М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет147/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   190
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Байдалының Шорманға айтқан 
төрт нақылы
Шорман 90 жастағы Байдалы биге сәлем 
беріп, «үлгілі сөз естиін»-деп бала жігіт күнінде 
барған екен. Би: «О, кәрілік, мен саған не жаздым!»-
дей беріпті. Қонаға бір қонып аулына қайтқалы 
жатқанда Байдалы қарт бала Шорманға: «Не алып 
қайттың?»-депті.
-«Ойхой, кірілік, мен саған не жаздым»-дегенен 
басқа ештеңе естігенім жоқ,-депті Шорман. Сонда 
Байдалы Шорманға:
-Сөздің анасы сенде еді, баласы менде еді, өзің 
бастамаған соң мен не айтайын, ана таппаса, бала 
тумақшы емес. Әдейі ат арытып келген ғой, төрт 
ауыз сөз айтайын, соны алып қайт,-деп Байдалы:
-Алыста не алыс,
Жақында не жақын?
Тәттіде не тәтті,
Ащыда не ащы?
-депті. 
-Алыстан-жер мен көктің арасы алыс,
Жақында – ерлі-байлы кісінің арасы жақын.
Тәттіде-сол қатыннна туған бала тәтті,
Ащыда-сол бала қаза тапса сол ащы,
-дейді Шорман.
-Бір айтуға бұ да жарайды, бірақ анығы бұлай 
емес. Жер мен көктің алыстығы жоқ, көзге көрінеді. 
Ерлі-байлы қатынның жақындығы жоқ, талай 
қатын мен еркектің араздасып келгенін көріп айрып 
жібердім. Жақын болса біреуінен біреуі айрылар 
ма еді? Бала да тәтті емес, айтуға ғана. Әкесімен 
араздасып келіп баласын әкесінен айырып әкеткенді 
де көрдім. Ондай баладан айрылғанның ащылығы 
жоқ. Төрт сөздің шешілуі мынау:
Алыста-білімді мен наданның арасы алыс,
Жақында-өлім жақын.
Тәттіде-жан тәтті,
Ащыда-жаннан айырылу ащы.
«Алтын берген дос емес, ақыл берген дос»-деп 
бұрынғылар осындай сөзді айтқан екен. 
Шорман бидің екі сөзі
Ерден, Жүзеннің әкесі Сандыбай өлгенде, 
бәбішесі қайғырып жатып алыпты. Көңіл айтып 
жұбатқандардың сөзін құлағына ілмепті. Бір күні 
Шорман би келсе де, бәйбішесі күрсініп жата 
беріпті. Сонда Шорман бидің айтқан көңілі екен:
Жатырмысың қайғырып,
Өтіп кеткен абыланға.
Алладан бұйрық келгенде,
Кім тұрады жалғанда.
Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма,
Талайы қалған арманда.
Айтатұғын сөз бар ма,
Бір жаратқан алғанда.
Әуелде жазған дағдырды,
Бір жаратқан бұзған ба!
Үш жүздің анасы емес пе едің,
Өзің көңіл айтсаңшы,
Біздей жетім қалғанға!
Сонда бәйбішесі: «Ә, солай ма еді?»
-деп басын көтеріп, бимен амандасқан екен. 
Шорман мен Ғазыхан
Бір жиында арғын Ғазыхан деген кісі:
Өткір пышақ қынға қас,
Өткір сөз жанға қас
-депті. 
Сонда Шорман би айтыпты:
-Өткір сөз дауға пайда,жанға қас,
Өткір пышақ қолға пайда, қынға қас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет