М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Шорманның жас кезі Шорман деген кісі он үш жасында әкесі өліп,
жетім қалпы, «Шорман бала» атанған екен. Бас
қосылған жерде әңгіме-сөзге кірісіп, аттыға жол,
жаяуға сөз бермей, «Шорман бұлбұл» атанған екен.
Қаракесек, Төртуылдың басы қосылған жиында
Тіленші биді алды-артын орап, сөйлетпейді дейді.
Сонда Тіленші би айтқан екен:
-«Өзім асыраған текешік өзіме жау болды»,-
деген осындайды айтқан екен-ау!-депті. Жұлып
алғандай, Шорман бала айтты дейді:
-Жақсылық өз қолыңда болса, бірі-ақсақ, бірі-
таз-екі балаң бар ғой. Оны неге Шорман қылып
алмай жүрсің?-деген екен.
Тіленші би дәнеме айта алмай, ұялып қалады
дейді.
Б ұ л Ш о р м а н б и қ а с ы н д а б і р н е ш е
жолдастарымен Қуандықта бір Атымтай деген
байдың үйіне келіп, қону үшін бас салып кіріп келіп
отыра қалды дейді. Байдың өзі қарт басқан кісі екен.
Жамбасының астында бір тоқым бар, от басында
жантайып жатыр екен. Әлекедей жалаңдаған бір
тоқал қолды-аяққа тұрмай, ұшып-қонып, от басында
жатқан шаламен де ісі жоқ, төр алдында отырған
қонақпен де ісі жоқ, түн жоқ, қисайған бойымен
қисайып жатты да, қойды дейді. «Қонақ келді-ау-
деген,-бұған жабдық қыл»-деген байдан да ешбір
сөз болмады, тоқалдың да ойы бөлінбеді.
Сонда Шорман би сөйледі дейді:
-Сүйіспеген қонақтың кім екенін білмейді,
езу тартып күлмейді. «Су анасы-бұлақ болар, сөз
анасы-құлақ болар. Адамның жаны денесіне қонақ
болар, жанның досы дүниеде тамақ болар»-деген
екен-ау!-дейді.
Сонда жантайып жатқан шал басын көтеріп
алып:
-Уай, жаным-ай! Қатынға қадірі қалмаған,
қағып төсек салмаған, қара көзден нұр тайған,
қатынға қайрат бел тайған. Қатын тілді алмаса,
от басына жантайған-деген осы болтұғын,-дейді.
Шорман би:
-Тойдым, тойдым, төркіндеген әйелді ерткен
қосшы сықылды күйде тұрған кәріп екенсің!-депті.
Тоқал да сөз түрінен шошып, бар әлінше күтті
дейді.