Сурет 2. Температура парағы, № 004 /е нысаны
Температура қисығы - күнделікті өлшеу кезінде науқастың температура ауытқуларының графикалық көрінісі. Температура қисығы безгектің сипаттамаларын визуальды түрде көрсетеді, көбінесе диагностикалық және болжамдық маңызы бар.
5. Қалта ингаляторын пайдалану ережелері (баллон)
Мақсаты: бронх түйілуінің ұстамасын басу үшін қалталы ингаляторды пайдалану.
1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.
2.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап, маска киіңіз.
3.Дәрілік зат салынған құтының жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз және препараттың атауы, дозасы мен концентрациясы емдеуші дәрігердің тағайындауымен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
4.Пациентті отырғызыңыз (препаратты қабылдаған кезде пациент тұрып немесе отырғанда денесін сәл алға қарай еңкейтіп тұруы керек).
5.Аэрозольді төңкеріп (тігінен) бұрап, балонның мүштігінен қорғаныс қақпағын алыңыз.
6.Баллонды тік ұстап, оны бірнеше рет жоғары және төмен шайқаңыз.
7.Науқасқа терең дем шығаруды сұраңыз.
8.Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз. Науқастан терең дем алуын ескертіп, деммен бір уақытта бүріккіштің түбін басыңыз (осы кезде аэрозоль дозасы беріледі).
9. 5-10 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
10. Ингаляциядан кейін баллонға қорғаныш қалпақшасын, оны дезинфекциялағаннан кейін кигізу .
11.Қолғапты, масканы шешіп Б санатындағы жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
6. Қолды гигиеналық өңдеу
Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолдың деконтаминациясын қамтамасыз ету.
Көрсеткіштер:
қолғапты киер алдында және шешкеннен кейін;
ағзаның биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан кейін және микробтық ластанудан кейін;
иммунитеті әлсіреген пациентке күтім жасаудың алдында және одан кейін тексерулер немесе инвазивті процедуралар кезінде және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |