Артериялық қысымды өлшеудің кең таралған әдісі – Н.П. Коротков әдісі. Ол манжетамен қысылған артерия арқылы қанның өтуі кезінде пайда болатын дыбыстарды тыңдауға негізделген.
Ресейлік хирург Н.С.Коротков қан қысымын анықтаудың дыбыстық (аускультативті) әдісін жасап, оны 1905 жылы Императорлық әскери-медициналық академиясында ұсынды. Кейін бұл әдіс «Коротков әдісі» деп аталып, 1935 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдады.
Қанның артериялық қысымы (АҚ) – бұл жүректің жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсетін қысымы. Қан қысымы жүрек қызметі және артериялық қабырға тонусына байланысты. Осы негізгі факторлардан басқа, қан айналымының көлемі, қанның тұтқырлығы және т. б. қан қысымының мөлшеріне әсер етеді.
(Қан қысымын 5 минут аралықпен екі рет өлшейді. Екі көрсеткіш бойынша орташа нәтижесі тіркеледі).
Жабдықталуы:қол тонометрі, фонендоскоп, температура парағы (004-у), антисептикалық немесе дезинфекциялық құрал, мақта түйіршіктері.
1. Науқасты алдағы процедура туралы оның басталуына бірнеше минут қалғанда ескерту және процедураға келісім алу (пациентке қан қысымын өлшеу кезінде сөйлесуге болмайтынын хабарлау).
2.Науқасты жағдайына байланысты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз). Науқастың қолы киімінен босатып және алақанын жоғары қаратуын ұсыну (тар әрі қатты киімге киюге болмайды) Егер пациент отырған күйде болса, науқастың қолы мейлінше жазылған күйде болуы үшін, одан бос қолының жұмылған жұдырығын шынтақ астына қоюын сұраңыз.
Сурет 1. Қан қысымын өлшеу 3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары , оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады (саусақ манжет пен пациенттің қолдары арасында еркін өтуі керек).
4.Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтап, фонендоскопты сол қолмен ұстаңыз.
5.Манометр шкаласындағы тілдің қалпын «0» белгісінде тұрғандығын тексеріңіз.
6.Вентилді жауып, баллон арқылы манжетке ауа жіберіледі. Кәрі жілік артерия қысымы жоғалғанша ауа манжеттің көрсеткіштері бойынша манжеттегі қысым шамамен 30 мм сынап бағанасынан асқанға дейін толық ауаны жіберу қажет.
7. Вентильді оң қолдың бас бармағымен және сұқ саусағымен сағат тіліне қарсы және баяу, жылдамдығы 20 мм с.б. аспайтындай ашып, манжеттен ауаны босатыңыз. Бір мезгілде фонендоскоптың көмегімен білек буын аймағында иық белдеуінде пайда болған дыбысты естіп және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.
8. Иық артериясында алғашқы дыбыстар пайда болған кезде (оларды Коротков тондары деп атайды) систолалық қысым деңгейін белгілеңіз.
9. Иық артериясындағы тондардың күрт әлсіреуі немесе толық жоғалуы кезінде диастолалық қысымның мөлшерін белгілеңіз.
10.Қанның артериалды қысымының биіктігі мен пульстік қысымның нәтижесін бағалаңыз (пульстік қысым - бұл систолалық және диастолалық қысым арасындағы айырмашылық, орташа есеппен сынап бағанасы бойынша 40 мм с.б.- ге тең 40-50 мм. с.б. б. дейін) Систоладан 60% аспау керек. Бұл көлемнің жоғарылауы немесе төмендеуі мүшелер мен тіндердің қалыпты қанмен қамтамасыз етуін бұзады, жүрекке және тамырларға күш түседі.
11.Дәл нәтиже алу үшін артериялық қысымды қолда кезекпен 3 рет өлшеңіз, аралығы 5 минут. Науқасқа өлшеудің орташа нәтижесін айтыңыз (егер науқастың қан қысымы өзгерсе, дәрігерге хабарлаңыз).
12.Фонендоскоптың мембранасын антисептикалық немесе дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандыру.
13.Артериальды қысымның алынған нәтижені сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін температура парағына тіркеу. 0 немесе 5 - ке дейін дөңгелектелген нәтижелерді бөлшек түрінде (алымында – систолалық қысым, бөлімінде-диастолалық қысым) және графикалық түрде температуралық парақта (баған түрінде) тіркеуді жүргізу. Температура парағында АҚ бағанында 5 мм.с.б. б., оның жоғарғы шекарасы систолалық, ал төменгі жағы диастолалық (сурет. 1)
3.Тыныс алу қозғалысының жиілігін есептеу