М., Хамзина М. Б. Клиникаға кіріспе: практикалық манипуляциялар алгоритмі



бет3/27
Дата06.12.2022
өлшемі5,89 Mb.
#55118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ

Қысқартылған сөздер тізімі

ДДСҰ - Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы


МҚК – медициналық қызмет көрсету
СЖЕА– созылмалы жұқпалы емес аурулар
ЖРА- жедел респираторлы аурулар
АМСК – Алғашқы медициналық-санитарлық көмек
АҚ - артериалдық қан қысымы
ТАЖ – тыныс алу жиілігі
ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі
мм с.б.- сынап бағанасының миллиметрі

Глоссарий

Медициналық көмек дегеніміз - халықтың денсаулықты сақтау мен қалпына келтіруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаралар жиынтығы (медициналық қызметтер, ұйымдастырушылық-техникалық шаралар, санитарлық және эпидемияға қарсы шаралар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және т.б.).


Медициналық қызмет - бұл аурудың алдын алуға, оларды диагностикалау мен емдеуге бағытталған іс-шара немесе шаралар кешені.
Науқас - бұл мейіргерлік күтімді қажет ететін және алатын жеке тұлға. Қарапайым медициналық қызмет - бұдан әрі <пациент> + <маман> = <алдын алу, диагностикалау немесе емдеудің бір элементі » формуласы бойынша жүзеге асырылатын бөлінбейтін қызмет.
Мейіргер – мейіргер ісі философиясымен бөлісетін және мейіргерлік жұмысқа құқығы бар кәсіби білімі бар маман. Оқытылған рөлді ойнайтын мейіргерлер - белгілі бір идеалды жүзеге асыруға, біреуге еліктеуге ұмтылып, жұмыста рөлін жақсы ойнайды. Егер мұндай мінез-құлық рұқсат етілген шекарадан асып кетсе, шынайылық жоғалады.
Мейіргер ісі - науқасқа медициналық күтім көрсету, бұл өзгермелі ортадағы денсаулық сақтау проблемаларын шешуге бағытталған кәсіби қызмет.
Кемелділік - ізгіліктің құрамдас бөліктерінің бірі. Жұмысты толыққанды атқаруға мүмкіндік беретін мінез немесе әдеттер.
Мейіргер ісінің этикалық кодексі - бұл әр елдің мейіргерлік кәсіптің өкілдері әріптестері үшін қалыптастырған этикалық қағидалар. Медицина қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында басшылыққа алуға нұсқау берілген этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Мейіргер кәсібіндегі негізгі мақсаттарды, міндеттер мен құндылықтарды бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет