М., Хамзина М. Б. Клиникаға кіріспе: практикалық манипуляциялар алгоритмі



бет7/27
Дата06.12.2022
өлшемі5,89 Mb.
#55118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Тыныс алу тереңдігі - үстіртін және терең тыныс алуды анықтайды. Үстіртін тыныс алу – тыныс алу қозғалысының амплитудасының төмендеуі.
Терең тыныс алу - кеуде қуысының тыныс алу қозғалысның амплитудасының жоғарлауымен сипатталады.
Тыныс алу ырғағы – белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі кеуде қуысында экскурсиясының кезектесуі.
Тыныс алу жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуымен ентігу пайда болады (инспираторлы ентігу - тыныс алу қиындауы , экспираторлы ентігу тыныс шығару қиындауы).
9. Науқасқа оның тыныс алу қозғалысының жиілігін санағанын түсіндіріңіз..
10. Мәліметтерді температура парағында (ф-004у), тыныс бағанында тіркеуді жүзеге асырыңыз (сурет 2).


4. Температура парағы № 004 /е нысаны

Температуралық парақ - пациенттердің дене температурасының күнделікті ауытқуының графикалық түрінде тіркеуге арналған медициналық құжат. Температуралық парақ - бұл науқастың денсаулық жағдайын сипаттайтын негізгі деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған жедел құжат. Онда пациенттің ауруы туралы басқа бақылаулардың нәтижелері толтырылады: тыныс алу және тамыр соғу жиілігі, қан қысымы, тәулігіне шығарылатын сұйықтық пен зәрдің мөлшері және т.б. процедуралар).


Дене температурасының көрсеткіштерін температура парағына бекіту тәртібі:
Стационарда болған бірінші күннен бастап 004/у нысанындағы температура парағына пациенттің дене температурасының графикалық мәндері енгізіледі, ол таңертең және кешке өлшенеді. Күн сайын температура парағының төменгі жағында тыныс алу жиілігі, науқастың салмағы, ішетін сұйықтықтың көлемі, күнделікті зәр мөлшері, нәжістің болуы және ваннаны қабылдау фактісі жазылады.
Жабдықтау: ф-004/е температура парағы, көк түсті қаламсап (қара түсті). Төменде алгоритм, температураны тіркеуге арналған әрекеттер тізбегі сипатталған:
1.Температуралық парақтың басында мыналар жазылады: медициналық картаның нөмірі; бөлме нөмірі; науқастың тегі, аты, әкесінің аты.
2.Парақтың тіркелген күнін көрсетіңіз.
3. Дене температурасын әр өлшегеннен кейін, өлшеу күні, уақыты (таңертең немесе кешке) және дене температурасының мәніне сәйкес келетін көк түсті қарындашпен тік нүкте қойыңыз. Т шкаласындағы бір бөлім 0,2 ° c көрсеткішке сәйкес келеді.
4.Түсірілген нүктелерді Т шкаласынан бастап сызықтармен жалғап, сол арқылы дене температурасын және аурудың фазасын анықтауға болатын температуралық қисығын анықтаңыз.

Нысанның БҚСЖ бойынша коды ___________


Код формы по ОКУД
КҰЖЖ бойынша ұйым коды _______________
Код организации по ОКПО
______________________
Ұйымның атауы Қазақстан Республикасы
Наименование организации Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы
«08» шілдедегі № 332 бұйрығымен бекітілген
004/е нысанды медициналық құжаттама




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет