М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет22/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
- деп атағанды жөн көрдік. Оларға: «Ибраһим», 
«Пайғамбардың соңғы тілегі», «Пайғамбардың 
өсиеті», «Ханымбике», «Күйеу Мағзұм мен 
Хұршым» және «Момынның әйеліне шығарғаны» 
өлеңдері жатады.
Бұл тұста «хикаят», не «сюжетті өлең» 
ұғымынан сәл бөлектеу тұрған, өмірдегі бар 
деректерге, көбінесе өмірбаяндық шежіреге 
негізделген шығармаларды бір бөлек топтап
оларды: «деректі өлең» - деп ұсынғанды жөн 
көрдік. Мәселен: «Бөгелген хат» (1909), «Айқап» 
туралы (1915), «Малсыз дала» (1925). Бұл 
туындылар ақынның өз көзі көрген жекелеген 
келеңсіз деректерді келтіріп, соған нақты сын 
айтуға арналған. Ал, енді бір өлеңдерді өмірдегі 
деректі фактілерге негізделсе де, бір оқиғаны 
айта отырып, сол іспетті басқа да құбылыстарды 
қамту ерекшелігімен де көркем жинақтауға иек 
артқан деректі өлеңдер деп қарастыруға болады. 
Мәселен: «Жылым – қой, тауық жылы мен үш 
жаста», «Мәшһүр» атты қалай алғандығы туралы», 
«Мәшһүрдің алпыс сегізінде сөйлегені», «Мәшһүр 
Жүсіптің өлер алдындағы сөзі» өлеңдеріндегі көп 
деректер шындық көшірмесі. Бұл туындыларда 
Мәшһүр Жүсіп өміріне қатысты дерек көздері 
алынса да, соны тірек ете отырып, ақынның 
жалпы қоғамдағы қайшылықтарды т.б. кең 
қамтуға ұмтылуы - бәрі жеке дерекпен шектелмей, 
жинақтауды да қоса қамту үлгісін танытады. Нақты 
бір оқиғаны, не жеке бір адамды сөз ете отырып, 
уақыт, кезең ерекшелігін біршама кең ашуға 
ұмтылу ақынның: «Мұса Шорманұлының асы», 
«Қажыларға», «Байдалының Исасына», «Бердібек 
Қазанғапұлына» өлеңдерінде орын алған.
Мәшһүр Жүсіптің хикаят өлеңдерін сараласақ, 
оның аңызға негізделгендері де өз алдына бір 
төбе: «Кәф пен Нон», «Құдайым жексенбі күн жер 
жаратты», «Абыраһа мен Мұтылаб», «Мұхаммед 
пен Әбужаһил», «Мұхаммедке пайғамбарлық 
келгені», «Ғалының ниеті», «Ықылас сүресі», 
«Сүлеймен мен Ібіліс» және «Адам ата мен 
Шайтан», «Пайғамбардың нұры», «Ораза туралы», 
«Расулдың өлімі» т.с.с. Бұл аңыз өлеңдері, яғни 
хикаят өлеңдері арқылы Мәшһүр Жүсіп қазақ 
лирикасының жанр ретінде толысу, жетілуіне көп 
ықпал етті. Бұл туындыларда түрлі лирикалық 
бейнелер арасындағы шағын тартысты енгізу 
көмегімен ақын лириканың жанрлық толысуына 
ықпал етті, ішінара эпос, драма әсерін қабылдай 
отырып, өзекті ерекшелікті, лирикаға тән өзіндік 
сипатты сақтап қалудың соны түрлерін тудырды. 
Өлеңнің өмірді қамту мүмкіндігі кеңейе түсті, сол 
арқылы шығарма көркемдігін, әсерін арттырудың 
соны үлгілері қанат жайды. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.-Б.291.
2 Байтұрсынов А. Шығ.- Алматы: Жазушы, 1989.- 320 б.
3 Сквозников В.Д. Реализм лирической поэзии.- Москва: Наука, 1975.- 231 с.
4 Подгаецкая И.Ю. Стилевые формы общения с массовой аудиторией// Теория литературных стилей: 
Многообразие стилей советской литературы. Вопросы типологии.-Москва: Наука,1978.-С. 173-174.
5 Жүсіп Баласағұн. Құтадғу білік. // Қазақ әдебиеті, №29, 18 июль.-1986. Б. 4. (Ауд. Ислам Бейсебаев).
6 ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы . – Алматы: Ғылым, 1982.- 240 б.
7 ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы.- Алматы: Ғылым, 1985.-320 б.
8 Абай. Шығ., 1-том. – Алматы, Ғылым, 1977.-454 б.
9 Мәшһүр Жүсіп. Шығ. 1-том. –Павлодар: ЭКО, 2003.- 436 б.
10 Мәшһүр Жүсіп. Шығ. 4-том.- Павлодар: ЭКО, 2004.- 535 б.
11 Мәшһүр Жүсіп. Шығ. 2-том.-Павлодар: ЭКО, 2003.- 384 б.
12 Поспелов Г.Н. Лирика.-Москва: Моск. университета, 1976.- С.159-160 .
13 Квятковский А. Поэтический словарь. Москва: Сов. Энциклопедия.- 1966.- С.228-229. 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет