Шорман мен Татпай
Қыстың күні жау алып кеткен жылқысы
Қарауылдан шығып, Шорман бас болып барғанда,
бұл елде онымен сөйлесуге тең кісі бола қоймай
Татпай деген биді алдырады.
Татпай кедей, үсті-басы жүдеу, мінген аты да
өзіне лайық емес екен. Осы өңімен Шорманға келіп
амандасып отырғаннан кейін:
-Уа, Шорман, басыңды көтеріп неге елге
жауап бермейсің? Бай дейін десем бай емессің,
батыр дейін десем батыр емессің,-депті. Сонда
Шорман басын көтерпі, Татапайдың үстіне қарап
отырып:
-Япырмай, бұл ел жорғасы мен жүйрігін
арқасын жауыр, құйрығын жолақ қылып,
желқомның астында сақтайды екен-ау!-депті.
Татпай бөгеліп қалып, Шорманның дауын
бітіріп, жылқысын қайтарыпты. Кейін Татпай биге
«Шорманға неге жауап қайырмадыңыз» дегенде
Татпай:
Шорман маған: «Елдің қадірсіз ұстайды
екен»-деді. Мен оған кигізген киімдеріңді, мінгізген
аттарыңды айтайын ба?-депті.
Шорманның көңіл айтуы
Құдайменді баласы өліп, көңіл айтып, жұбату
үшін барғандарды елемей төсек тартып қайғырып
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
142
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жатып алса керек. Сол жағдайды естіп Шорман
бидің айтқаны:
«Құдайменде төресің,
Хақтың ісін білесің.
Жалғыз балаң өліп,
Құдай сізді көріпті.
Арғын атаң Барақ хан,
Жұртты аузына қаратқан,
Ол да өткен дүниеден;
Екінші атаң Тұрсын хан,
Көрген адам қымсынған,
Өз әкең Қасым хан,
Аруағы оның басым хан,
О дағы өткен дүниеден;
Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді,
Күйзелтпе хан еліңді,
Қайғырғанмен келмейді,
Ажалсыз пенде өлмейді.
Өлсең, міне пышақ,
Өлмесең басыңды көтеріп бақ!»
-дегенде Құдайменде басын көтеріп, Шорман
бимен құшақтасып көріскен екен.
Достарыңызбен бөлісу: |