М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ жетеді. Панова мен Бахтиннің «Мұхаммед
пайғамбардың өмірі» кітабында да Л.Н. Толстой мен
Ф.М. Достоевскийдің Құдайдың ақиқаттығына,
бар екендігіне қатысты ойлары тегіннен – тегін
айтылмаса керек.
Шәкәрімнің өзі:
Толстой кәпір емес, кәпір өзің,
Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.
Көңілің соқыр, надансың, бейілің қара,
Нұр, жарығың қалайша көрсін көзің –
- деп Толстойдың Е.Векиловаға жазған хатында
«...Сондықтан мені мейірімді мұсылман деп қана
санауыңызды өтінемін» деп жауап қайтарған
Шәкәрімнің өзі Толстойдан үлгі алып, үй-
ішінен аулақ оңаша жазуға кеткен. (Лев Толстой.
Ясная Поляна, 1884 жыл, сәуір және 1909 жыл
15 наурыз). Шәкәрім орыс – еуропа классиктерін
сүйіп оқыған. Салтыков, Толстой, Гоголь, Пушкин,
Лермонтов, Некрасов шығармаларын аударған.
Шопенгауэрдің ой-толғамдарын, Бичер Стоу
Гарриеттің еңбектеріне ден қойып кейбірін
қазақшаға аударғаны белгілі.
Шоқанның үнемі хат жазысып, хабарласып
тұратын Петербургтегі достары: Ф.М. Достоевский,
А.Н. Майков, В.С. Курочкин т.б. еді. Шоқан
1856 жылы Ф.М. Достоевскийге жазған бір
хатында өзі қызмет істеп, өмір сүріп жүрген
жерін ұнатпай, содан кеткісі келгенде: «Омск
так противен сплетнями и интригами, что я не
на шутку думаю его оставить. Как вы думаете об
этом? Посоветуйте, Федор Михайлович. Как это
устроить лучше?» - деп жазса, тап 1856 жылы
Парижде жүрген И.С. Тургенев Россияға – Л.Н.
Толстойға мынадай хат жазады: «Париж бұдан
бұрын маған мұндай жексұрын көрінген емес еді.
Бұл қалаға өте рахат тұрмыс жараспайды. Мен
Парижді басқа бір жағдайда көріп едім, онда маған
ұнаған болатын...» - деді.
И.С. Тургенев пен Ш. Уәлиханов екеуі бірін-
бірі көрмей білмей-ақ сол 1856 жылы екі қала
туралы жазған хаттары қалай сабақтасып жатыр
десеңізші. Жат елде, бөгде жерде жүрген екі адам
бөтен қалаларда өмір сүріп, соның ойы-қырын
білмегендіктен ұнатпайды. Әрине, жағдайлары
ұйқаспаса да іштей жатырқап, іштері пысып, мүлде
кеткісі келетіндігін баяндайды. Орыс пен қазақ
халқының ардагерлері бірін бірі алыстан ұғысады.
Шоқан Уәлихановтың жас кезінен бастап-ақ
Н.Ф. Костылецкий, Н.И. Дабшинский, Т. Сейфуллин
сияқты Россияның зерделі адамдарымен тікелей
байланыста болуы мәлім. Бұлардың бәрі де Қазан
университетінің Шығыс факультетін бітірген егде
адамдар, жас Шоқанның қалыптасуына айрықша
ізгі әсерін тигізгендер. Екі жақты Шоқан тәрбиесін
жазушы Сәбит Мұқанов түбегейлі көрсетіп, көп
жылдық зерттеу нәтижесін жариялады.
Сол дәуірде Шоқан Уәлиханов көрнекті
ориенталист, тюрколог-профессор И.Н. Березинмен
хат жазысып, пікірлесіп жүрді. Оған себеп болған
И.Н. Березиннің жақын досы өзі әдебиетші-
ориенталист Ф.И. Костылецкий еді. Жер аударылып
Омбыда жүрген тарихшы-ғалым Гансевский де зор
ықпал жасады. Аты шулы әлемге аян ұлы демократ
Н.Г. Чернышевскийдің жас досы, әрі шәкірті,
өзі әдебиетші В.П. Лободовскийдің де құнарлы
әсері тимей қойған жоқ. Ендеше, И.С. Тургеневке
Шоқанның қиырда жатып үн қосуы заңды сияқты.
Өр талантты жас Шоқан Омбыдағы кадет
корпусында оқып жүрген кездің өзінде-ақ
Д. Фонвизиннің, И.А. Крыловтың, А.С. Грибоедовтың,
А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, Яновскийдің,
В.Г. Белинскийдің, А.И. Герценнің (бүркеншік аты
- Искендер); Н.Г. Чернышевскийдің шығармаларын
сарқа оқуы анық, солармен қатар Батыс Европаның
атақты жазушылары Шекспир, Руссо, Карлейль,
Диккенс, Теккерей т.б. орыс тіліндегі нұсқаларын
меңгере білуі даусыз. Орыс елінің көрнекті ғалымы
Н.И. Веселовский қыршын күнінде дүние салған,
оған дейін өзекті еңбектері орыс, ағылшын тілдерінде
жарық көріп, айдай әлемге танылған біздің Шоқан
Уәлиханов жөнінде: «Шығыстану ғылымының
құнарлы өлкесінен жарқ етіп өте шыққан құйрықты
жұлдыз Шоқан еді», - деп, шындықты бүкпей
айтты. Сәбиттің Шоқан туралы жазған романын
«Аққан жұлдыз» деп атауы Н.М. Веселовскийдің
осы мінездемесімен сабақтасса керек-ті. Сол кезде
жер аударылып Омбыда жүрген декабрист Дуров
Шоқанды: «Жұрт таңырқарлық кесек ойлы адам»
деп бағалады. Шоқанмен кадет корпусында бірге
оқыған досы, заманында Сібір ғалымдарының
шамшырағындай болған Г.Н. Потанин: «…у нас с
Чоканом происходили большие споры в его квартире,
каждый раз я уходил от него разобиженным, потому
что чувствовал себя всегда побитым на всех пунктах.
Я все-таки думал, что моя сторона правая, только я не
имею ни тех знаний, ни того искусства, какие были у
Чокана, чтобы спорить с ним», - деп мінездеме берді.