М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


«Сарыарқа тарихы» 2-ші нұсқа/



Pdf көрінісі
бет6/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190
«Сарыарқа тарихы» 2-ші нұсқа/.
Озық ойлы, қоғамда жүріп жатқан толқулар 
мен көтерілісті, осының салдарынан орын алған 
туған халқының жан даусын Мәшһүр Жүсіп 
тереңінен түсінді. Бостандыққа деген ұмтылыс деп 
бағалады. Әсіресе, терең, сұңғыла ойлы ақынды 
арпалыс өткен Кенесарының өмірі, жорықты 
жолы ерекше толғандырды. Қазақ үшін Кенесары 
Қасымұлының орны әркезде де биікті болатынын 
түсінді. Осы мақсатпен «Кенесары» жырын жазды. 
Қазақ халқының болашағын ойлаған ақын 
Патшалық Ресейдің, одан кейінгі кеңестік жүйенің 
көздеген түпкі мақсатын тани білді. Саяси жүйенің 
астарында қазақ жерін отарлау мақсаты, арам 
пиғылы жатқанын анық білді. Соған жүрегі ауырып, 
түн ұйқысы төрт бөлінді. «Қайтсем, не істесем 
ұлтыма пайдам тиеді» деп ойланды. Толғанды. 
Әсіресе, қазан төңкерісі қарсаңындағы алмағайып 
кезең, тартысқа толы өмір, сол бір тұстағы алаш 
қайраткерлерінің жан пида еңбегі үлкен жүректі 


7
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ақын Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығына тың 
серпін берді. Сондықтан осы бір алмағайып кезеңде 
жазылған ақын шығармаларын тәуелсіздік идеясы 
тұрғысынан жеке зерттеп білген дұрыс. 
«Мәшһүр» аты шығып, халыққа кең танымал 
болуына ең алдымен тұңғыш қазақ газеті - «Дала 
уәлаяты» беттерінде ХIХ ғасырдың соңғы он 
жылдығында жарияланған өлең, мақалаларымен 
қатар, 1905 жылғы халық наразылығы өсуінен 
сескенген Ресей патшасының сөз бостандығына жол 
ашқан Қазан манифесі әсерімен Қазан қаласында 
басылған: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір 
тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі 
екендігі» кітаптарының әсері мол болды. Баспа 
бетіндегі уақытша берілген кеңшілікті пайдаланып, 
патшалық Ресейдің отарлау саясатының астарын, 
жер тартып алуын, сөз, пікір айтуға шектеу қоюын 
қазақ зиялылары ішінде ең алғашқылардың бірі 
болып әшкерелей бастаған Мәшһүр Жүсіп екені 
белгілі. Сол еңбегі үшін 1912 жылдан бастап 
ақынды қудалау басталғаны, біраз уақыт оның 
үйінен кетіп, қайда екенін айтпай, ел ішінде 
жасырын жүргені де мәлім. /Мәшһүр Жүсіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет