыгы
жайлы ойлаумен болса, ал тартымдылығының мәні олар-
дың сүю қабілетінен шығады. Өнімді махаббат басқа адам
ж айлы қам қорлы қты көрсетеді. Өмірі ж айлы ж ауап-
кершілік тек тіршілік етуімен гана байланысты болмай,
ж ан-ж ақты өсуі мен дамуына да қатысты болу керек.
Өнімді махаббат сүйікті адамның өміріне енжар қараумен
сай келмейді; ол оның дамуы үшін қамқорлық пен жауап-
кершілікті керек етеді.
"Барлық адамдар бірдей жаратылған" деген батыстың
моноатеистік әмбебап дінінің рухына, прогрессивті саяси
идеясына қарамастан, адамзатқа деген махаббат бәріне
ортақ сезім болып қалмады.
Адамзатқа деген махаббат ең ж оқ дегенде не бір адамға
деген махаббаттың ж алғасы ретінде, не тек болаш ақта
бекітілетін абстракті теория ретінде көрінеді. Дегенмен
адамға махаббат сүйікті адамға деген махаббаттан бөлін-
бейді. Сүйікті адамга арналган өнімді махаббатта бүкіл
ад ам зат ү р п ағы н а деген м ахабб ат ай қ а р а аш ы лады .
Ешкімге тауқыметін тартқызбаган біреуге деген махаббат
кездейсоқ, түрақсы з келіп, мүндай махаббат қаж етіне
қарай бос болады. Ересек адамга деген махаббат, сәби
дәрменсіз болғанды қтан, ананың махаббатынан бөлек
болады, ал біздің сүйетін адамымыз еш уақытта дәрменсіз
болмайды. Дегенмен мүндай айырмашылық аса маңызды,
абсолютті емес. Барлық адам баласы бір-біріне бірдей
м өлш ерде тәу ел д і ж ә н е бірдей м өлш ерде бір-бірінің
көмегіне зәру. Біртүтастық, өзара көмек — дара түлға
дамуының қажетті шарты.
425
Сонымен, қамқорлық пен жауапкершілік — махаббат-
тың бөлінбейтін қасиеттері, бірақ сүйген адамына деген
сыйластың,
оны толық әрі жақсы
білуге
үмтылмайынша,
махаббат адамға үстемдік етушіге айналып, өзіңе керек
за т қ а ие болған си яқты б олады . С ы й л асты қ — бүл
қорқы ны ш нем есе ы қы ласты а б ы р ж у емес, ол
(res-
рісеге
= заттарды көре білу қабілеті) сөзінің түбіріне сәйкес,
адамды қандай болса — сондай түрде өзінің даралығы мен
қайталанбайтындығына орай көре білуді білдіреді. Адамға
деген сыйластық оны білмейінше мүмкін емес; қамқорлық
пен жауапкершілік адамның жеке басының ерекшелігінен
білуге сүйенбесе, бос әурешілік болар еді.
Өнімді ойлаудың
мәнін түсіну үшін біз алдымен ақыл-
парасат пен пайымның айырмаш ылығын анықтауымыз
керек.
Пайым — бүл іс жүзіндегі міндеттерде жетуге арналған
адам баласының қүралы, ол заттардың білімді қажет ететін
аспектілеріне жетуде қолданылады. Мүнда мақсат немесе
“пайымдаушы" ойлау енген алғыш арттар күмән туғыз-
байды, Керісінше, өз-өзінен белгілі нәрсе ретінде қабыл-
данып, үтымды бейнеленген болуы немесе болмауы мүмкін.
Пайымның бүл ерекшілігі параноидты түлғаларда өзінін
бір шетімен көрінеді. Мысалы, оның
idee-fix
бойынша
барлык, адамдар оған қарсы қаскүнемдік жасаған тәрізді.
Қаншалықты ойсыз ж әне қисынсыз болса да, осы идея
м аңы нда топ тасқан осы ндай о й л ар оған аз да болса
пайымдаудың тән екенін көрсетеді. Өзінің елді жалықты-
ратын идеясын дәлелдеу үшін, ол өз байқауларын байла-
ныстырып, сенімді әрі даусыз болып көрінетін логикалық
ж о б а л а р қ ү р ай д ы . Оның и д ея лар ы н ы ң ақы л сы з әрі
қисы нсы з екенін д өлелдеу қи ы н ға соғады . Дегенмен
пайы мдауды қолд ан у аймағы осындай патологиялы қ
ж ағдайлармен шектелмейді. Біздің ойлау әрекетіміздін
аумақты бөлігі белгілі іс жүзіндегі нәтижелермен қажетіне
орай байланысты. Бағалау аймағы мен жасырын мақсат,
негіздеу аймағына енуді талап етпей, қүбылыстың нақты
табиғатын түсінуді қаж ет қылмайды.
Ақыл-парасатқа үшінші өлшем — тереңдік — заттар мен
қүбы лы стар мәніне ену тән. А қы л-парасат өмірдің іс
жүзіндегі мақсатынан айырылмағанымен (не туралы айтып
оты рғаны м ды кейін ірек көрсетем ін), ол осы кезеңде
атқарылатын әрекеттерді іске асыруға қажетті қүрал емес.
Оның қызметі тануда, түсінуде, үғынуда, заттар әлемімен
оларды аңғару арқылы өзінің арақатынасын белгілеуде.
заттар тереңдігіне олардың мәнін, жасырын қарым-
қаты насы н ж ә н е "дүниеге к ел у себеп терінің " терен
426
мағынасын түсіну үшін бойлайды. Егер осылай деп айтуға
болаты н болса, ол екі өлш емді емес, бірақ Ницш е
терминологиясы мен "перспективті" түрде қолдана отырып,
ол тек іс ж ү зін д е ғана маңызды емес, барлык, мүмкін
болатын перспективаларды ж әне өлшемдерді ж аулап
алады. Заттардың мәнін аңғару дегеніміз ерекше бір нәр-
сені заттардың “артында" немесе "үстінде" түрғандарды
аңғаруды білдірмейді. Бірақ олардын бойындағы мағыналы
әмбебап қүбылыстардың ортақ қасиеттерін және олардың
үстіртін, кездейсоқ көрінулерінен тыс қүбы лы старды
үғыну дегенді білдіреді. Біз енді өнімді ойлаудың айрықша
ерекш еліктерін е өтуім ізге болады . Өнімді ойлауды ң
субъектісі өз ойлауының объектісіне немқүрайды емес,
онымен белгілі қаты наста болады. Объекті талғаусыз,
өмірсіз, өз әміріне бөтен, субъектінің енуіне мүмкін емес
нәрсе сияқты қабылданбайды; керісінше, субъект жоғары
деңгейде объектіге қызығушылығын білдіреді ж әне бүл
қатынас неғүрлым терең болған сайын ойлау да жемісті
болады . С у б ъ ек тін ің о б ъ ектіге осы қаты н асы оның
ойлауын ынталандырады. Адам болсын немесе басқа бір
нәрсе болсын, ойлау объектісі болу үшін, алдымен, қызығу-
шылық объектісі болу керек, яғни субъектінің өміріне
тигізетін бір әсері болғаны ж ен немесе оны экзистенция
дейміз.
Ж ас Буддаға өлі адамды, ауру адамды жэне кәрі адам
ды көруге мүмкіншілік туған кезде, ол адам тағдырынан
асып ешқайда бармайтынына қатты қынжылды. Бүл оны
адам тағдыры туралы ойлануға мәжбүр етті, ақырында
ол өмір табиғаты жэне адамды қүтқару жолдары туралы
ілім жасады. Эрине, оньщ “жауабы" іске асатын жалғыз
ж ағдай емес. Қазіргі дәрігер, мысалы, үқсас ж ағдайда
өлімді, ауруды, кәрілікті қалай жеңу туралы ойланар еді,
бірак, оның ой тізбегі объектіні көрумен айқындалушы еді.
Адам пікірі өнімді ойлау процесі кезінде оның затқа
деген қызығушылығымен анықталады; ол аландап, қаре-
кеттенеді ж әне өз уайымына қүлақ түреді. Бірақ өнімді
ойлау затпен байланыста болғанда объективтілік арқылы,
затты қалай көргісі келетіндігімен емес, оны шынайы түрде
көру қабілеті арқылы сипатталады. Субъективтілік пен
объективтілік арасындағы бүл шекара тек өнімді ойлануды
ғана емес, сонымен бірге бүтіндей өнімділікті сипаттайды.
Бірақ объективтілік бақы лаудағы затты белгілі бір
деңгейде бағалағанда ғана, яғни егер біз заттың теңдессіз
ж әне өзара байланысы жағынан қарастырған кезде ғана
болады. Берілген жағдайдағы сыйластық мағынасының
махаббат мәселесіне байланысты айтылған сыйластықтан
427
ешқандай айырмашылығы жоқ; егер мен болашақта бір
нәрсені түсінгім келсе, мен бұл нәрсенің өз табигатына сай
қалай өмір сүретінін көре алатын күйде болуым керек; егер
бүл кез келген ойлау объектісі байланысында дүрыс болса,
онда бүл жерде адам табиғатын меңгерудегі өзіндік мәселе
жатыр.
Тірілер сонымен бірге тірі емес объектілер туралы
өнімді ойлау объективтілігінің б асқа аспектісі — бүл
қүбылысты бүтіндей қабы лдау қабілеті. Егер байқаушы
затты ң сол нем есе б асқа қ аси еттер ін оқш ау, затпен
біртүтас байланысынан тыс қарастырса, ол бір қасиетін де
дүры с түсіне алм айды .
Верт геймер
бүл сәтті, өнімді
ойлаудың маңызды элементі ретінде бөліп алып қарады.
"Өнімді процестер, — деп ж азды ол, — ереж е сияқты,
мына қасиеттерге ие: нағыз, шынайы түсінік ықыласы
пайда болған жерде сүрап білу ж әне зерттеу басталады.
Зерттелетін шынайы өмірдің белгілі бір үзіндісі орталық
н аза р д а болады , н аза р си қ ы р ы н а түседі, бірақ бүл
оқш ауланады дегенді білдірмейді. Біртіндеп қызметтік
мағынаның өзгеруіне, ж еке элементтер мен топтардың
бірігу тәсіліне негізделген бүтіндей қүбы лы сты ж аңа
тереңірек қүрылымды түрде көрініс жетіле бастайды. Бүл
әрі қарай өсиетті болжамға әкеледі, басқа қүрылымдық
қүрамдар тәрізді — тура немесе ж анам а верфикацияны
қаж ет етеді. Верификация процесі екі бағытта жүреді:
бүтін өзара байланыстағы сурет ж асау ж әне бүл бүтіндікті
қ үрауға қандай қүрылымдық қүрам алар қ аж ет екенін
түсіну".
Объективтілік затты берілген күйде ғана емес, сонымен
бірге мәселені бақы лау объектісіне белгілі байланыста
түрған субъектіні өзін байқаушы ретінде көретін констел
ляция түрінде қарастыруды талап етеді. Сонда өнімді ойлау
объект табиғатымен бірге субъект табиғатымен де анық-
талады. Бүл екі түрлі детерминация жалған субъект тілекке
қарама-қарсы объективтілікке әкеледі. Бірақ объективтілік
үнемі, дүрыс емес ғылыми объективтілікте көрсетілгендей,
қызығушылық пен қатысуш ылықтың жоқтығын білдір-
мейді. Егер осыншама қиын тапсырманы орындауға түрткі
болатын шынайы қызығушылық болмаса, қүбылыстын
терең себептеріне ж әне өзара байланысына қалай терең
бойлау керек? Адам қызығушылығына қатыссыз зерттеу
мақсатын қалай анықтап, қүрасты руға болады? Объек-
тивтілік тартымдылықты білдіреді, бірақ белгілі байла
нысты, яғни затты, адамдарды, өзін бүрмалау дағдысы.
Қызығушылық субъективті фактор ретінде қалаған нәти-
жесін алу үшін ойлауды бүрмалау беталасы дегенді білдіре
428
ме? Ж еке қы зы ғуш ы лы қты ң ж етіспеуі шын мәніндегі
ғылыми зерттеудің шарты болып табылмай ма? Ж оқ, бүл
пікір қате. Ойлаушының қызығушылығынан туындамаған
қандай да болсын үлкен жаңалықтар аз ғана орын алады.
Шын мәнінде қы зығуш ылық пен бағытталмаған ойлау
мақсатсыз ж әне нәтиж есіз болады. Мәселе қызығушы-
лықтың барында немесе жоғында емес, мәселе оның қан-
дай қы зығуш ылық ж ән е ақиқатқа қандай қатысы бар
екендігінде. Қандай болсын өнімді ойлау қадағалаушының
қызығушылығынан туады. Қызығушылық идеяны бүрма-
ламайды, тек ақиқатп ен , қадағалауш ы ны объектілер
табиғатын меңгерумен сәйкес келмейтін қызығушылықтар
идеяны бүрмалайды.
Пайымдау шығармашылық икемділік, өнімділік адамның
туа біткен қ абілеті болы п табы лады , ол адам ж ар а-
тылысынан жалқау және оны қызметке зорлықпен мәжбүр
етеді деген идеяға қарсы түрады . Бүл идея өте көне
идеялардың бірі. Бір кезде Моисей еврейлерді "Шөл далада
Қүдайға қызмет етуге рүқсат ет" деп фараоннан сүрады,
оның Моисейге берген ж ауабы "Сендер ойын-сауыққа
қүмарсыңдар" болды. Ф араон үшін қүлдарды ң еңбегі
заттарды өндіру дегенді білдірді, ал Қүдайға қызмет ету
жалқаулық деп бағаланды. Бүл идеяны басқа адамның еңбегі
арқасында байыған және өзі үшін пайда алмаған, қызметтен
пайда көрмеген адамдар қабылдаған. Біздің мәдениет кері
мағынаны көрсетеді. Соңғы бірнеше ғасырда батыс адамы
үнемі белсенділікті қажет ететін еңбек идеясын үстанған.
Ол аз уақытқа да жүмыссыз қала алмайды. Бірақ бүл тек
қарама-қарсылық сияқты болып көрінеді. Ж алқаулық және
мәжбүрлі белсенділік — қарама-қарсылық емес, ол адамның
дүрыс қалыптасуының екі белгісі. Невротикалық түлғадан
басты белгі ретінде жүмыс істеу қабілетсіздігін жиі табамыз;
аталған басқары луш ы дан біз м әж б үрсіз қ у а н у ж ән е
демалуға қабілетсіздікті байқаймыз. Мәжбүрлі белсенділж —
жалқаулыққа қарама-қарсы емес, оған толықтыру. Екеуі-
нің де қарам а-қарсы лы ғы ш ығармаш ылық қызметтегі
өнімділік болып табылады.
Мөлшерден ауытқу не қызметсіздік, не шамадан тыс
белсенділік нәтижесі болып табылады. Аштық және күш
еш қаш ан өнімді белсенділіктің шарты бола алмайды,
Керісінше, бостандық және экономикалық кепілдік, сондай-
ақ еңбек, адам қ абілетін ің мағы налы үлкен көрінуі,
қоғамдық үйым — барлы қ осы ф акторлар адамның өз
мүмкіншілігін іске асыруға, табиғи үмтылуына жағдай
жасайды. Өнімді белсенділік іс-әрекет пен демалыстың
ы рғақты ауысымымен сипатталады . Егер адам қ аж ет
429
жағдайда сабырлы болса ж әне өз-өзімен келісімде болса
ғана өнімді жүмыс, махаббат, ойлау мүмкін болады. Өзін-
өзі тыңдау қабілеті — өзгелерді тыңдай білудің алғышарты;
өзін өз үйінде отырғандай сезіну — басқалармен қажетті
байланыс шарты.
Өлеуметтену процесіндегі бағдарлану
Бүл тараудың басында көрсетілгендей, өмірдегі процес
тер сыртқы әлемге деген екі түрлі қатынасты білдіреді-.
ассимиляция және социализация. Біріншісін біз осы тарауда
жете талқыладық. Екіншісі "Бегство от свободы"
("Бостан-
дықтан қашу") еңбегінде ж ете баяндалады, сондықтан мен
осы тарауда қысқаша негізгіні қайталаймын.
Біз келесі түлғааралық қатынас түрлерін бөліп қарай-
мыз: симбиотикальщ
қатынас; жатырқауиіылық және бүліяу
;
махаббат.
С имбиотикальщ қаты нас кезінде адам басңалармен
байланысты, бірақ немесе бостандықты мүлдем жоғалтады
немесе ешқашан оған жетпейді. Басқа адамның жартысы
бола отырып, ол жалғыздық қауіпсіздігінен қашады, басқа
түлға оны “жүтады" немесе ол өзі "жүтылады". Біріншісі
клиникалык, мазохизм ретінде суреттелетін мазохизм қүбы-
лысының мәні. Мазохизм — өзінің жекедаралығынан арылу
әрекеті, бостанды қтан қашып, басқа адамм ен қосылу
арқылы өзін қауіпсіз сезіну. Мүндай тәуелділіктің форма-
лары әр түрлі. Олар қүрбандық, борыш, махаббат тәрізді
түрліше бола алады, әсіресе өмірде бар мәдени үлгілер
түрліліктің әр түрін өздеріне заңдастыра алады.
Деструктивтілік — бүл жатырқауш ылықтың белсенді
формасы; басқаның түлғасына нүқсан келтіру қажеттілігі
сол адамның талқан дауы н ан қо р қу д ан пайда болады.
Өйткені ж аты рқауш ы лы қ ж әне деструктивтілік — бір
типті қатынастың енж ар ж әне белсенді формасы, олар
көбінесе әр тү р л і пропорцияда сәйкес келеді. Алайда
оларды ң айы рмаш ы лы қтары сим биотикалы қ қатынас-
тардың белсенді ж әне енж ар формаларымен
сал ы ст ы р -
ғанда мәндірек.
Деструктивтілік — бүл жаты рқауш ылы ққа қарағанда
өнш діліктщ өте күшті ж ән е аса ж алп ы лай қамтитын
к едер гіл ер д ің н әт и ж е л ер і. Бүл өм ірге талпы ны сты ң
бүзылған формасы; бүл "сүріп болмаған" өмір энергиясы,
ланадьт"1 ӨМ*РЛ' талк>анДау энергиясына трансформация-
Махаббат —- адамның өз-өзіне ж әне өзгелерге
қатына-
сының өнімді формасы. Ол ж ауапкерш ілікті,
қ а м қ о р -
лықты, сыйлауды, өзгені білуді және ол адамның өсуі мен
дамуына мүмкіндік ж асауға талпынуды болжайды. Бұл
түлғалы қ түтасты ғы өзгеріссіз қалуы ш артты болған
жағдайдағы екі адам арасындағы жақындықтың байқалуы.
Ж оғарыда көрсетілгеннен мынадай қорытынды шыға-
руға болады: сәйкесінше ассимиляция және әлеуметтену
процестеріндегі бағдарланудың әр түрлі формалары ара
сында нақты жақындық байқалуы қажет. Мүндай жақын-
дықтың бейнесін менің үсынған кестемнен көруге бола
ды.
Ассимиляция
Әлеуметтену
I.
Өнімсіз бағдарлану
симбиоз
жатырқаушылық
а) Рецептивті..........Мазохистік
(иемденуші).........(тәуелді)
ә) Қанаушы............. Садистік
(алушы)................ (авторитарлы)
б) Ж инақтауш ы .... Деструктивті
(сақтаушы) ..........(көрсеқызарлық)
в) Н ары қты қ........... Немқүрайдылық
(алмастырушы).... (сыртқы сүйкімділік)_1
II.
Өнімді бағдарлану
Өндіруш і................. Сүйетін, ақылды.
Мүнда тек бірнеше ескерту ғана жасау қажет. Жинақ-
таушы типтегі бағдарланумен салыстырғанда рецептивті
және эксплуататорлық типтер түлғааралық қатынастың
мүлде& Достарыңызбен бөлісу: |