М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


МӘШҺҮР-ЖҮСІП РУХАНИЯТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ



Pdf көрінісі
бет167/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   190
МӘШҺҮР-ЖҮСІП РУХАНИЯТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
Ә.А. ТҰРЫШЕВ
ф.ғ.к., доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент‑мүшесі 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
154
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
етіп езу мен құл етудің объектісі деп қана есептеген 
болса, орыстың алдыңғы қатарлы ғалымдары мен 
жазушылары қазақ халқының тұрмысын, салт-
санасын, әдет-ғұрпын, оның бостандық сүйгіш ниетін 
сүйе зерттеді. Россияның езілген халықтарының 
праволарын қадірлеу, олардың тұрмысын әділ 
суреттеу алдыңғы қатарлы, демократиялық орыс 
мәдениетінің дәстүрі болып табылады. Бұл дәстүрді 
орыс әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю. 
Лермонтов, ұлы сыншы-демократ, В.Г. Белинский 
тамаша айқын бейнеледі.
Қазақстан тақырыбымен шұғылданған орыс 
жазушыларының шығармаларында екі бағыт: 
реакциялық-шовинистік және демократиялық-
реалистік бағыттар болды Ф. Булгариннің «Иван 
Выжигин» (1829) деген повесті, И. Скоблевтің 
әңгімелері (1834) қазақ халқын қорлап, кемітеді. 
Бұларға қарама-қарсы А.С. Пушкин, В.И. Даль 
(Луганский), В.А. Ушаков және басқалары қазақ 
халқының ауыр тұрмысын, езілген жағдайын, 
оның арманын, орыс халқымен достық қарым-
қатынастарының басталуын адамгершілік тұрғыдан 
суреттейді.
Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин, Пугачев 
бастаған шаруалар соғысының тарихына 
байланысты материал жинау үшін 1833 жылы 
қасына жазушы В.И. Дальді ертіп Орынбор мен 
Оралда болды. Сөйтіп ол қазақ халқының өмірімен, 
тұрмысымен, ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерімен 
танысып, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының 
сюжетін жазып алды. Баян мен Қозының өмірі, 
олардың терең сырлы махаббаты мен күйініштері 
ұлы ақынды өте қызықтырады. Өзінің Пугачев 
бастаған көтеріліс жайындағы еңбегінде және 
«Капитан қызы» деген повесінде ол қазақтар мен 
башқұрттардың көтеріліске қатысқанын, қазақ 
ханы Нұралының патша үкіметін қолдағанын 
көрсетеді. Осы орайда, біз орыс қаламгерлерінің 
қазақты орыстарға жеткізіп, таныстырғанын 
В.Дальдің, В.Ушаковтың, В.Белинскийдің әдеби 
туындылары мен сын-зерттеулері қазақтар 
жайынан, қазақтардың әдебиеті жайынан сөз 
қозғап отырған. Мұнда да біздің пікріміздегідей 
олар қазақ әдебиетінің қасиетін орыстан емес, 
өзімізден – даланың тәкәппар ұл-қыздарынан 
табады. Қазақ халық әндері жер төсінен шымырлап 
шыққан бұлақтай, өрекш-өркеш таулардай 
қаздардың қанатына мінгесіп, желмен жарысып 
жердің бетін кезетінін баяндаған олар әдебиетімізді 
де өз болмысымыздан іздейді. В.В.Радлов: «Қазақ 
халық поэзиясының дамуы жоғары сатыға жеткен» 
десе, А.И.Левшин: «Қазақ халқының бойынан 
біз поэзия мен музыкасының бұлағын көреміз ... 
Қазақ қауымы адамның ақын және музыкант боп 
туатындығының жаңа бір дәлелі болып отыр» 
дейді. Бұдан қалса, С.Г. Рыбаков: «Қазақ поэзиясы 
жалпы сапасы тұрғысынан, тілінің анықтығы, 
ойларынан бейнелілігі, лирикалық қасиеті жағынан 
айрықша дарлана түседі» - деп баға береді 
(Ж.Шәкен. Орыссыз қазақ әдебиеті жасалмас па 
еді? // Жас қазақ. №7 (59) 24 ақпан, 2006 жыл.). 
Пушкиннің, Лермонтовтың, Белинскийдің 
шығармалары кавказ бен Орта Азия халықтарының 
тұрмысынан алынған тақырыптарға жазған 
көптеген жазушылардың шығармаларына әсер 
етті. Бұл В.И. Даль мен В.А. Ушаков сияқты 
жазушылардың шығармаларынан айқын көрінеді. 
Ушаков өзінің «Киргиз-қайсақ» («Қазақ») 
деген повесінде жасында құлдыққа сатылып 
кетіп, Виктор Славин аталған қазақтың жетім 
баласының ауыр жағдайын суреттейді. Орысша 
тәрбиеленіп, білім алсадағы, ол бәрібір көп қорлық 
көреді. Славин тек қазақ болғандығынан ғана 
орыстың дворянка қызы Софьяға үйлене алмайды. 
Софьяның әкесі, князь Любской, қызының тегі 
жағынан өзіне тең емес, жат ұлт адамына күйеуге 
шыққысы келуіне қатты ызаланып, келісімін 
беруден мүлде бас тартады.
Осы повесінде дворяндардың надандығын, 
олардың дүниеге көзқарастарының шектеулілігін 
батыл әшкерелей келіп, жазушы адамгершілікті 
қорғайды. Ол оқушыларының назарын қазақ 
кедейінің ауыр тұрмысына аударады: бұл жағдай 
жоқшылық пен аштықтың салдарынан өз баласын 
шешесінің еріксіз сатуынан өте-мөте айқын көрінеді.
1833-1841 жылдары Орынборда және 
Оралда чиновник болып істеген В.И. Даль 
қазақ ауылдарында жиі-жиі болып жүреді. 
Ол қазақтардың тұрмысы, дәстүрлері мен 
әдеттері жайында, ауыз әдебиеті жайында 
бірсыпыра очерктер мен әңгімелер, повестер 
жазады («Майна», «Түншіл», «Орал казагы», 
«Солдаттың бос уақыты», «Бекей мен Мауляна», т.б 
повестер жазады. Бұл шығармаларды Белинский, 
Добролюбов, Тургенев жоғары бағалайды.
«Бекей мен Мауляна» деген повесінде адал 
және ақпейіл қазақ жігіті Бекейдің ерлігі, оның 
орыстармен достығы, өзінің аса қатал әкесі, феодал 


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет