М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет144/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   190
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
-Менің әкемнің аты-«Үшқасқа»-атанған 
Жанкісі, Байкісі-Күшіктің Күшігі,-депті.
-Күшіктің әкесі кім?-дегенде,
-«Мырзағұлдың алты ұлы атанған»-
Сатыпалды-Тәтидің Тәтиі,-депті. 
-Тәти әкесі кім?-дегенде,
-Құдайқұл, Мырзақұлдың Мырзақұлы,-депті. 
-Мырзақұл әкесі кім?-дегенде.
-Анай,-депті.
-Анай әкесі кім?-дегенде.
-Телі тентек,-депті.
-Телі тентек әкесі кім?-дегенде,
-Алтынторы-Құлыке-Бегімнің Құлыкесі-депті. 
-Құлыке әкесі кім?-дегенде,
-Қаржас,-депті.
-Қаржас әкесі кім?-депті.
-Уай, абыз-еке-ай, бұрынғының айтқаны 
қайда: «Өзен тұрып, өзге жерге қонған нәмірд, // 
Өзі болған жігіттің түп атасын сұраған-нәмірд»-
деп. Қаржастың әкесін де с...н, оның әкесін 
сұрағанның тап аузын с...н!-дегенде, Сүгірәлі абыз 
қарық-қарық күліп: 
-Пәлі, Шорманым, жарайсың! Пәлі, 
Шорманым, жарайсың!-деп, арқаға қаққан екен. 
–Сені жұрт: «Шорман бала»-деп, білмей айтып 
жүр екен: «Шорман бұлбұл»-деп атауға дәп туған 
ұл екенсің!-деп, тобына айтып барыпты. –Қара 
қылды қақ жаратұғын әділ екен. Шорманның өзін 
алыңдар!-деп айтқан екен. 
Жұмабайдың Шорман атануы
Шорман күшік ұлының әкесі қойған 
аты Жұмабай екен. Қызыл тауда отырғанда 
Жұмабайдың (Шорманның) он төрт жастағы 
кезінде жұттан барлық малы қырылады да, барлық 
жылқысын жау алып кетеді. Сол себепті ел қатарлы 
жайлауға шыға алмай Сәти (Тәти-Тәті деп те 
жазылады-А.Қ.) аулы тауда, жатақ қалады. 
Шорманның атасы Мырзағұлмен бірге туған 
жадыгердің бір ұрпағы Алыпқара-бай екен. Сол 
Сәти аулы (Күшік баласы Жұмабай, Байкісі баласы 
Ордабай және Жанкелді т.с.) жатақта қалды деп, 
оларды көшіріп әкелуге Талас (Қаржас ұрпағы) 
Шөпіні бірнеше кісімен, көлікпен жібереді. Ол 
кезде Анай аулы Шідерті өзенінің бас жағын, 
Қаракөл-Ниязды, Ерейменнің сыртына дейін 
жайлайды екен. 
Жайлауға келгеннен кейін Жадыгер, Алпықара 
Жұмабайға (Жұмабайдың әкесі Күшік мұның сегіз 
жасында дүниеден өткен) «Өзін менің малымнан 
бөліп, көңілің тойғанша енші ал» десе, Жұмабай: 
«малыңыздың берекесін алып не қылайын, бір 
жерде болса, көрікті ғой. Маған тек жқсы ат пен 
мына Шәкеңді жолдастыққа беріңіз»,-депті. –Сонан 
соң атпен Уәлиханның еліндегі былтырғы шауып, 
айдап әкеткен жылқымды іздеймін және Уәлиханды 
көріп, қолынан ұстап, сәлем беремін-депті.
Бірнеше күн жүріп Көкшетудағы Уәли ханның 
аулына барып, жолдан келген ханға сәлем беріп 
сұхбаттасады. Уәли Жұмабайды жас болса да ел 
ішіне беделі өрлеп келе жатқанын сырттан біледі 
екен. Және арғы аталары Анай, Мырзагүл, Сәти 
төрелермен терезесі тең қазақтың атақтыларының 
бірі екендігіне сырттай қанық болатын. 
Жұмабайды шатырына түсіріп, одан ордасына 
шақырып алып ардақтап үш күн құлын сойып 
күтеді, сырласады. «Қаржас аруағы» деп аузына 
алып, қатты сыйлап, құрметтейді. Жұмабай жүруге 
ниет білдіргенде, Уәли хан:
-Балам, бұйымтайыңды айт,-дейді.
Сонда Жұмабай:
-Балапан едім, ұша алмай тұрмын,
Балдырған едім ұйыса алмай тұрмын.
Терің сіңген киіміңізді киейін,
Тебінгіңізді тиген атыңызды мінейін.
Сиырды аусыл – мәлік алды,
Қойды – аққұлақ боран алды.
Жылқыны Тайқара – Бейбіт алды,
Осы мұң-мұқтажымды шағайын деп келдім,
-деген. Жұмабайдың тақпақтап айтқан сөзіне көңілі 
түсіп, ырза болған Уәли хан:
-Шырағым, әуелі сенің атың Жұмабай емес, 
«Шорман» болсын!-депті. Содан соң өзі киіп 
жүрген таза шапанын, өзі мініп жүрген Ақтабан 
атын және жау алған жылқысының орнын 
толықтыру үшін табынан алдырып біраз жылқы 
берген, сонсын:
Өзің айдай қайт, болмаса ел арасы ұзамай 
сенімді кісі жібер, шырағым, алапатың артық, 
мәртебең жоғары болсын! – деп бата берген. 
Шорман елге келгеннен соң Уәли ханға кісі 
жіберіп берген жылқысын айдатып алдырған. 
Содан Шорманның дәулеті бұрынғыдай сабасына 
түсіп, бақыты өсіп, ата-бабасындай абыройлы 
болған және Шорман атанып кеткен. 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет