М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет10/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110

Қызтоған

(Кызтоган) – а. Жуалы ауданы. 

Қыз (зат есім) + тоған (зат есім) сөздерінің қосылуынан жасалған. Мағынасы: 

біріншіден,  қызға  байланысты  бір  оқиға  болуы  мүмкін,  екіншіден, «кішкене 

əдемі  тоған»  дегенді  білдіруі  де  ықтимал.  Бұл  екеуінің  қайсы  атауға  негіз 

болғанын жергілікті тұрғындар ғана біледі. 



Қызыларық

(Кызыларык) – а. о., Жуалы ауданы. 

(Кызыларык) – а. Жуалы ауданы. 

Қызыл (сын есім) + арық (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Ма ғы-

насы: «арықтың жағалауы қоңыр топырақты немесе қызғылт түсті құмдақ бо-

лып келетінін» білдіреді. 



Сұрым

(Сурум) – е. м. Жуалы ауданы. 

Атау орысша жазылуынан алынды. Мағынасы түсініксіз. 

Тасбастау

(Тасбастау) – а. Жуалы ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 

07. 10. 1993 ж.  №8 Қаулысы бойынша Благовещенка ауылы өзгертіліп, ұлттық 

та ри хи аты қалпына келтіріліп, Тасбастау ауылы болып аталды. 

Тəттібай Дүйсенбайұлы 

(Таттыбай Дусенбайулы) – а. Жуалы ауданы. 

Тұрғындардың  ұсынысына  орай,  ҚР  Үкіметінің  жанындағы  Мемлекеттік 

оно мас  тика комиссиясының 24.12.1999 ж. ұйғарымы бойынша Амангелді ауы-

лы Тəттібай Дүйсенбайұлы ауылы болып аталды. 

Тəттібай Дүйсебайұлы (1925-1996) милиция генерал-майоры, соғыс ардагері. 

1971 – 1983 жылдары Қаз ССР Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облы сы бас-

қармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметін атқарған. 



Теріс

(Терис) – а, жер. Жуалы ауданы. 

Сын есімнен жасалатын атау. Белгілі бір географиялық нысанның теріс ба ғыт -

та орналасқанын білдірсе керек. 



Тоғызтарау

(Тогызтарау) – а., жер. Жуалы ауданы. 



ЖУАЛЫ АУДАНЫ

ЖУАЛЫ АУДАНЫ

98

99

Тоғыз (сан есім) + тарау (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Ма ғы-

насы: «бұл маңда көп сала жол» болса керек. Мұндай жағдайда қазақта «тоғыз 

жол  дың торабында отыр» деген сөз бар. Бұл тіркестегі тоғыз сөзі «көп тараулы 

жо лы бар жер» дегенді білдірсе керек. (Аса өзені Билікөлге тоғыз тарам болып 

құ йылады.). 



Түктібай

(Туктибай) – а. о. Жуалы ауданы. 

(Туктибай) – а. Жуалы ауданы. 

Тұрғындардың  ұсынысына  орай,  ҚР  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының 

07.10. 1993 ж.  №2140 ХІІ Қаулысы бойынша Гагарино ауылы өзгертіліп, Түкті-

бай ауылы аталды. 



Шымбұлақ

(Шымбулак) – а. Жуалы ауданы. 

ҚР  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының 07. 10. 1993 ж.  № 2410-ХІІ  Қаулысы 

бойынша  Братское  ауылы  өзгертіліп,  ұлттық  тарихи  аты  қалпына  келтіріліп, 

Шымбұлақ ауылы аталды. 

Аса өзені

(Аса) – Жуалы  жерінен  басталып,  Талас  жəне  Жамбыл  аудандары  арқылы 

ағып  өтіп,  Билікөлге  құятын,  ұзындығы 105 шақырым  болатын  өзен.  Оның 

кішігірім 30-ға жуық саласы бар. Жуалы ауданының жерінде ол Шақпақ, Теріс, 

Ақсай, Көксай өзендері қосылған соң барып Аса өзені аталады. 

Өзеннің Аса деп аталууына байланысты ел аузында мынандай аңыз бар: Тараз-

дың жас батыры Қараханға ғашық болған Айша сұлу сүйгеніне келе жатып, осы 

өзен нің жағасына жетіп жуынып, дем алмақшы болады. Осы кезде сəу ке ленің 

ішінен жасырынған улы жылан Айшаны шағып өлтіреді. Қос ғашық арманына 

жете алмай арманда кетеді, яғни қыз əлгі өзеннен аса алмай көз жұмады. Сон-

дық тан жұрт өзенді «Аса алмаған» кейін «Аса» атап кеткен дейді. 

Бұл, əрине, аңыз. Ал енді Геродоттың дерегі бойынша «қазақ» даласын ме-

кенде ген сақ тайпасының ең үлкені Асы Ассақтар атымен байланысты дейді. 

Ассақтар, яғни асы тайпасы Б.д.д. V-VI ғасырда құрылған ұлы жүз отанының 

бірі  болып,  Үйсін  мемлекетінің  құрамына  енген.  Б.д.д. II ғасырда  грек-бак-

триялықтарды тас-талқан етіп жeңген Үйсін мемлекетінің Асы, Арыс тай па ла-

ры  нан жасақталған жауынгерлер еді, – дейді Ю. Зуев. 

Күркіреусу 

(Куркиресу) – өзен. Өзен тау шатқалында күркіреген дыбыс шығарып ақ қан-

дықтан, ел оны «Күркіреусу» деп атап кеткен. Ш. Айтматовтың «Жəмила» ат ты 

повесінде Күркіресу өзені, Маймақ пен Шекер ауылдары тіл жеткісіз тамаша 

етіп су реттелген. 

Ақсай өзені

(Аксай) – Жуалы ауданының оңтүстік беті Қырғыз жəне Талас Алатауымен 

шектесіп жататыны белгілі. Тау алқабынан төмен қарай созылып жатқан кең 

алқап «Мыңбұлақ алқабы» деп аталады. 



Арыс өзені 

(Арыс) – Оңтүстік  Қазақстанның  басты  өзендерінің  бірі  саналғанымен  ол 

Жуалы жерінен бастау алады. Жуалы ауданы Оңтүстік Қазақстан облысынан 

Түлкібас  ауданымен  шектесер  жерінде  орта  ғасырлық  Абарадж  қаласының 

түбінен батысқа қарай көптеген бастаулардың басын құрап, Шақпақ өзені ба-

стау алады. 

Ерте кездерде батысында Сырдарияның, шығысында Кіші Қаратау жотасын, 

оңтүстігінде Арыс өзенінің аңғарын, солтүстігінде Арысқұм, Арыс көлі, Ұлы 

тау, Көкшетау өңірлерінің аралығын ежелгі сақтың Арыс тайпасы мекендеген. 

Арыс  тайпасының  негізгі  бөлігі  Б.д.д. II мың  жылдықта  Еуропаға  қоныс 

аударған. Əйгілі ғұлама Анарыс б.д. д 8 ғасырда өзінің ата жұрты қазақ даласы 

туралы Аримаспалар эпосын жазып қалдырған. 

Қорыта айтқанда, Арыс өзенінің атырабын мекендеген Арыс тайпасы өз атын 

қазіргі Арыс өзені, Арыс қаласы, Арыс көлінде қалдырған. 



Теріс өзені

(Терис) – өзен, Aca өзені алабымен, Жуалы ауданы жерімен ағады. Жалпы 

ұзын дығы 52 км, су жиналатын алабы 485 км

2

. Бастауын Қаратау жотасының 



оңтүстік-шығыс баурайынан алып оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала 

ағып, Терісащыбұлақ бөгеніне құяды. Бөгеннен төмендегі өзен Aca деп атала-

ды. Өзеннің 20 км-ден астам екі саласы жəне оншақты ұсақ салалары бар. Қар, 

жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Аңғары жоғарғы ағысында 60 – 

110 м, жазықта 300 – 450 м. Өзен ауданның егістігін суаруға пайдаланылады. 

Жағалауы шабындық. 

Теріс  өзені  туралы  алғашқы  деректер  араб  жихангері  Убейдаллах  ибн 

Хордатбектің, 846 жылы Мыңбұлақ өлкесінде болған Кудама ибн Жафар жазған 

күнделіктерінде кездеседі. Мыңбұлақтан мыңдаған бұлақтар ағып шығады да, 

қосылып бір өзен құрайды. Өзен шығысқа қарай ағады, сондықтан оның аты 

Баркуаб; бұл сөздің аудармасы (кері бағытта ағатын өзен) 

Теріс  өзенінің  оң  жағасында  «Баркуаб»  Жібек  жолының  бойындағы  қала 

жұрт тары болған. Бұл жер Жамбыл облысының «Тараз» энциклопедиясында 

шартты түрде «Бурнооктябрь қала жұрттары» деп берілген. 



Шолақбұлақ

(Шолакбулак) – Қызыларық ауылының күнбатыс жағында терең сай бар. Сол 

сайдың басында 2-3 жерден ботаның көзіндей мөлдіреп, тұнық бастаулар жер 

астынан бұрқ-бұрқ қайнап шығып жатады. Осынау бастаулардың суы сай та-

банымен төмен қарай құлдилай ағып, бұлаққа айналады. Мұны таза бұлақ деп 

атаса да болар еді. Алайда жергілікті халық басы таудан, сонау алыстан емес, 

ауыл іргесінен басталатындықтан «Шолақ бұлақ» деп атапты. 

Мыңбұлақ

(Мынбулак) – Жуалы ауданындағы Теріс өзені ежелден осылай Мыңбұлақ 

аталған.  Мыңбұлақ  туралы  алғашқы  деректі  біз  қытай  жиһангері – Сюань- 

Цзянанның 630 жылдар  шамасында  жазған  сапарнамасынан  кездестіреміз. 



ЖУАЛЫ АУДАНЫ

ЖУАЛЫ АУДАНЫ

100

101

Ол  қазіргі  Жамбыл  облысының  батыс  шетіндегі  Мыңбұлақ  өңірінің  жанға 

жайлы екендігін тамсана жазып, оны жаздың ыстық айларында түркі хандары 

Түркібасыдан келіп, жазғы мекені ететінін баяндайды. 

Мыңбұлақ туралы араб жиһангері Убейдаллаһ ибн Хордатбек қолжазбасында 

«...  Бұл  Мыңбұлақ  үлкен  төбе,  оның  айналасынан  мыңдаған  бұлақтар  ағ ып 

шыға ды, Абарджадж қаласының бұрынғы аты Мыңбұлақ болған деректер бар. 

Осы жерде, яғни Мыңбұлақта, Құлан таудың етегінде көп бұлақты, қоң ыр сал-

қын жазықта 1223 жылы Орта Азияға жасаған жорықтардан қатты қал жы ра ған 

Шыңғысхан нөкерлерімен демалып, сауық құрған деген дерек бар. 

Мыңбұлақ аталу себебі бұл жерден аныздап аққан сансыз бұлақтарға байланы-

сты болса, Абарджадж деген атау арабшадан мағыналап аударғанда «Мұнарлы 

тө бе» дегенді білдіреді. 

Билікөл

(Биликол) – Жамбыл  облысы  Жуалы,  Жамбыл  аудандарының  шека ра ла-

рындағы тұщы көл. Аса өзенінің бойында, абс. биікт. 438 м, тектоникалық ой-

ыста жатыр. Аум. 86,5 км

2

, ұз. 30,5 км, ені жалпақ жерінде 7,3 км, ең терең жері 



6 м-ден асады. Билікөл арқылы Аса өзені ағып өтеді. жайпақ құм жағалауында 

қоға аралас қамыс өседі. Көлде сазан, көксерке, алабұға бар. Билікөлді Жуалы, 

Жамбыл,  Байзақ  аудандарының  шаруашылықтары  қызылша,  бидай,  жүгері 

егісін суаруға пайдаланады. 

Билікөл атауының халықтық этимологиясы туралы дерек жоқ. Түркі тілдес 

халықтар терминологиясында билли немесе белли тұлғаларының қазақ тіліндегі 

синонимдері:  белді,  белегір,  көтерме,  қайқы  түрлерінде  келеді;  өзб.  тілінде 

құтарма (арық жəне қыстақ аттары) Б. гидронимін қазіргі қазақ тілі нормасы 

бойынша «Белді көл» немесе «Асулыкөл» деп тұлғалауға болар еді. Б. қазақтың 

Белбұлақ, Беларық гидронимдерімен туысады. 



Терісащыбұлақ бөгені

(Терисащыбулак) – Жуалы  аудандағы  бөген, Tepic өзенінің  арнасына 1963 

жылы  салынған.  Жалпы  ұз. 13 км,  суының  сыйымдылығы 158, 0 млн  м

3



Топырақтан салынған бөгеттің биіктігі – 32 м, ұз. 1800 м, ені 100 м. Бөгеннен 

канал жəне су құбырлары тартылған. Ең көп су ағымы 36, 2 м

3

/с, орташа ағымы 



4, 23 м/с. Жуалы ауданының 20, 4 мың га-дан астам жері суарылады жəне 30 мың 

га шабындығы суландырылады. 



Тасөткел бөгені

(Тасоткел) – Жамбыл  облысындағы  ең  ірі  бөген.  Оның  су  сыйымдылығы 

620, 0 млн.  м.  Бөген  Шу  өзені  бойында  орналасқан.  Облыстың 42, 3 мың  га 

жерін  суарады  жəне  шабындықтарды  суландырады.  Екінші  ірі  бөген  Теріс 

өзенінде (Жуалы ауданы) салынған. Оның су сыйымдылығы 158, 0 млн. м. суы-

мен 20, 4 мың га жер суарылады жəне суландырылады. Облыста барлығы 36 бө-

ген салынған. Су сыйымдылығы 5, 0 млн. м-ге дейінгі бөгендер саны 13. Об-

лыс аумағындағы тоғандардың жалпы саны 64. Су сыйымдылығы 1 млн. м-ден 

астам тоғандардың саны 28. 

Ең  ірі  тоғандар:  Қарабөгет,  Сұлукөл,  Айдын,  Тұзкөл,  Ақжар,  Қамқалыбай, 

т.б.  Облыста  ауданаралық  жəне  шаруашылықтар  аралығындағы  суару-сулан-

дыру  жүйелері  (каналдары)  қалыптасқан.  Облыс  аумағындағы  ауданаралық 

каналдардың  жалпы  ұзындығы 1220,8 км,  ал  шаруашылықтар  ішіндегі  ка-

налдардың ұзындығы 2714,0 км. 



Боралдай

(Боралдай) – Арыс өзенінің оң саласы. 

Жуалы ауданынан басталып, Оңтүстік Қазақстан облысының Бəйдібек, Орда-

басы аудандарымен ағып өтеді. Ұз. 130 км, су жинайтын алабының аумағы 1760 

км

2

, Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталып, Ордабасы 



ауданындағы Шұбар ауылының маң ын да Арыс өзеніне құяды. Жоғарғы ағысы 

тау шатқалымен өтеді, аңғарында жа байы жеміс ағаштары (алма, долана, жа-

байы жүзім, т.б.) басым. Арыс өзеніне құя тын тұсында аңғары кеңейіп, ені 1-4 

км-ге жетеді. Қар, жаңбыр жəне жер ас ты суларымен толығады. Боралдай кенті 

тұсындағы  жылдық  орташа  су  ағыны 10,5 м/с.  Суы  тұщы.  Минералдылығы 

0, 2-0,4 г/л. Жергілікті тұрғындар Боралдай суын егін, бау-бақша суаруға, ауыз 

суға  пайдаланылады.  Өзеннен  тікелей 10-нан  астам  ирригациялық  каналдар 

тартылған. 



Боралдай

(Боралдай) – Қаратау жотасының оңтүстік-шығысындағы тау сілемі. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Абс. биіктігі 1318 м 

(Бекейтау). Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-ге созылған, ен-

дірек жері батысында (25 – 30 км), оңтүстік-шығысында 5-7 км. Таудың бедері 

те гістеу келген. Талас пен Арыс өзендерінің су айрығындағы беткейлері тіктеу, 

жар қабақты. Боралдайдың баурайынан Боралдай, Қиыршықты өзендері бастау 

алады.  Тау  карбонның  əктасты,  гранитоидті  жəне  интрузивті  жыныстарынан 

тү зілген. Етегі сұр жəне қоңыр топырақты, эфемерлі-бұталы биік шөптер ба-

сым.  Беткейлері  мен  шатқалдарында  түркістан  аршасы,  соғды  шетені,  алша, 

күн бағыс, сонымен қатар, жеміс ағаштары шоғырлана өседі. Боралдайда Ақсу-

Жабағылы қо ры ғының Қарабастау помологиялық (жеміс-жидекті аудандасты-

ру) телімі ор на ласқан. 

ҚиынасуКүйікасу

(Киынасу, Куйкасу) – Қаратаудың шығыс сілеміндегі асу. Жуалы ауданы же-

рін де орналасқан. Абс. биіктігі 1200 метр. Қиынасу арқылы Тараз-Шымкент ав-

томобиль жолы өтеді. 



Қызтоған 

(Кызтоган) – мекен аты (Жамбыл обл.). Халық аңызында «қыздар қазған то-

ған (арық)». Түркі тілдеріндегі ротацизм заңдылығы (р дыбысының алмасуы) 


ЖУАЛЫ АУДАНЫ

102

бо йынша қыр//қыз тұлғалары ауыс-қағыс айтыла береді. Қ. – «қырға шы ға рыл-

ған тоған» мəніндегі атау. 

Шал

(Шал) – Қырғыз  Алатауының  батысындағы  тау.  Тұрар  Рысқұлов  ауданы 

Қазақстан жəне Қырғызстан шекарасында орналасқан. Абс. биіктігі 3788 метр. 

Тау протерезой жəне полеозой шөгінділерінен (гранит, диорит, əктас, құмтас, 

тақтатас,  т.б.)  түзілген. 1100-1200 м  биіктікке  дейін  сұр  топырақты  шөлейт, 

2200-2500 м-де қоңырқызғылт жəне қара топырақты таулық-дала белдемі, одан 

жоғарыда  шалғындық,  шабындық,  орман  қалыптасқан. 3700 м-ден  жоғары 

көпжылдық  қар  жəне  мұздықтар  кездеседі.  Шалдың  солтүстік  бөліктерінде 

суар   малы жəне телімі егіншілік дамыған. Тау бөктерінен Шалсу өзені бастау 

ала  ды. 



Жетітөбе 

(Жетитобе) – төбе аты. Жетітөбенің бірі Жамбыл облысының Жуалы ауда-

нын дағы көне қорған орындарының аты. 

Үлкенсай

(Улкенсай) – асу. Билікөл көл оңт. бөлігіндегі Ащыбұлақ су қоймасы. 



Кiшi Шахан

(Киши Шахан) – тау. Бөкейтау тауының солтүстік шығысында Күреңбел ауы-

лы ның оңтүстік шығысында орналасқан. 

Сарытау

(Сарытау) – тау. Ақсуат тауының шығысында Октябрь ауылының оңтүстік ба-

ты  сында орналасқан. 

Ақтас

(Актас) – тау. Бөкейтау тауының оңтүстік шығысында Ақсуат тауының сол-

түс тік батысында орналасқан. 

Кiшiсу

(Кишису) – тау. Ақсуат тауының солтүстігінде Октябрь ауылының оңтүстік 

батысында орналасқан. 

Қоңыртөбе

(Коныртобе) – тау. Билікөл өзенінің оңтүстігінде Терісащыбұлақ орналасқан. 



Арқарлытау

(Аркарлытау) – жота. Билікөл көлінің оңтүстік батысында, Боралдай өзенінің 

жа ғалауында орналасқан. 


ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

104

105

ОЙКОНИМДЕР, ГИДРОНИМДЕР, ОРОНИМДЕР

Əкімшілік орталығы – Қордай ауылы

Халық саны – 132 500 адам

Аудан аумағы 8973 шаршы шақырымды құрайды

Аудандағы ауылдық округтар саны: 14

Құрылған жылы: 23 желтоқсан, 1933 жыл. 



Ерекшеліктері мен көрнекті орындар

Ауданда  аумағы 3070 га  алқапты  құрайтын  мемлекеттік  табиғи – өсімдік 

қорығы «Құндыз шат қалы» бар. 

Қалалар,  жергілікті  маңызы  бар  сəулет  өнерінің  ескерткіштері  мен  архео-

ло гия  лық  нысандар – халық  ақыны  Жамбыл  Жабаевқа,  жерлес-сарбаздарға 

арналған ес керт  кіштер (1980 ж.), Өтеген батырдың кесенесі, Фаизов, Грищенко, 

Айтеков ескерткіштер мен М. Масаншы мүсіні, Д. А. Фурмановқа арналған ме-

мориалды тақ та жəне зираттар бар. 



 Қордай ауданы                                                                 Кордайский район

Орталығы – Қордай ауылы                                              Центр – аул Кордай

Əкімшілік-аумақтық бірліктер

 Административно-территориальные единицы



р/с

Ауылдық (ауыл,  

кент) округтердің 

атауы

Наименования аульных 

округов (аулов (аул), 

кент) 


Ауылдық 

округтің 

бұрынғы атауы

Прежнее 


наименование 

округа


Округ атауларының 

(орталығының) 

орыс тіліндегі 

атауы 

Наименования 

округов (центров) 

на русском языке



Округ 

орталығының 

атауы

Наименование 

центра округа

1

2

3

4

5

1. 


Алға ауылдық округі

Ноғайбай, 

Бетқайнар, Кенен 

а/о құрамынан 

бөлініп шыққан

Алгинский 

аульный округ – 

аул Алга


Алға ауылы

2

Ауқатты ауылдық 



округі

жаңадан 


құрылған

Аукаттинский 

аульный округ – 

аул Аукатты

Ауқатты 

ауылы


3

Бетқайнар ауылдық 

округі

Успеновка 



ауылдық кеңесі

аульный округ – 

аул Беткайнар

Бетқайнар 

ауылы

4

Жамбыл ауылдық 



округі

Степной, Қасық 

а/о құрамынан 

бөлініп шыққан

Жамбылский 

аульный округ – 

аул Жамбыл

Жамбыл 


ауылы

5

Кенен ауылдық 



округі

жаңадан 


құрылған

Кененский аульный 

округ – аул Кенен

Кенен ауылы

6

Қақпатас ауылдық 



округі

Сарыбұлақ, 

Бетқайнар а/о 

құрамынан 

бөлініп шыққан

Какпатасский 

аульный округ – 

аул Какпатас

Қақпатас 

ауылы


7

Қаракемер ауылдық 

округі

Жаңадан 


құрылған

Каракемерский 

аульный округ – 

аул Каракемер

Каракемер 

ауылы


8

Қарасай ауылдық 

округі

Михайловск 



ауылдық кеңесі

Карасайский 

аульный округ – 

аул Карасай батыр

Қарасай 

батыр ауылы

9

Қарасу ауылдық 



округі

Чернореченка 

ауылдық кеңесі

Карасуский 

аульный округ – 

аул Карасу

Қарасу ауылы

10

Қасық ауылдық 



округі

жаңадан 


құрылған

Касыкский аульный 

округ – аул Касык

Қасық ауылы

11

Қордай ауылдық 



округі

Георгиевка 

ауылдық кеңесі

Кордайский 

аульный округ – 

аул Кордай

Қордай 

ауылы


12

Масаншы ауылдық 

округі

жаңадан 


құрылған

Масаншынский 

аульный округ – 

аул Масаншы

Масаншы 

ауылы


13

Ноғайбай ауылдық 

округі

Ырғайты 


ауылдық кеңесі

Ногайбайский 

аульный округ – 

аул Ногайбай

Ноғайбай 

ауылы


14

Отар ауылдық округі

жаңадан 

құрылған


Отарский аульный 

округ – аул Отар

Отар ауылы

15

Сарыбұлақ ауылдық 



округі

Рисороб ауылдық 

кеңесі

Сарыбулакский 



аульный округ – 

аул Сарыбулак

Сарыбұлақ 

ауылы


16

Сортөбе ауылдық 

округі

Шортөбе 


ауылдық кеңесі

Сортобинский 

аульный округ – 

аул Сортобе 

Сортөбе 

ауылы


17

Степной ауылдық 

округі

жаңадан 


құрылған

Степной аульный 

округ – аул 

Степное


Степной 

ауылы


18

Үлкен Сұлутөр 

ауылдық округі

Красногор 

ауылдық кеңесі

Улькенсулуторский 

аульный округ – 

аул Улькен-Сулутор

Үлкен 

Сұлутөр 


ауылы

19

Сұлутөр ауылдық 



округі

Малоархангельск 

ауылдық кеңесі

Сулуторский 

аульный округ – 

аул Сулутор

Сұлутөр 

ауылы


ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

ҚОРДАЙ АУДАНЫ 

106

107

Гидроним-

дердің қазақша 

атауы 

Гидронимдердің орысша 

атауы

Гидро-

нимдер 

түрі (қаз) 

Гидро-

ним-

дер түрі 

(орыс.) 

Аудан 

Ақкөл


Акколь 

өзен 


р. 

Қордай, Шу ауд. 

Алмалысай

Алмалысай 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Қарасай


Карасай 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Иiнқара

Иинкара 


өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Түлкiлi


Тулькили 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Кетпенқалды

Кетпенкалды 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Қоңыр


Коныр 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Қотыр

Котыр 


өзен 

р. 


Қордай, 

Шу ауд. 


Бестерек

Бестерек 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Борқылдақ

Боркылдак 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Еспе

Еспе 


өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Қақпатас


Какпатас 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Мақы

Макы 


өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Орманбексай

Орманбексай 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Қопалысай

Копалысай 

өзен 

р. 


 Қордай, 

Шу ауд. 


Қошқарсай

Кошкарсай 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Жаман Ешкiлi

Жаман Ешкили 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Қарақайнар

Каракайнар 

өзен 

р. 


Қордай, 

Шу ауд. 


Елiбай

Елибай 


өзен 

р. 


 Қордай, 

Шу ауд. 


Тарылған

Тарылган 

өзен 

р. 


 Қордай, 

Шу ауд. 


Құлыншақ

Кулыншак 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Жылысай


Жылысай 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Сасықбұлақ 

Сасыкбулак 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Көкадыр


Кокадыр 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Ырғайты

Ыргайты 


өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Нарқызыл


Наркызыл 

өзен 


р. 

 Қордай, 

Шу ауд. 

Шатыртөбе

Шатыртобе 

өзен 


р. 

 Қордай, 

Шу ауд. 

Сығынды


Сыгынды 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Мойынтас

Мойынтас 

өзен 

р. 


Қордай, 

Шу ауд. 


Ұзынсу

Узынсу 


өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Ақбұлақ


Акбулак 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Мəдиярсу

Мадиярсу 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

3-Қақпатас

Какпатас 3-я 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Манкелсай

Манкельсай 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Байқансай

Байкансай 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Иiрсу

Иирсу 


өзен 

р. 


Қордай ауд. 

2- Қақпатас

Какпатас 2-я 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

1- Қақпатас

Какпатас 1-я 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Мойынүзiлген

Мойынузильген 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Терлiксай

Терликсай 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Алтыайғыр

Алтыайгыр 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Тоқтанай

Токтанай 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Көкадыр


Кокадыр 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Қалғұты

Калгуты 


өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Жамантал


Жамантал 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Шұбарбайтал

Шубарбайтал 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Қордайсай

Кордайсай 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Ешкiлiсай

Ешкилисай 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Күркiрексай

Куркирексай 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Берiкқара

Бериккара 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Керегетас

Керегетас 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Жаңылсай

Жанылсай 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Исабексай

Исабексай 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Шiлiк

Шилик 


өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Сұлтанбек

Султанбек 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Шөлдемек

Шольдемек 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Шiлөзек


Шильозек 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Оспансу

Оспансу 


өзен 

р. 


Қордай ауд. 

Байғазы


Байгазы 

өзен 


р. 

Қордай ауд. 

Қолқағар

Колкагар 

өзен 

р. 


Қордай ауд. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет