«Бір кісіге біреу айтты» – алпыс сегізінші
бап. 4 тармақты, 8 шумақты өлең. Лирикалық
жанр. Жаңылтпаш – жұмбақ өлең. Көтерген негізгі
тақырыбы: Қазақтың байырығы салтын, дәстүрін
насихаттау. Өлеңнің қысқаша мәні мен мазмұны
мынадай: «Бір кісі біреуге нағашы мен әкеңнің інісі
едім, танимысың? – дейді. Сіз қалайша әкемнің
немересісіз? – дейді». Өлең жұмбаққа құрылған.
Сөйтсе, шешесінің бірінші күйеуі өліп, бір қыз
қалады, ол қызды қатыны өлген бір шал алады.
Ол шалдың бұрыннан бір ұл баласы болады.
Сол балаға бағанағы шешешесі көзін салады.
Шешесі қызық, бағанағы шалға беріп, балаға өзі
тиіп алады. Мінекей, оның әкесі менің туысым
дегеннің мәні осы екен. Иманғали Мәнен: 2-папка,
229-231 беттер, Мұхаметфазыл 5 – папка, 11-12
беттері бойынша алыныпты. Қараңыз: осы томның
367-бетін [6, б.344, 367].
«Айдабол», ру – тарихы. Тарихи-эпикалық
жанрға жатады. Арғын – Құтан – Мейрам –
Сүйіндік – Суғыншы – Шуманақ – Құлболды
– Айдабол – Малқозы – Толыбай – Олжабай).
Құлболдының бәйбішесінің аты Мақпал. Демек,
Айдаболдың әкесі Құлболды. Мақпалдан: Күлік,
Тұлпар, Айдабол. Айдабол он үш жасында билік
айтып, елді аузына қаратқан шешен болған. Ел
аузында «Артың болса, Айдаболдай ұл тап» – деп
Мақпал бәйбіше мақтанатын сөз қалған. Сол
Айдаболдың өзі ер жетіп, ат басын тартқан шақта
бәйбішесінен: Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы;
ортаншы тоқалынан: Аққозы, Бозқозы, Қарақозы;
кіші тоқалынан: Қожакелді, Тайкелтір. Айдабол
би Тайкелтірге Қошшетер деген баланы «Енші
орнына қарабауыр қылып ал!» – деген екен.
(Құнанбай күндебау қылып Кәмшатты береді –
А.Қ.) Қарабау // күндебау басы байлы құл есебінде
«жетім бастатқан тоғыз» есебіне де кіреді – А.Қ.
Қоштердің шешесі Шанышқылы-Қоштердің
қызы екен. Айдабол би нағашы атасының атын