М., Хамзина М. Б. Клиникаға кіріспе: практикалық манипуляциялар алгоритмі



бет11/27
Дата06.12.2022
өлшемі5,89 Mb.
#55118
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
8. Стерильді қолғап кию ережелері


Жабдық: пакеттегі зарарсыздандырылған қолғаптар.
1. Өзіңіздің қолыңызға сәйкес қолғаптың өлшемін, өнімдердің жарамдылық мерзімін, қаптаманың бүтіндігін тексеріңіз (сурет 5-6).
2. Жоғарғы жиектерін әр түрлі бағытқа тарту арқылы қаптаманы сыртқы қабатын ашыңыз. Стерильді қаптаманың ішкі жағын ұстамаңыз.
3. L (сол жақ қолғап) және R (оң жақ қолғап) әріптері қолдарға қатысты тиісті қалыпта жататындай етіп, ішкі қаптаманы ашып жайыңыз.
4.Доминат қолға арналған қолғапты текшесінен алыңыз ( манжеттің қайырылған жоғары шетінен ұстап). Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне және екінші қолғапқа жанаспауы қажет) .
5.Доминат қолдың саусақтарын біріктіру және қолғапқа енгізу;
6.Қолғап қиілген дайын қолмен екінші қолғапты алыңыз, саусақтарыңызды оның қайырма астына сырғытыңыз. Стерильді қолғаптағы саусақтар екінші қолғаптың ішкі беткейіне жанаспауы қажет.
7.Қолыңызға екінші қолғап киіп, саусақтарыңызды білек терісіне тигізбеңіз және қайырмасын жазыңыз, оны халаттың жеңіне қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.
8.Қолдың терісіне тигізбей бірінші қолғаптың қайырма жақтарын түзетіп ашу.
9.Қолғап қолдың бүкіл жұмыс аймағын толығымен қорғайтындай етіп саусақ ұштарын тегістеп тарту қажет.


9. Манипуляциялардан кейін қолғапты шешу ережелері
Жабдықтар: қолғап, « Б класындағы» жоюға арналған контейнер.
1.Саусақтарыңызбен білек аймағында қолғапты ұстап, оны оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.
2.Шешкен қолғапты екінші қолмен қайырмасынан ұстаңыз.
3.Қолғабы шешілген қолдың саусақтарын ішке – екінші қолғап пен білектің арасына салыңыз.
4.Екінші қолғапты қолыңыздан төмен түсіріп, оған бірінші қолғапты салыңыз.
5. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.5. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Сурет 5. Стерильді қолғап кию техникасы


Сурет 6 . Стерильді қолғап кию алгоритмі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет