М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


ТҮРІК ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ЖҮСІП



Pdf көрінісі
бет18/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

ТҮРІК ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ЖҮСІП
М.Н. БАРАТОВА
ф.ғ.к., доцент, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ. 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
18
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
дәуір шындығы шешуші ықпал жасаумен бірге 
оның туындыларының жанрлық сипатын да 
негіздеді. Осы орайда халықтың өз мүддесі 
үшін күреске ұмтылуын тудыру үшін, тікелей 
үгіт айту, дидактикалық сарын етек алуы да 
заңды еді. Сөз жоқ, бұл кезеңде жалаң үгіт 
айту, дидактикалық ықпал қанат жаюынан өлең 
көркемдігінің біршама солғындау мүмкіндігі 
де туғаны анық. Әйтсе де көркем шығарманы 
тек әсемдікті әспеттеу құралы деп қараумен 
шектелмей, қайта сонымен бірге пәрменді насихат 
көзі ретінде пайдалану басқа да өз әріптестері 
тәрізді Мәшһүр Жүсіптің де ХІХ ғасырдың соңғы 
ширегі мен ХХ ғасырдың бас кезінде тікелей үгіт 
өлеңдерін көбірек жазуын негіздеді. Осы орайда 
тікелей үгіт айтуға бағытталған өлеңдерінің бәрінің 
көркемдігі төмендеді деуге келе бермейтінін, қайта 
көп ретте сол насихатты неғұрлым әсерлі беру 
үшін де, көркемдік ізденістің өзіндік сан түрлері 
отау тіккенін де ескермей кете алмаймыз. Демек 
бұл өлең түрі туралы А.Байтұрсыновтың: «Ақыл 
айтқан, жол көрсеткен, жөн сілтеген мағыналы 
өлеңдер- үгіт өлең деп аталады» [2, 240 б.]- деуі 
тегін емес дегіміз келеді.
Міне, бұл тұста орыс лирикасының сыр-
сипатын ашуда көп тер төккен В.Д.Сквозниковтың 
ақын Баратынский поэзиясындағы дидактизмді 
атап көрсетуін [3] және И.Ю.Подгаецкаяның 
«Маяковский өлеңдерінің лирикалық пен шешендік 
бастаулар түйісуінің көп түрлі нұсқаларын» 
беретінін [4] атап көрсеткеніне назар аударғымыз 
келеді.
Дидактикалық өлең жазудың көне шығыс 
поэзиясында кең орын алғанын діттеу үшін 
Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» (1069-1070) 
кітабынан үзінді келтіреміз.
Білім-өнер қонады үйренгенге,
Қадірлесең, сені олар сүйрейді өрге.
Оқу оқы, білім ал, жүрме бекер,
Қажетіңе сол жарар күн келгенде.
Білім шешер бар сырдың тас түйінін,
Білім ал, оқы өмірді жақсы ұғынғын.
Біліміңді іске қос, тағы оқып,
Тағы үйренсең ғанибет, шат бұл күнің [5].
XV-XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясын алсақ 
та, дидактикалық өлеңдердің аз еместігіне көз 
жеткіземіз:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа!
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа! 
Асан қайғы. XV ғ. [6, 66 б.]. 
Балаларыма өсиет:
Болмаңыздар кепиет.
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Ақтамберді Сарыұлы. XVІІІ ғ. [6, 102 б.].
Қазаққа пайда мынау, малын бақсын,
Отқа жайып, суарып, бағып қақсын. 
Шал Құлекеұлы. XVІІІ ғ. [6, 157 б.].
Еменнің түбі сары бал,
Еріскен көңіл бәрі бал.
Жоғарыдан төмен төгейін,
Керегіңді теріп ал.
Қасыма ерген жолдастар,
Антыңды бұзып айрылма,
Зейініңді бермен сал.
Махамбет. ХІХ ғ. [7, 64-65 б.].
Міне, көркем әдебиетті алдымен халыққа 
қызмет ету құралы деп түсінген ақындар тікелей 
үгіт өлеңдерін жазса, ондай туындыларды төменгі, 
екінші сортты деуге келе бермейтінін дәлелдеу үшін 
данышпан суреткер ақын Абайдың өзінің ара-тұра 
болсын, тікелей насихат өлеңдерін ұсынғаны тегін 
емес деп санаймыз:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап-босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның, білсеңіз. 1886 ж. [8, 65 б.].
Мәшһүр Жүсіптің тікелей үгітке арналған 
дидактикалық өлеңдерін сараласақ, онда оқу, кәсіп 
меңгеру, ізгілікке ұмтылудың бастау көзі ретінде 
Алланы мадақтаудың өріс алғанына көз жеткіземіз:
Исламның бес парызы: біреуі- иман,
Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет