М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет12/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   110

Кенен

(Кенен) – Қордай ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің орталығы. 

Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 67 км жерде, Қопа 

жазығының шығысында, астық тұқымдас бетегелі өсімдіктер өскен кəдімгі сұр 

топырақты, шөл белдемінде орналасқан. Тұрғыны 2, 1 мың адамнан аса. Іргесі 

С. М. Киров атындағы қой шаруашылығымен айналысатын ұжымшар ретінде 

1930  ж.  қаланды.  Оның  негізінде  Кененде  жəне  ауылдық  округке  қарасты 

Мұзбел ауылында 29 шаруа қожалығы, 1 ЖШС жұмыс істейді. 2 орта мектеп, 

клуб, отбасылық дəрігерлік амбулатория, фельдш. -акушерлік пункт, т.б. меке-

мелер бар. 



Қайнар

(Кайнар) – Қордай ауданындағы ауыл, Сарыбұлақ ауылдық əкімшілік округі 

құ  рамында. Аудан орталығы Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 км 

жерде. Шу өзенінің оң жағалауында, бұта аралас сұр жусан, баялыш, күйреуік 

өс  кен сұр, сортанды сұр топырақты тау алды жазығында орналасқан. Тұрғыны 

2, 7 мың адамнан аса. 1997 жылға дейін Благовещенка деп аталған. 1964 – 97 

жыл   дар  аралығында  қызылша  өсіретін  «Көкқайнар»  кеңшарының  орталығы 

бол ды. Оның негізінде 1997 жылдан өндірістік кооператив жəне шаруа қо жа-

лық  та ры құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана бар. 

Қаракемер

(Каракемер) – Қордай ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің ор-

та   лы  ғы.  Аудан  орталығы – Қордай  ауылынан  шығысқа  қарай 52 км  жерде, 

Қарақоңыз  өзенінің  жағалауында,  баялыш,  жусан,  күйреуік  басым  өскен,  қо-

ңыр, бозғылт  қоңыр  топырақты тау  етегінің төбелі-жонды  келген  жазығында 

ор наласқан. Тұрғыны 3, 2 мың адамнан аса. Іргесі 1950 ж. Чапаев атындағы қой 

өсі ретін ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 ж. 40-қа жу ық ша-

руа қожалығы құрылды. Ауылда орта мектеп, мəдениет үйі, кітапхана, фельд-

шер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 

Қарасай батыр

(Карасай  батыр) – Қордай  ауданындағы  ауыл,  Қарасай  ауылдық  əкімшілік 

округінің орталығы. Аудан орталығы Қордай ауылынан шығысқа карай 82 км 

жерде, Көбікті өзенінің жағалауында, бұта аралас бетеге, сұлыбас басым өскен 

коңыр, қызыл қоңыр топырақты қоңыржай агро – климатгы тау аралық аңғарда 

орналасқан. Тұрғыны 2, 8 мың адамнан аса. 1993 ж. дейін Михайловка деп ата-

лып келген. 1957-1997 жылдары жеміс-жүзім шаруашылығымен айналысатын 

«Алмалы» кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қарасай 

батыр ауылында 80-ге жуық шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта, орта-

лау мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дəрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер 

бар. 

Қарасу

(Карасу) – Қордай ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің ор та лы-

ғы. Аудан орталығы Қордай ауылынан шығысқа карай 15 км жерде, Шy өзенінің 

оң  жағалауында,  бұта  аралас  бетеге,  бөз,  көде  басым  өскен  қоңыр,  бозғылт 

коңыр топырақты тау алдының коңыржай агроклиматты белдемінде орналасқан. 

Тұрғыны 3, 2 мың адам. Ауыл 1997 ж. дейін Черная речка ауылы деп аталып 

келген. 1953 – 1997 жылдары қызылша өсіретін Ленин атындағы ұжымшардың 

орталығы болды. Оның негізінде Қарасуда 1997 жылдан өндірістік коорператив, 

ЖШС жəне 20-дан астам шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта, орталау 

мектеп, мəдениет үйі, кітапхана, отбасылық-дəрігерлік амбулатория, т.б. ме кеме-

лер бар. 

Қысмышы

(Кысмышы) – орта ғасырдағы шағын қала. Қордай ауданы Ауқатты ауылы-

нан солтүстік-батысқа қарай 3-5 км жерде, Шу өзенінің сол жақ жағалауында. 

1937 ж. Ю. Г. Платонов, 1940 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекші 

А.Н.  Бернштам)  зерттеген.  Қысмышы – тік  төрт  бұрышты  (ауданы 300x400 

м) жазық төбе. Оның орталық бөлімінде қамалдың (цитадель) бұзылған орны 

бар.  Қала  ортасы  үш  жағынан  (оңтүстік  жағын  қоспағанда)  ұзындығы 10 км 

дуалмен  қор шалған.  Қоршау  ішінде  жеке  салған  құрылыстардың  құлаған 

қалдықтары сақталған. Зерттеу нəтижесінде Қысмышының жоғарғы қабатынан 

қыштан жасалған үй қабырғаларының ою-өрнекті тақташалары, ыдыстар, өлген 

адамдардың сүйегін күйдіріп салған құмыра (биіктігі 1 м, түбінің диаметрі 0, 4 

м, бүйірінің диаметрі 0, 7 м) табылды. Қысмышы VII-XIV ғасырларға жатады. 

Қысмышыны А.Н. Бернштам Яқалықпен балама лай ды. 

Масанчи

(Масанчи) – Қордай  ауданындағы  ауыл,  өзімен  аттас  ауылдық  əкімшілік 

округінің орталығы. Аудан орталығы Қордай ауылынан шығысқа қарай 52 км 

жерде,  бөз  жусан,  баялыш,  күйреуік,  сұлыбас  өскен  төбелі-жонды  келген  тау 

алдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматтық 

белдеуінде орналасқан. Тұрғыны 8, 9 мың адам. 1928-1997 жылдар аралығында 

Коминтерн атындағы ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде Масанчи-

де 2 өндірістік кооператив, 30-дан астам шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. 

Ауылда 2 орта мектеп, отбасылық-дəрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік 

пункт,  т.б.  мекемелер  бар.  Ауыл  азамат  соғысының  ардагері  М.  Масанчидің 

есімімен аталған. 


ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

120

121

Отар

(Отар) – Қордай ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, ауылдық əкімшілік 

округінің  орталығы.  Аудан  орталығы  Қордай  ауылынан  солтүстік-шығысқа 

қарай 77 км  жерде,  Қопа  жазығының  бөз  жусан  аралас  əр  түрлі  астық 

тұқымдасты шөптесін өсімдіктер кең шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 4, 

4 мың адам. Ipгeci 1928 ж. Түрксіб темір жол салуға байланысты қаланды. 1973 

ж. Жамбыл облысының Красногор ауданының орталығы болып келді. Аудан та-

ратылып, Қордай ауданына берілген соң, ауылдық округ орталық болып қалды. 

Отарда ауыл шаруашылығы техника, химия бірлестіктері, жұмыс қажетін өтеу 

комбинаты,  мұнай  базасы  өндірістік  кооперативтер  мен  ЖШС-терге,  шаруа 

қожалықтарына біріктірілді. Ауылда орта мектеп, клуб, аурухана, емхана, т.б. 

мə дени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. Oтар арқылы Тараз – Алматы 

темір жолы, 10 км жерден автомобиль жолы өтеді. 

Өтеген

(Отеген) – Қордай  ауданындағы  ауыл,  Қарасу  ауылдық  əкімшілік  округінің 

құрамында.  Аудан  орталығы  Қордай  ауылынан  шығысқа  қарай 22 км  жерде, 

ақ жусан, баялыш, т.б. эфемероидті шөптесін өскен тау алдының сұр, бозғылт 

қоңыр топырақты аңғарында орналасқан. Тұрғыны 1, 2 мың адам. Ауыл 1992 ж. 

дейін Keңес деп аталып келді. 1953-1997 ж. қызылша өсіретін «Искра Ленина» 

ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде Өтеген ауылында 1997 жылдан 

ЖШС  жəне  шаруа  қожалықтары  құрылды.  Ауылда  орталау  мектеп,  кітапхана, 

фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 

Сарыбұлақ

(Сары булак) – Қордай ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округі орта-

лығы. Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-батысқа карай 40 км жер-

де, Қақпатас өзенінің жағалауындағы ақ жусан аралас эфемерлі шөптесін өскен 

қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты тау алдының қуаң агроклиматтық белдемінде 

ор наласқан. Тұрғыны 2, 2 мың адамнан аса. Ауыл 1964-1997 ж. қызылша өсі-

ре тін  «Сарыбұлақ»  кеңшарының  орталығы  болды.  Оның  негізінде  ауылда 

«Сарыбұлақ»  АҚ  жəне  бірнеше  шаруа  қожалықтары  құрылды.  Ауылда  орта, 

бас тауыш  мектептер,  отбасылық-дəрігерлік  амбулатория,  клуб,  кітапхана,  т.б. 

ме  кемелер бар. 



Сұлутөр

(Сулутор) – Қордай ауданындағы ауыл, Үлкен Сұлутөр ауылдық əкімшілік 

округі орталығы. Аудан орталығы Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 

77 км жерде, Кіндіктас тауының қиыр шығыс бөлігінде, бұта аралас, сұлыбас, 

бетеге, т.б. əр түрлі шалғын шөптер өскен, қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тау 

баурайының əсем аңғарында орналасқан. Тұрғыны 1, 3 мың адам. Ауыл 1992 ж. 

дейін Малоархангельское деп аталып келген. 1954-1997 ж. қой өсіретін «Қызыл 

Октябрь»  ұжымшарының  орталығы  болды.  Оның  негізінде  Сұлутөрде 1997 

жылдан «Сұлутөр» ЖШС-і жəне бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл-

да орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 



Үлкен Сұлутөр

(Улкен Сулутор) – Қордай ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық əкімшілік 

округтің  орталығы.  Аудан  орталығы – Қордай  ауылынан  солтүстік-шығысқа 

қарай 70 км  жерде,  Ырғайты  өзенінің  оң  саласының  жағалауында,  Кіндіктас 

тауының оңтүстік-шығыс баурайындағы бетеге, сұлыбас, қылқан, боз, т.б. ас-

тық тұқымдас шөптесін өскен қызғылт қоңыр, қара топырақты тауаралық аң-

ғар да  орналасқан.  Тұрғыны 1, 8 мың  адам.  Ауыл 1993 ж.  дейін  Красногорка 

деп аталып келген. Ipгeci 1920 ж. қой өсіретін Калинин атындағы ұжымшарды 

ұй ымдастыруға  байланысты  қаланған.  Оның  негізінде  ауылда 1997 жылдан 

«Үлкен  Сұлутөр»  өндірістік  кооперативі  жəне  бірнеше  шаруа  қожалықтары 

ұйымдастырылды. Yлкен Сұлутөрде орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-

дəрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. 



Успеновка

(Успеновка) – Жамбыл  облысы,  Қордай  ауданындағы  село  атауы.  Қазіргі 

Бетқайнар ауылы. Бұл Жамбыл облысы əкімінің 01. 10. 1993 жыл №111 қаулысы бой-

ынша өзгертілді. Аудан орталығының солтүстік батысында 29 км жерде. Іргесі 1909 

ж. қаланған. 1929 ж. Р. Люксембург атындағы колхоз болып ұйымдастырылды, 

1965 ж осы шаруашылық қызылша өсіретін совхозға айналды. Халқы 4, 6 мың. 

Диірмен,  жылжымалы  механикалық  колонна,  шеберханалар,  орта  мектептер, 

кəсіптік техникум, училище, төрт кітапхана, қонақ үй, аурухана бар. 



Ырғайты

(Ыргайты) – Жамбыл  облысы  Қордай  ауданындағы  өзен  Шу-Іле  тауының 

Жетіжал  жотасынан  басталады.  Ақтерек  елді  мекені  тұсында  өзен  суын 

шаруашылықтар егін суаруға бөліп əкетеді. 



Керу 

(Керу) – ауыл,  Қордай  ауданы.  Ауыл  тұрғындарының  ұсынысына  орай, 

ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасының 05.07.1991 ж. №751-ХІІ Қаулысы бойынша 

Новоалек сандровка  ауылының  аты  өзгертіліп,  бұрынғы  тарихи  аты  қалпына 

кел тірі ліп, Керу ауылы аталды. 

Атаудың  мағынасын  қазіргі  қазақ  тіліндегі  материалдардан  түсіндіру  тым 

қиын. Э.М. Мурзаевтың пайымдауынша, шуваш ғалымы Г.Е. Корнилов шуваш 

тілінде кар/кер Санқай (Сұңғайты, Қорағаты) Хор Шөңгер /Чанкыр, Суяб/ Шуяб 

Қорғат  /Хуртай (109 б.)  Қасық/  қали – (110б.)  Соғанды  (соғанды/суыққанды, 

111б.) сөзі арқылы жасалған: Шувашкар яғни Чебоксары атауын, ондағы кар 

сөзін түрік тіліне тəн, «қорған» мəніндегі сөз деп қарайды. Ал пермяк тілінде 

кар – «қалашық», «бекініс, қорған» деген мəнді білдіретін сөз екен [37. 254 б.]. 

Бұл дерекке қарағанда, Керу атауындағы кер сөзінің сол бастапқы кездегі қар 

сөзінің тілімізде өзгеріп, жіңішке тұлғада айтылған түрі деп қараудың нобайы 

бардай, ал атау соңындағы – у қосымша екені сөзсіз деп пайымдаймыз. 


ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

122

123

Қасық 

(Касык) – Қордай  ауданындағы  Талапты  ауылы  бұрын  Қасық  ауылы  деп 

аталған.  Бұл  өңірді,  негізінен,  қазақтар  мекен  еткен.  Қай  жердің  шөбі  жақсы 

болса, сонда қоныстап жүре берген. Негізгі кəсібі мал өсіру болған. Бұл жерді 

негізінен, үйсіндердің қасқарау деген руы жайлаған. Мұнда Жұмағұл, Бесқалмақ, 

Бердігүл, Рысқұл деген ауылдар болған. Олар қыста Қасықта, жазда Қарұшық, 

Қызылқайнар, Теріскей мал жайлауына көшіп отырған. 

Қасық ауылы орналасқан жерге XX ғ. басында патша үкіметінің бұйрығымен 

Ресейдің орталық аудандарынан орыстар, украиндер, молдавандар көшіп келіп 

орналасқан. Қасық ауылының шығыстан батысқа созылған бес түзу, кең көшесі 

болған. 1924 ж. Қасық ауылы ну ағаштың тасасынан екінші көшедегі үйлер кө-

рінбей тұрған. Патша өкіметі құлаған соң онда орналасқан орыстар бай-кулак 

боп  байып  алып,  Совет  өкіметіне  де  бағынбай  қойған.  Қазақтарды  Қасық 

ауылының маңына да жолатпай қойған. 

Сондықтан 1924 ж. Қызыл əскердің күшімен Қасық ауылының тұрғындары 

басқа жерлерге күшпен көшірілді. Бос қалған үйлерге таулы жерде киіз үйде 

жүрген кедей қазақтарды көп үгіттеп, сол үйлерге көшіріп алып келді. Жақсы 

күтімі  болмаған  жеміс  ағаштар,  жүзімдер  бірте-бірте  құрып  жоқ  болады.  Ол 

жылдары қазақтардың жекеменшік те байлықтары көп болмаған. 

1930 ж. Қасық ауылының тұрғындары «Талапты» колхозына бірігеді. Қасық 

ауылының жері 1934 ж. дейін, Ырғайты өзенінің суымен суарылған. 

Бұл жердің Қасық аталу себебі, ауылды сырттай қарағанда қасық пішінде бо-

луына байланысты. 

Жаңатұрмыс

(Жанатурмыс) – Қордай  ауд.  ауыл.  Мағынасы: «ревлюциядан  кейін  жаңа 

қоғам, жаңа тұрмыс құруға тілек білдіруге байланысты» қойылған атау. Жылы 

(сын есім) + бұлақ (зат есім) сөздерінің қосылуынан жасалған атау. Мағынасы: 

«жер астынан шығып жатқан бұлақ суының жылы екенін» білдіреді. 

Сарыбастау

(Сарыбастау) – е. м., Қордай ауданындағы елді мекен. Сары (сын есім) + ба-

стау (зат есім) сөздерінің қосылуынан жасалған атау. Бастау деп бұлақтың ба-

сталар басын айтады. Сонда атаудың мағынасы: Бастау, бұлақ басы маңайының 

то пырағы сарғылт болып жататынын білдіреді. 

Сарыбұлақ

(Сарыбулак) – е. м., Қордай ауданы. Сары (сын есім) + бұлақ (зат есім) сөз де-

рі нің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: «бұлақ маңының сары болып ке ліп, 

бұлақ суының да басы сарғыштанып ағатынын» білдіреді. 



Қызылсай

(Кызылсай) – е. м., Қордай ауданы. Қызыл (сын есім) + сай (зат есім) сөздерінің 

қо сылуынан  жасалған  атау.  Мағынасы  атаудың  сайдың  топырағының  немесе 

тасының қызыл болуына байланысты қойылғанын білдіреді. 



Құлжабасы

(Кулжабасы) – е. м. Қордай ауданы. Құлжа (зат есім) + басы (тəуелдік жал ға-

уы ның III жағында тұрған зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Жергі-

лік  ті адамдардың айтуына қарағанда, бұл атау былай қойылған: «бұрынғы кезде 

тө бенің, таудың басына тастан оба жасап, оның үстіне құлжа басын орната тын 

болған».  Көшіп  жүрген  қазақтар  құлжа  басының  ана  жағындағы  жер  немесе 

мына жағындағы жер деп бағдарлайтын жəне көшпенділерге бұл алыстан кө рі-

не  тін болған. 



Ауқатты

(Аукатты) – а. о. Қордай ауданы, 

(Аукатты) – а. Қордай ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Үкіметінің Мемлекеттік ономас-

тика комиссиясының 24.06.1998 ж.  ұйғарымымен Кишмиши атауы өзертіліп, 

Ауқат ты ауылы болып аталды. Мағынасы: «дəулетті, бай (ел)» дегенді білдіреді. 



Беріктас

(Бериктас) – а. Қордай ауданы. 

«Айналасы таспен қоршалған, мекем, мықты мекен» мəніндегі атау. 

Бетқайнар

(Беткайнар) – а. о. Қордай ауданына қарасты елді мекен. 

Бұрынғы Успенка ауылы. «Беткей жердегі қайнар, бастау» мəніндегі атау. 

Бел

(Бель) – а. Қордай ауданы. 

Географиялық  терминнен  жасалған  атау.  Мағынасы: «асу,  кезең»  дегенді 

білдіреді. Елді мекен аты осы бел (кезең, асу) сөзінен қойылған. 



Бұлар батыр

(Булар батыр) – а. Қордай ауданы. 

Дүнген халқының атақты батыры. Батыр есімін мəңгі есте қалдыру мақса ты-

мен ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссияның 05. 09. 1997 ж. 

ұй ғарымымен қойылған ауыл аты. 


ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

124

125

Еңбек

(Енбек) – а. Байзақ ауданы, 

(Енбек) – а. Жамбыл ауданы, 

(Енбек) – а. Жуалы ауданы, 

(Енбек) – а. Қордай ауданы. 

Халықты аянбай еңбек етуге шақыратын жаңа атау. Сондықтан «Еңбек түбі – 

жеңбек» деген мақал да бар. 

Керу

(Керу) – а. Қордай ауданы. 

Ауыл  тұрғындарының  ұсынысына  орай,  ҚР  Жоғарғы  Кеңесі  төрағасының 

05.07.1991  ж.  №751-ХІІ  Қаулысы  бойынша  Новоалександровка  ауылының 

аты  өзгертіліп,  бұрынғы  тарихи  аты  қалпына  келтіріліп,  Керу  ауылы  аталды. 

Атаудың мағынасын қазіргі қазақ тіліндегі материалдардан түсіндіру тым қиын. 

Э.М. Мырзаевтың пайымдауынша, чубаш ғалымы Г.Е. Корнилов чубаш тілінде 

кар сөзі арқылы жасалған: Чубашкар яғни Чебоксары атауын, ондағы кар сөзін 

түрік тіліне тəн деп қарайды. Демек кар «қорған» мəніндегі сөз деп қарайды. 

Ал пермь тілінде кар – «Қалашық», «бекінісі, қорған» деген мəнді білдіретін 

сөз екен. (Э.М. Мурзаев. М. 1984, 254). Бұл дерекке қарағанда Керу атауындағы 

кер сөзінің сол бастапқы кездегі кар сөзінің тілімізде өзгеріп, жіңішке тұлғада 

айтылған түрі деп қараудың нобайы бардай, ал атау сонындағы – у қосымша 

екені сөзсіз деп пайымдаймыз. 



Көкадыр

(Кокадыр) – а. Қордай ауданы. 

Бұл  атау  «Көктөбе», «Көкжота», «Көкқырат»  деген  атаулармен  мəндес 

сияқ ты. 



Көктөбе

(Коктобе) – а. Қордай ауданы, 

(Коктобе) – а Шу ауданы. 

Көк (сын есім) + төбе (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: 

«төбенің тасы, өсімдік көк немесе «биік төбе» екенінін білдіреді.»

(Коктобе) – а. Жуалы ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 

07. 10. 1993 ж. №2410-ХІІ Қаулысы бойынша Новозылсеновка ауылы өзгертіліп 

тарихи аты қалпына келтіріліп, Көктөбе ауылы аталды. 

Күнбатыс І

(Кунбатыс) – а. Қордай ауданы. 

Күн  (зат  есім) + батыс  (зат  есім)  сөздерінің  қосылуынан  жасалған  атау. 

Мағынасы: «бұл ауылда белгілі бір объектінің батыс жағында екенін» білдіреді. 



Күнбатыс ІІ

(Кунбатыс ІІ) – а. Қордай ауданы. 

Мағынасы жоғарыда айтылғандай. 

Қақпатас

(Какпатас) – а. о. Қордай ауданы, 

(Какпатас) – а. Қордай ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 

07. 10. 1993 ж. №2410-XII Қаулысымен Рисороб ауылы өзгертіліп, бұрынғы та-

рихи аты қалпына келтіріліп Қақпатас ауылы болып аталды. Атаудың мағынасы: 

«Жер көрінісінің қақпа тасқа ұқсас болуына» байланысты аталған. 

Қарақоңыз – бекіністі мекен. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарақоңыз 

ауылында.  Көл 50х50м  алаң.  Қарақоңыздың  биіктігі 3 м,  бекініс  дуалдармен 

қоршалған. 1937 ж.  археолог  Ю.  Г.  Платонов  зерттеді.  Қарақоңыз  бекінісінің 

төңірегінен бірнеше тас мүсіндер табылды. Олар көне түрік дəуірінің VI-VIII 

ғасырына жатады. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975. 6-том, 487 бет

Қалғұты

(Калгуты) – а. Қордай ауданы. 

Бұл  атау  орысша  Калгута  болып  қате  жазылып  жүр.  Атау  Қазақстанның 

басқа жерлерінде де кездеседі. Мəселен, Шығыс Қазақстандағы жəне Алматы 

облысындағы  өзен  аты,  Семей  облысы  Аягөз  ауданындағы  жер  аты  Қалғұты 

деп аталады. Белгілі қазақ топонимисі Ғ. Қоңқашбаевтың пікірі бойынша, бұл 

монғолдың халга (қақпа) деген сөзінен алынған жəне тауды кесіп өтетін өзен 

аңғарының рельефін дəл береді. (Г. Конкашпаев. Географические названия мон-

гольского  происхождения.  Известия  АН  КазССР.  Серия  филологии  и  искус-

ство – ведения. ВИП. 1 (11), 1959, 91-бет). 

Осы  жерде  экспедицияда  болған  ж.  Болатовқа  жергілікті  қазақтар  бұл 

моңғол дың «қазды» деген сөзі деп түсіндірген. «Шынында да – деп жазады ж. 

Болатов, – қазды моңғолдар галу, галлун деп атайды екен, осыған қарағанда, бұл 

жер аты да монғол сөзінен шыққан болып табылады». (Ж. Болатов. Қошағаш 

қазақтарының  тіліндегі  жергілікті  ерекшеліктер. «Қазақ  тілі  тарихы  мен...» 

Жинақ. 4-шығуы, 1962, 53-б.). Ал С. Хабшай, Ə. Міністің «Моңғолша-қазақша 

сөздігінде «галуүйрек» дегенді білдіреді. 

Мұзбел

(Музбел) – а. Қордай ауданы. 

Ауыл  тұрғындарының  ұсынысына  орай,  ҚР  Үкіметінің  жанындағы  Мем-

лекеттік ономастика комиссиясының 05. 09. 1997 ж. ұйғарымымен Қордай ауы-



ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

126

127

лы Мұзбел ауылы болып аталды. Атау: «мұзарт, яғни мұзды жердегі асу» деген 

мəнде қойылған. 

Сарыарқа мен Қан тауындағы асудың жəне Үстіртттегі Қарабауыр төбесінің 

(ба сының) аттары Мұзбел деп аталады. 

Ноғайбай 

(Ногайбай) – а. о. Қордай ауданы, 

(Ногайбай) – а. Қордай ауданы. 

Ноғайбай кісі аты. Белгілі шешен есімімен байланысты қойылған. 



Шарбақты 

(Шарбакты) – а. Қордай ауданы. 

Шарбақ (зат есім) + сөзіне сын есім тудыратын-ты жұрнағы қосылу ар қы лы 

жасалған атау. Мағынасы: «бұл маңда бір жер (бау-бақша, шарбақпен қор шал-

ға нын)» білдіреді. 

Ешкіліқордай

(Ешкиликордай) – мекен  аты  (Қордай  тауының  шығыс  баурайы.  Жамбыл 

обл.). Тау ешкінің көптігімен байланысты қалыптасқан атау. Топонимнің өзін дік 

мəні сол тау ешкілері тек биік құздарда ғана емес, ретіне қарай, еңісті де ме кен-

дей тінін көрсетеді. 

 Қалғұты өзені

(Калгуты) – ауыл ортасында Жетімжолдан бастау алатын Қалғұты өзені ағып 

жатыр, ауданының бірнеше елді жерлеріндегі суармалы жерлерді суландырады. 

Алға ауылдық округінің территориясында жайласқан. «Қалғұтты» этнонимі-

нің фонетикалық жағынан сөйлеу тіліне ықшамдалған түрі. 



Соғанды өзені

(Соганды) – Бетқайнар  мен  Соғанды  ауылының  бойында  орналасқан. 

Соғанды  атауының  өзі  осы  өзеннің  атауымен  байланысты.  Өзен  жнргілікті 

Қаратаудан  басталған.  Көктемде  қар-жаңбыр  суы  молайған  кезде  өзен  өткел 

бер мей қатты тасып адам, мал шығындары болып тұрған. Осыған байланысты 

«Суы қанды өзен» деген атау пайда болған. Кейін Соғанды өзені аталып кеткен. 



Алтыайғыр өзені

(Алтыайгыр) – Соғандыға кетіп бара жатқан жолдың бойындағы өзенді атай-

ды. Алғаштағы аз жылқы құт қоныс болған өзенге бастау болған бұлақтың ба-

сында өсіп өнеді. Сөйтіп, Қыбырай елінің 6 үйір жылқысы өзен бойын қысы-

жазы жайлаған екен. Содан соң өсе келе «Алтыайғыр» деп аталып кетіпті. 

Қызылқайнар өзені

(Кызылкайнар) – Қарабауырдың етегінен өтеді, бұл бұлақтың қасиеті мөлдір 

тұ нық суқызыл тастың арасынан шығады, сондықтан «Қызылқайнар» деп ата-

лып кетіпті. 



Левая, Правая екі каналы

(Левая, Правая) – Қордайдан келетін негізгі су торабы болған канал. Жамбыл 

ауыл дық аймағында жоғарғы жағынан ағады. Ел аузынан естігеніміздей, баяғы 

ата-бабаларымыз көшпенді өмір сүрген кезде əр үлкен бұлақтың басында аға-

йын болып, қауымдаса орналасқан екен. 

Қарақоныс өзені

(Караконыс) – Қарақоныс өзені ауылдың батыс жағымен ағып өтеді. Өзен 

бас  тауын Шу-Іле тауларының шығыс беткейіндегі бұлақтардан алады. Бас тал-

ған да тау өзені болып тар аңғармен, төменгі бөлігінде жазық өңірімен ағады. Су 

то лысуы көктемде байқалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет