М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет139/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

Мұса Шорманұлы мен Шоң
Мұса мырза жас кезінде қарт Шоңнан:
-Ақ сауыт деп нені айтамыз?
Арғымақ деп нені айтамыз?
Жақсы деп кімді айтамыз?
Ер жігіт деп кімді айтамыз?
-сұрапты. Сонда қарт Шоң: 
Ақ сауыт деп айтамыз-атқанда оғың өтпесе,
Арғымақ деп айтамыз – желгенде жылқы 
жетпесе,
Жақсы деп соны айтамыз – тозған елді септесе,
Ер жігіт деп айтамыз – жауға тастап кетпесе,
-деп жауап беріпті.
Шоң нақылдары
Құдай рахмет қылсын: «Шоң би айтады 
екен: «Берген аста береке бар», «Береке»-деген 
періштенің аты. Берген үйдің асына періштесі 
береке береді. «Бермеген аста біте бар». «Біте» 
деген – шайтанның аты. «Бермеген үйдің асын 
Біте деген шайтан сорып құртады»- дейді. Отыз 
жеті жасымда Ташкент барғанда, атармын (солай 
жазылған-А.Қ.) (аңармыз) құлақтан құлақта 
қалған сөз еді. Алпыс үш жасымда нұсқа болып 
қағаз үстіне жазылды. Жасымда жүрмесем, 
тұрмасам, маған бұл қайда? 1921-інші жылында 
25-декабрьде-жаңаша»-депті Мәшһүр-Жүсіп.
Тіл мен көз
Бір сөзді жазып отырғанда, бір сөз ойға 
түсіп кетеді. Шоң би, Торайғыр би және қасында 
Тайкелтір бидің тоқалынан туған баласы Өтеп 


135
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
сақау бар және Торайғырдың атшысы Ыстықмұрт: 
Ерсары бар-Қаракесекке бітімге бара жатып, 
Қаракесектің бір аулына жақындап қалғанда, бір 
кісінің басындай доп-домалақ ақ тасты көріп
айнала тұра қалып, тамаша қылып, көреді де, кете 
барады. Ауылға барып қоныпты. Байдың екі ала 
бас ботасын, екі аққара бас марқасын көріп, тамаша 
қылып, таңданыпты. Бұлар аттанғанша, екі бота 
да, екі марқа да пышаққа ілініпті. Сонан соң бұлар 
әңгіме қылыпты: 
-Мына екі бота мен екі марқаға біздің көзіміз 
тиді. Кешегі біз таңданған тас қайтті екен?-десіп, 
әлгі ауылдан аттанып, әдейі барып, тасты көрсе, 
ортасынан қақ жарылып жатыр екен дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет