ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
134
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
артық жүрген. Қылмыскерлерді өзі жазалаған,
оларды кейде асау атпен сүйретіп, аяусыз өлтірген.
Ол жөнінде аңыз да бар. Біреу қызына зомбылық
көрсетті деп, бір қазақ шағым айтып келіпті. Шоң
кінә тағылған адам мен бойжеткенді шақыртып
алыпты. Біріншісіне пышақ, екіншісіне оның
қынын беріп, бойжеткен қынды шыркөбелек
айналдырып тұрған кезде пышақты қынға салуға
жігітке әмір етіпті. Бұны істеуге жігіттің дәрмені
жетпегенін көріп, дала Сүлеймені оны кінәсіз
деп тауыпты. Шағым қуған қыз әкесіне уағыз
айтып, оны бірер түйгіштеп, келген бойымен кері
қайтарыпты»-деп жазады.
Әкем тірі, ағам ірі болды...
Шоңға сәлем берем деп Байдалының бір жас
баласы келіпті.
-Қай баласың? – дейді Шоң.
-Байдалының баласымын,-дейді бала.
Байдалының мен көрмеген қай баласысың?
-Жалға түсіп сыналмаған баласымын.
Әкем тірі болды, ағам ірі болды,
Сондықтан билік құра алмаған баласымын,-
дейді.
Сонда Шоң балаға тура қарап: «Қасқа
айғырдың баласы қасқа тумаса да, төбел туады»
деген осы екен-ау» - депті.
Шоң мен Ақтайлақ билердің емеурін‑
ыммен сөйлесулері
Уақ елінің мықтылары Сүйіндіктен барымтамен
жүз жылқы алдырыпты. Осы себепті екі елдің
арасында дау туып, ақыры сөйлесе келгенде екі
жақтың басты адамдары келісімге келеді. Бірақ,
бұл келісім жасалғанда Шоң би жоқ екен. Екі
жақтың шешіміне келіспей Шоңның өзі барады.
Ақтайлақ деген атақты биінің үйіне түседі. Ақтайлақ
кедейленген кезі екен, амандықтан кейін; «Көрші
ауылға барып келейін» - деп кетерде әйеліне:
Едігенің Шоңы келді,
Бұрынғылардың соңы келді.
Қазаныңа ас сал,
Аз болса көбейт,
Көп болса азайт,
- дейді.
Көрші ауылдағы саудагерлердің жаңа киіз үйін
ас-ауқатымен ала келіп Шоңды екі күн құрметтеп
күтеді. Бұл уақытта екі жақтың арасында ешбір
сөз болмайды.
Үшінші күні Шоң қайтатын болады. Ақтайлақ
құрметтеп, шығарып салады. Біраз жерге дейін еріп
барып Ақтайлақ тоқтап:
-Шоң, Шоң! – деп дауыстайды.
Шоң жалт қарайды. Ақтайлақ қолын көпке
бір сілтейді, көкке бір сілтейді де ерінің қасын
ұрады. Екі би түсінісіп дау осы ишаратпен бітеді.
Жанындағылар емеурінді түсінбей сұрағанда, Шоң
былай деп шешіп берген екен: Ақтайлақ бидің
жұмбақтап әйеліне айтқан сөздері: «Бір біткен
билікті бұзып, өзің келдің, енді өзің айт шешімін»,
«Қазанға ас сал, аз болса көбейт, көп болса азайт » -
дегені, бұрынғы кесімді кеміт дегені. Ал ат үстінде
тұрып қолымен ымдағаны-менің тұрмысымды
көкте құдай білсін, жерде екеуіміз-ақ білейік,
кедейлігімді ешкімге айтпа дегені,-депті.
Достарыңызбен бөлісу: