«М әдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет2/43
Дата03.04.2017
өлшемі17,69 Mb.
#11051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

12

ж аңа  қоғам  қү р у   арқылы  ғана дамиды"  деген  заманындағы 

прогресшіл  бағытты  үстанған.

Осылайш а  қазіргі  психоанализде  түлға  әр   түрлі  ағым- 

дардың,  елігу  мен  табуларды ң,  қарсы ласу  мен  қорғаны с 

м еханизм дерінің  арасы ндағы   к ү рестер д ің   д и н ам и к ал ы қ  

бейнесі  ретінде  қарасты ры лады .

Н еофрейдистік  түрғыларды  психоанализ  немесе  психо- 

аналитикалы қ  психотерапия  деп,  тар  м ағы нада  түсінбеу 

керек.  П сихоаналитикалы қ  әр  түрлі  түж ы ры м дам аларды  

к ез  к ел ген   п с и х о л о ги я л ы қ   к ө м ек   к ө р с е т у   б ар ы сы н д а, 

мысалы,  ақпарат  беру,  оқыту,  қайта үйрету,  ж үйелі  өзгеру 

сияқты  ж ағдайларда  ж ән е  психоконсультация  барысында 

қ олд ануға  болады.

П сихоанализде  небір  қүнды   түж ы ры м дам алар  аз  емес. 

Олар  кейінгі  психологиялық  түрғыларға,  теорияларға  негіз 

б ол у ы   да  әб д ен   м үм кін.  Д егенм ен,  п с и х а н а л и т и к а л ы қ  

түж ырымдамаларға  көзқарасымыз  қандай  болса  да,  психо­

логия  ғылымында  ф рейдистік  ж ә н е   неоф рейдистік  ілім- 

дердей  әл д еқай д а  біртүтас,  бірізді,  ти ян ақ ты   қүры лған , 

тәж ірибеде  іске  асқан  теорияны ң  ж оқты ң  қасы   екендігін 

ескеруіміз  керек.  Оған  қоса  осы  уақы тқа  дейін  психоана- 

л и т и к а л ы қ   т ү ж ы р ы м д а м а л а р д а н   бөгде,  адам ды ,  оны ң 

түлғалы қ  ерекш еліктерін  ж ә н е   қүры лы м ы н  білуге,  түсі- 

нуге,  түзетуге  бағытталған  терең  зерттеулер  мен  мүмкін- 

діктер  ж оқты ғы н  да  мойындауға  тиіспіз.

З.Фрейдтің де,  постфрейдистердің де  қайсысының  болсын 

еңбектерінде  ақыл-ойдың  терең  ж үмы сы   көрінеді,  оларда 

көрнекі,  айқын  аңғарылатын  түстар  назарға  іліге  қоймайды. 

Сондықтан  психоанализге  үстірт  қарап,  кітапты  жеңіл-желпі 

қарап  шығуға  ғана  шамасы  бар  адам  тым  қателескен  болар 

еді. Басқаша айтсақ,  психоаналитикалық теорияларды шольш 

ш ы ғу  мүм кін  емес,  оны   ти я н ақ т ы   тү рд е,  бір  ең б ек тен  

екіншісіне  үзіліссіз  өтіп  оқу  керек,  үғыну  қажет.

Қ ал ы ң   қ а з а қ   оқ ы р м ан д ар ы н а  кеш ігіп  ж е т с е   де,  бүл 

психоаналитикалық  түжырымдамалардың  бүгінгі  таңда  аса 

өзекті  болып,  мән-маңызының  арта  түсері  даусыз.  Сонымен 

қатар  республиканың  ж оғары  білім  беру  жүйесіндегі  қазақ 

тіліндегі  әдебиеттердің  күн  өткен  сайын  тапш ылығы  аса 

сезіліп,  төл  тілдегі  ғылыми  ақ п ар ат т ар ға   зә р у л ік   арты п 

отырған  шақта,  есімдері  әлемге  әйгілі  психоаналитиктердің 

еңбектеріне  ж асалған  түңғыш   аударма  пайдаға  асар  деген 

үміттеміз.



1  з

ЗИГМУНД ФРЕЙД 

(

1836— 1939)



Моравияның  Фрейбург  к,аласында,  саудагерлер  отбасында  дүниеге 

келген.  Кейін антисемитизм  өршіп кеткендіктен,  Фрейдтер  отбасы  Венага 

қоныс тебеді. З.Фрейдтің гимназияға оқуға түсіп,  білім алуына  әкесі ықпал 

етеді. Сол кезден-ақ оның жаратылыстануға қызығушылығы артып, Ч.Дарвин 

іліміне  аса  ден  ңояды.  Оңу-білімге  зейіні  барынша  ауған  Фрейд  өзінің 

болаіпақта ғылым жольмен кету шешімін жас кезінде-ақ қабылдаған көрінеді. 

Ол  17  жасында  Вена  университетінің медицина  факультетіне  оқуға  түсіп, 

физиология саласы бойынша мамандануға бел байлаған.  З.Фрейдтін, ғалым 

ретінде  қалыптасуына  заманындағы  ірі  физиолог  Эрнст  Брюкке  орасан 

ықпал  еткен.  1876— 1882  жылдары  Брюккенің  жетекшілігімен  жүзеге 

асырған  зерттеулері  қазіргі  неврологияның  басты  ілімдеріне  негіз  болып 

табылады. Сонымен ңатар ол жүйке тканьдерін микроскопиялық зерттеуге 

мүмкіндік беретін ерекше тәсіл үсынған.  Осыған  орай,  Фрейд 21 жасында 

алғашқы  ғылыми  еңбегіи  жариялаған.  1881  жылы  ол  медицина  бойынша 

ғылыми  дәреже  алған,  Фрейд  қаржы  тапшылығына  байланысты  1882 

жылы Брюккенің психологиялық зертханасынан кегіп, Венадағы бас госгмгальда 

австриялық танымал психиатр және невропатолог Теодор Мейнерттің қарама- 

ғында 1885 жылға дейін дәрігерлік кызмет атқарады. Фрейдтің клиникалық 

іс-эрекеті  1983  жылы  невропатологиядан  Вена  университетінде  приват- 

доцент  ңызметінде  дәріс  оқуға  мүмкіндік  береді.  Дарынды  жас  ғалым, 

дәрігер  1985  жылы  Парижде  Ж.Шарко клиникасында бес  айдай  жүмыс 

істеу мүмкіндігіне ие болады.  Мүнда ол истерия  феномені жайлы алғашқы 

тусінік алып,  оны зерттеуге барынша ден қояды.

1886  жьиы  З.Ф рейд  Венада  жүике  бүзылуларын  емдейтін  дәрігер 

ретінде орналасып, ғылыми зерттеулермен ңатар,  тәжірибелік жүмыстар да 

атңарады.  Осы кездерде ол отбасын қүрайды. Фрейд 1886— 1891 жылдары 

өзінің жеке  тәжірибесін  негіздеп,  сипаттаған  шагын  ғылыми  очерктер  мен 

мақалалар да  жазады.  Ол  өзінің  бастапқы  іс-тәжірибесіне  И.Бернгеймнің 

гипноздық иландыру  және  И.Брейердің сөзбен  емдеу,  катарсис  әдістерін 

қолдану идеясын тірек еткен екен.  Кейін  Фрейд есірікті  емдеуде гипнозбен 

ңоса, трансфер және еркін ассоциацияларды талдау әдістерін кеңілеп қолданды.

3 . Ф рей д  1 8 9 6 — 1902  жылдары  психоаналитикалық  түжы- 

рымдамаларын жасайды. Ол есірікті емдеуде бүрын ңолданған әдістермен 

қоса,  психоанализді  жан  күйзелістері  мен  невротикалық  жағдайлардың 

себептерін анықтау мақсатында ңолдануға бел байлайды. Алайда бүрынғы 

эдістердің  бірде-бірі  ойдағыдай  нәтиже  бере  алмаған.  Осыдан  Фрейд 

өзінің көрген  түстерін  жоруға  кіріседі  де,  оның  нәтижелерін  1900  жылы 

басылып шыққан  Т  үс жору  (ТЪе Interpretation o f Dreams)  атты кітабында 

баяндайды.  Әдетте  Фрейдтің  есімімен  тікелей  байланысты  айтылатын 

пансексуализм мүлде байқалмайтын осынау бір классикалық, ең бір кемелді 

еңбекті өзі де аса жоғары бағалаған.  Ол көрген түстің “сценарийін” үйықтап 

жатып  көрген  бейне-символ дар  арңылы  қанағаттандырылатын  жасырын

14

ниет-тілектердің  көрінісі  деп  қарастырады.  Осы  үйқы  кезінде  көрген 

бейнелердін символикалары жайлы өзі тағайындаған болжамдар негізінде 

Фрейд  түс  жоруды  іске  асырады.  Түске,  оны  жоруға  қатысты  Фрейд 

еңбектерінде осы бейнелерді жасаудың тәсіддері сипатталады.  Осы орайда 

аспандап  үшу,  биіктен  күлау,  су,  өткір  заттар,  түскен  тіс  және  т.с.с.  —  

эркім  үшін  әмбебап  мағынаға  ие  символдар  деп  пайымдалады.  Фрейд 

түсте  көрген  бейнелерді  аффектілердің  сейілуі  ретінде  түсіндіреді.  Оның 

пікірінше,  ңуат көзі бейсаналыңта,  ңорқыныиітан туындайтын аффектілерде, 

қүштарлықта және басңа да ығыстырылған жан күйзелістерінде жасырынған.

1902— 1903  жылдары  З.Ф рей д  төңірегіне  шәкірттері  мен  пікірлес, 

ниеттес дәрігерлер,  психотерапевтер,  психиатрлар шоғырланып,  фрейдистік 

ңозғалыс  қарқынды  түрде  дамиды.  Осы  кездері  Фрейдтің  талай  келелі 

еңбектері  жарық  көреді.  Олар  —   “Күнделікті  өмір  психопатологиясы” 

(1904),  “Тапкырлық және оның бейсанаға қатысы”  (1905),  “Сексуалдылың 

теориясы бойынша үш очерк”  (1905).  Осылардың ішінде оның  “Күнделікті 

өмір психопатологиясы”  (Psychopathology o f Everyday Life) атты еңбегінде 

күнделікті  өмірдегі  мінез-қүлық,  жүріс-түрысңа  саналы  түрде  аңғарыла 

бермейтін  мотивтердің  әсері  жайлы  идеялары  осы  кездегі  психология, 

психотерапия салаларында жиі ңолданылады.  Әр түрлі дүрыс емес, бүрма- 

ланған  әрекеттер,  адам  есімдерінен  жаңылу,  үмыту,  бір  нәрселердің 

байңаусыэда  ауыздан  шығып  кетуі,  жазуда  кеткен  қателіктер  әдетте  есте 

сақтаудың нашарлығы,  кездейсоқтық ретінде қарастырылады.  Ал  Фрейд 

бойынша,  бүлар  арқылы  жасырын  мотивтер  бой  көрсетіп  қалады.  Сонда 

фрейдистік  түрғы  адамның  психикалық  реакцияларына  ешқашан 

кездейсоқтык тэн болмайтынын түсіндіреді.  Фрейдтің пікірінше, себептерді 

субъект саналы  аңғара  алмайды,  олар жасырын  болады.

1906  жылдары швейцариялық  К.Г.Юнг  пен  Э.Блейер  психоанализге 

ңызығушылың танытып,  ақырында  1908  жылы  Вена  психоаналитикалың 

ңоғамы  ңүрылады.  Осы  кезде  К.Г.Юнг  Цюрихте  Ф рейд  ңоғамын 

үйымдастырады.  Фрейдизмнің барынша танымал болғандығы сонша,  1908 

жылы  Зальцбургте  бірінші,  ал  1910  жылы  Нюрнбергте  екінші  конгресс 

өткізілген.  1909 жылы З.Ф рей д пен  К.Г.Юнг АҢШ -ңа психоанализден 

дәріс оқуға шақырылады.  Осылайша психоанализ дүниежүзілік деңгейде 

таралып, АКШ-да, Германияда, Англияда, Францияда, Италияда, Швецияда 

және  басңа  да  көптеген  мемлекеттерде  психоаналитикалық  қоғамдар 

ңүрылады, журналдар шығарылады.  Енді Фрейд Халықаралық психоана- 

литикалық қоғам үйымдастырып, оның президенті  Юнг болып сайланады.

1911— 1913 жылдар аралығында ғылыми үстанымдарын тоңайластыра 

алмағандықтан,  Фрейдтен  Юнг  пен  Адлер  бөлініп  шығып,  өздерінің 

психотерапиялық  мектептерін  қүрайды.  Олар  кейіннен  сәйкесінше 

аналитикалың психология және жеке-даралылық психологиясы деп аталады. 

К.Г.Юнг  пен  А.Адлерден  басңа  да  талай  психоаналитиктер  Фрейдтің 

сексуалдық  инстинктгі  ңүдіретті  күш  деп  санайтын  догмалың  қағидасы 

үшін  одан  кетісіп  тынған-ды.

О сы ндай  жайттар  ж әне  өмір  ағымы  кейін  З .Ф р е й д т і  өз 

түжырымдамаларына түзетулер енгізуіне мәжбүр етеді. Бірінші дүниежүзілік 

соғыс зардабынсш неврозға үшыраған сарбаздар мен офицерлерді түс жору

15

арқылы психикалың сауықтыру мүмкін болмай ңалады.  Психоаналитикалың 

георияның одан әрі дамуы, саралануы нәтижесінде Фрейд ілімдері әдеттегі 

медициналың-биологияльщ  түжырымдамалар  аясынан  шығып,  түлга 

қүрылымдарына,  моделіне қатысты  небір тың ойларды өрбітеді.  Ол  өзінің 

“Канағаттану  қағидасының арғы жағында”  (Beyond the Pleasure Principle), 

“Мен  және  Ол”  (The  Ego  and  the  Id )  атты  еңбектерінде  түлғаньщ 

психоаналитикалық теориясын одан әрі қарай дамытады;  адам іс-әрекетінің 

түрткісі ретіиде елігу теориясын ңалыптастырады.

З.Фрейдтің асқан  батыл  ойлары  1920  жылы  жарық  көрген  “Канағаттану 

ңағидасьпшің арғы жағында”  еңбегінде шыркэу шыңьша  жеткен.  Онда Фрейд 

психикалың іс-әрекеггің esd і^иадасы: кднаиггану (рахаггану) кэғидасы мен реалдылық 

қағидасы  жайлы  ілімін  дәйектейді.  Фрейд  барльің  психикалық  процестер 

бағынышты болатьи жоғары феноменді ңанағаттаиу кағидасымен түсіндіреді. Ал 

шынайылың қағидасы қажет болғаңда рахатган бас тарпып, кэнағатшылың таньпуға 

мәжбүр етед). Осылайша үлы ғалым адам гкихикасының табиғаты мен генезисіндеп 

биологиялың және әлеуметтік жаі^гардың беталыстарын ажыратып көрсегеді.

1923  жылы  жазылған  “Мен  және  Ол”  маңаласында  психоанализдің 

негізгі постулаты,  жоғары жүйке жүйесіндегі иерархиялық қүрылым жайлы 

идея, адам психикасының қүраушылары жайлы түжырымдамалар келтірілген. 

З.Фрейдтің аталмыш еңбегінде тұлға қүрылымындагы бейсаналың әрекеттерге 

ңатысты түсінік берілген.  Психоанализде бейсаналың  үғымы  арңылы  адам 

өмірінің небір  күрделі  де  ңаңтығысты,  дағдарысты  жаңтары  сипатталады. 

Сондықтан  адамды  іштен  баурап  алып,  бейсана  қылықтар  гкағына 

ығыстырылған, түс көру, сандырақтау, ырыңсыз ңозғалу, бір оиларды аңғармай 

акгып қалу сияқты ңүбылысгарды зертгеу —  психоанализдің басты міндетгері. 

Мүнда түлғаньщ психикалық моделі Ол  (ңд),  Мен  ( эго) және жоғары-Мен 

(супер-эго) терминдері арқылы аныңталатын взара қдқтығыстың жағдайда 

болатын қүрауіиылармен тағайындалады. ИдтіФрейд рахатгану қағидасына 

ғана  тәуелді,  ңарапайым  инстинктивті-эмоциялық  инстанция  дегі  береді. 

Э г°  —   реалдыльщ  ңағидасы  бойынша  ортаға  бейімделу  механизмдерін 

жасаушы,  идтің талаптарына  бақылау  жүргізуші  инстанция.  Ал  супер-Эго 

морал ьдық-этикалың  сезімдердің  негізі  болып  табылады.  З.Ф рейд  осы 

психоаналитикалык, түжырымдамалар арқылы психология мен психотерапия 

және психиатрияда “үлы төңкеріс”  жасады.

1933  жылы  осы  кезде  фашистердің  З.Фрейдтің  кітаптарын  жоюы 

оның  Аондонға  қоныс  аударуына  себепші  болады.  Ауыр  науңасқа 

шалдығып,  ауру  әбден  меңдеп  кетсе  де,  осы  кезде  З.Ф рейд  өзінің 

пснхоаналитикалық түжырымдамаларын одан әрі ұштай береді.  Ол психо­

анализу көркемсурет, дін, юмор, аңыздар, әдебиет, тарих сияңты мәдениеттің 

сан алуан салаларында ңолданған.  Осыған орай ғалымның “Психонализден 

Ч а   ю р ісп ш   лекциялар  (N ew  Introductory Lectures  on  Psychoanalysis, 

1933),  Автобиографиялык.  зертгеу”  (A n  Autobiographical Study,  1935),

Ісихонализ очеркі  (An  Outline o f Psychoanalysis,  1938),  “Моисей және 

монотеизм  (M oses and Monotheism,  1939) атты  еңбектері  дүние  жүзіне 

таралып,  танымал болады.  З.Фрейдтің іргелі еңбектерін жазуына қатерлі 

ауру мен оған 39 рет операция жасатуы да кедергі болмағандай. Науқасы 

әбден  меңдеген З.Ф рейд 83  жасында Англияда дүниеден  ңайтады.

16

ТҮС КӨРУ ТУР АЛЫ*

I

Ғылымның  дам уы на  дейінгі  зам ан да  ад ам д ар  көрген 

түстерін  түсіндіруде  ешбір  қиналм аған.  О янған  соң,  оны 

ж оғары дан  әзәзіл   немесе  қүды ретті  күш тердің  ж іберген 

ж ақсы   н е  ж ам ан  ныш аны  ретінде  қарап,  еске  алған.  Ал 

ж араты лы стану  ғылымдарының  дамуы  арқасы нда  барлы қ 

үш қы р  ойлы   м иф ологи я  психологияға  айналды .  Қ азіргі 

кезд е  сау атты ,  білімді  ад ам д ар д ы ң   б іразы   ған а  психи- 

калы қ  іс-әрекетті  көрген  түспен  бай л ан ы сты ру ға  күм ән 

келтіреді.

Д еген м ен   түс  ж а й л ы   м и ф о л о г и я л ы қ   б о л ж а м д а р д ы  

ж о қ қ а   ш ы ғар у   ал д ы м ен   оны   тү сін д ір у д і  қ а ж е т   етеді. 

Түстің  пайда  болу  шарттары,  түстердің  сергек  кездегі  жан- 

дүниеге  қатысы,  олардың  үйқы   кезіндегі  сыртқы  тітіркен- 

діргіштерге  тәуелділігі,  түс  мазмүнының  сергек  санаға  ж ат  

б о л аты н   к ө п т еген   о ға ш т ы қ т а р ы ,  о н ы ң   б е й н е л е р і  м ен 

онымен  байланысты  аф ф ектілердің  өзара  сәйкес  келмеуі, 

түстегі  оқиғаларды ң  тез  алм асуы   мен  оларды   ығыстыру, 

б ү р м ал а у   тәсілд ер і  ж ә н е   тіпті  оян ған   к езд е  түстің  тез 

үмытылып  қалуы   —  міне,  осы  ж ән е  басқа  м әселелердің 

бәрі  ж үздеген  ж ы лдар  бойы  қан ағаттанарлы қтай  шешім 

таппай  отыр.  Бірінші  кезекте  түстің  мән-мағынасы  ж айлы  

сүрақ  түр.  Бүл  сүрақтың  мағынасы  екі  ж ақты :  біріншіден, 

түстің  психикалық  мазмүнын,  маңызын  ж ән е  оның  басқа 

да  ж ан  қуаттары м ен  байланысын,  биологиялы қ  қызметін 

анықтау  керек;  екіншіден,  түсті  ж ору  мүмкіндіктері,  оның 

мазмүнындағы  әрбір  элементтің  қандай  да  "мағынаға"  ие 

болаты ндары ,  ол ард ы   б асқа  п си х и к алы қ   әрек еттер м ен  

байланы сты руды ң  ертеден  келе  ж атқ ан   әдеттері  сияқты 

ж айттарды   білген  жөн.

Түс  көруді  бағалауда  үш   бағытты  пайымдауға  болады. 

О ларды ң  бірі  —  бүры н  басым  болған,  түс  көруді  асыра 

б ағал ау д ы ң   ж аң ғы р ы ғы   болы п  табы латы н  бағыт;  тіпті 

кейбір  философ тарды ң  үстанымында  түс  көру  ж ан   дүние 

дамуындағы  ж оғары   саты  ретінде  алынып,  оның  негізіне 

ж ан   д ү н и ед егі  ә р е к е тт ің   ерекш е  күйі  қарасты ры лады . 

Мысалы,  Ш уберт  түс  көруді  ж ан  дүниенің  сыртқы  табиғат

'Фрейд 3.  Психология  бессознательного:  Сб.  произведений  /   Сост., 

науч.  ред.,  авт.  вступ.  ст.  М.Г.Ярошевский.  М.:  Просвещение,  1989, 

с.310—343.

2—1530

17


устемдігінен,  қ о р ш аған   о рта  ы қ п ал ы н ан   б о сан у ы   деп 

пайымдайды.  Басқа  ойш ылдар  аса  алы сқа  бармай,  терең 

бойламастан,  түс көру  күні бойы  еркін шығарылмаган  жан- 

дүниені  кернеген  күш терден,  п си хи к алы қ   қ о зу л а р д а н  

туындайды  деген  пікірді  үстанады   (түстегі  ф ан тази я   — 

Ш ернер  Ф олькельт).  Б ақы л ау ш ы л ар д ы ң   ар асы н д а  түс 

көруге  кейбір  саладағы,  м әселен  ес  аясы ндағы,  ерекш е 

өрбіген  іс-әрекетке  қабілеттілікті  таңаты ндары   да  бар.

Көпшілік  дәрігер-авторлар  бүл  пікірге  қарам а-қарсы , 

басқа  көзқарастарды   үстанады .  О ларды ң  пікірінш е,  түс 

көруді психикалық көрініс деп атап,  қарастыру  дүрыс  емес, 

түске  түрткі  болатын  тек  сезімдік  ж ән е  денелік  тітіркен- 

діргіштер.  Олар  үйықтап ж атқан  адамға  сырттан  эсер  етеді 

немесе  оның  өзінде  кенеттен  пайда  болады.  О лай  болса, 

түстің  мәні  мен  мағынасы  музыкадан  хабарсы з  адамның 

аспап  батырмасын  он  саусақпен  басып  өткендегі  дыбыс 

шығаруы  сияқты  ғана  болады.  Осындай  көзқарасқа  сәйкес, 

түс  көруді  "денелік,  барлық  жағдайда  пайдасыз,  көбінде  — 

ж а н ға  б ататы н   проц есс"  (Бинц)  р е т ін д е   қ а р а с т ы р у ғ а  

болады.  Түс  көрудің  барлы қ  ерекш еліктері  кейбір  ж ек е 

мүшелердегі  немесе  үйқы ға  енген  ми  ж асуш алары ндағы  

ж е к е   т о п т а р д ы ң   б ай л ан ы ссы з  ж ә н е   ф и з и о л о г и я л ы қ  

тітіркенуімен  түсіндіріледі.

Ғ ылыми көзқарасқа сәйкес келе бермейтін ж ән е түс көру 

көздері  туралы  мәселелермен  айналыспайтын  халы қ  наны- 

мында  түсті  ж ору  арқылы  бір  нәрсенің  нышанын  болжап, 

білуге деген толық сенім пайда болады. Осындай мақсатпен 

қолданылатын  түсті  ж ору  әдісі  еске  түскен  түс  мазмүнын 

басқа  мазмүнмен  алмасты руға  болатынын  көрсетеді.  Ол 

қатаң  түрде  тағайыядалған  кілт  негізінде  бөлш ектенеді 

немесе  түс  мазмүны  бастапқымен  салы сты рғанда  мүлде 

б асқ а  м азм үн м ен   т ү т а с т а й   б ар ы н ш а  а л м асты р ы л ад ы . 

Сонда  кейбір  бірінші  мазмүн  соңғыға  қаты сты  тірек  б о ­

лады ,  ад ам д ар   көб ін есе  м үны   бос  ә у р е ш іл ік   р етін д е 

байыппен  сараламай,  үстірт  ғана  қарап,  "түс  —  теңіздің 

кәбігі"  деп  есептейді.

II

М ен  б ірд е  ж а ң а л ы қ   аш ты м .  М ү н д а  д ә р іг е р л е р д ін  



пікірлері  емес,  кей біреулердің  ескіш ілдікпен  ж ар ты л ай  

шырмалған  көзқарастарының шындыққа әлдеқайда  ж ақы н 

оолатыны  қайран  қалдырды.  Осындай  түс  керуге  қатысты 

жаңа түжырымға әр түрлі  фобиялар  мен  сандырақтар  мезі 

ететін  идеяларды  ш еш уде  талай  рет  көмектескен  психо- 

логиялық  ж аң а  әдісті  қолдану  арқы лы   келдім.  Көптеген



18

зерттеуш і-дәрігерлер  психикалық  науқастарды ң  түс  көру 

к езін е  о л ар д ы ң   өңіндегі,  яғн и   к ү н д ізгі  сан  а л у а н   ж ан  

дүниесі  көріністерінің  әр  қилы   үқсасты қтары н  көрсеткен. 

С о н д ы қ тан   түс  кө р у д і  тү сін д ір у ге  п с и х о п а то л о ги я л ы қ  

қүбылыстарды  саралауда  қолданы латы н  зерттеу  әдісінің 

пайдалы  екенін  аңғардым.  Түс  көру  сергек  кездерге  қандай 

ж ат  болса,  мезі  қылатын  идеялар  мен  қорқы ны ш   идеясы, 

қалыпты санаға сондай болады.  Сана екеуінің де ш ығу тегін 

а ң ға р а   ал м ай д ы .  О л а р д ы ң   ш ы ғу  кө зі  мен  п а й д а  б о л у  

тәсілдерін  елестерге  қаты сты   ан ы қ тау ға  біз  қы зы ғуш ы - 

л ы қ п ен   ден  қ о я м ы з.  С а н а н ы ң   б а с қ а   бір  м а зм ү н ы м е н  

б а й л а н ы с т ы ,  б е й с а н а л ы қ   қ а л ы п т а ғ ы   ж а н ғ а   б а т а т ы н  

ойлардың  астарларын  анықтауға,  мезі  қылатын  идеяларды 

аң ғар у ға,  ол ар д ы   ш еттетуге,  ж о ю ға   м үм кін дік  б еретін  

т ә ж ір и б е   б о л ад ы .  С о н ы м е н ,  т ү с  к ө р у д і  т ү с ін д ір у д е  

қолданатын  әдістің  негізі  психотерапиядан  бастау  алады.

Оны  сипаттау  оңай,  бірақ  қ олдану  үш ін  бірш ама  дағ- 

дылану  қажет.  Бүл  әдісті  басқа  біреуге,  мәселен  қорқыныш 

әсерінен  азап  шеккен  науқасқа,  қолданғанда,  әдетте,  оған 

бар  зейінін  ж аны на  батып  ж үрген  идеяға  ш огы рланды ру 

үсынылады.  Бірақ ол әдеттегідей идея төңірегінде ойға батып, 

толғанбауы  керек.  Тек  ол  бірден  осы  идеяға  қатысты  ойына 

келген  барлық  жағдайларды,  сөздерді,  сезімдерді  түгелімен 

дәрігерге  б аян д ау ы   тиіс.  Егер  н а у қ ас  ойы на  еш тең ен ің  

келмегенін  айтса,  онда  ой,  елестердің  болм ауы   тіптен  де 

мүмкін  емес  екенін  оған  кесімді түрде  жеткізу тиімді  болады. 

Ш ы нды ғы нда  да,  б іраз  у а қ ы т т а н   кейін  н а у қ а с   о йы н да 

бірқатар  идеялар  пайда  болады  да,  олардан  кейін  басқалары 

орын  алады.  Мүнда  өзін-өзі  бақылап  отырған  науқас,  әдетте, 

пайда  болған  и д еял ар д ы ң   келеңсіз,  м аны зды   емес,  іске 

қатыссыз,  қойылған міндетке ешбір  байланысы ж о қ  екендігін 

ж ән е  олар  оның  ойына  тіпті  де  кездейсоқ  оралғанды ғы н 

айтуы  мүмкін.  Науқас  тарапынан  мүндай  сынның  болуы  бүл 

идеялардың  мүлдем  сы ртқа  шығарылып,  айтылмағанына, 

тіпті  сан ал ы   т ү р д е   а ң ға р ы л м а ғ а н ы н а   д ә л е л   б о л ад ы . 

С о н д ы қ т а н   ой ы н а  к е л ге н   и д е я л а р ғ а   қ а т ы с т ы   н а у қ а с  

т ар ап ы н ан   сын  б о л м аса  ж ә н е   он ы ң   зей ін ін   б ар ы н ш а  

шоғырландырудан  пайда  болған  ойлардың  легі  тоқталмаса, 

психиканы  ж еткілікті  түрде  сипаттайты н  м атериал  алуға 

болады .  О л  ж а н ғ а   б ататы н   и д ея м ен   ан ы қ   ж а л ғ а с а д ы . 

Алынатын  м атериал  басқа  ойлармен  байланысты  болады. 

Сонымен қатар науқас психикасымен толық үйлесетін қандай 

да  бір  ой  ауруға  себепші  идеяны  ысырьш  тастайды.  Осыған 

орай  одан  әрі  зерттеу  жүргізуге  мүмкіндік  пайда  болады.

Осы  тәж ір и б ен ің   негізінде  ж атқ ан ,  т ү р ақ т ы   н әти ж е- 

лерден  шығатын  алғы ш арттар  мен  түж ы ры м дарға  толы қ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет