М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ қашып құтылған осылар. Үштің біріне қосылған
Әз Едіге Кіші жүзден шыққан 43 мәтін кіші жүздің
ұрандарына арналған. ОҒКҚҚ, № 1177 папка, 190-
191 беттері бойынша даярланды. Қараңыз: 426 бетті.
Сонымен Байұлы он екі ата Беріш ұраны – Ағадай [2, б.165, 426].
«Адамға сырлас – қанат, құйрық» – (мақал).
Ауыз әдебиетінің жанры. Тұрақты тіркестердің бір
түрі – мақал мен мәтелдер. Мақал мен мәтелдер
халықтың ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен,
өмір тануынан қорытындылап, ереже түрінде
тұжырымдалған аталар сөзі, ой түйіні. Мәселен,
адамның қос қанаты – екі баласы. «Балтакерей
Тұрсынбай құлағы шұнақ екен құйрығы шолақ
екен» – демей ме, сонда құйрығы шолақ болу, себебі
туыстары жоқ дегені. Демек, құйрығы ол туыстары,
артынан ерген ұрпақтары. Адамға не сырлас болуы
мүмкін әйелі, балалары, достары, жолдастары,
туыстары т.б. Олай болса, адам ұрпағымен мың
жасайды. Жалғыздық құдайға ғана жарасады [5,
б.91-93, 51].
«Арақ туралы Опай ұғлы Қағибадан рауаят» – алпыс жетінші бап. Лирикалық жанр.
4 тармақты, 27 шумақты өлең. Өлеңде көтерген
мәселесі арақ ішуге қарсылық және маскүнемдерге
қарсы үгіт-насихат жүргізу көзделген.
Мысалы:
Аяқтары кісен-ді, қолда – шынжыр,
Өлдім-талдым дегенде бір су берер,
Ол суды ауызға алып ұрттағанда,
Ұстаған ол, ішсе ауыз, қарны жидір.
– арақ ішіп, күнәға батқандардың көретін күні
жоғарыдағыдай болады екен деп суреттейді.
Немесе,
Жабылып жылан, шаян, әне, талар,
Заһарына шыдай алмай надан қылар,
Ішінде ол зынданның мың жыл қалған,
Дамыл, тыныштық көрмей зәре қалар
– дейді. Өлеңді оқып отырып, адамның арақ
ішпек түгіл, оның исі келсе жүрегің айнитындай
дәрежеге келеді. Өлеңнің көркемдік үгіттік қуаты
өте күшті. Өзінің құнын әлі де жойған жоқ. Өлеңді
жоғары мектеп оқушыларына, студенттерге оқып,
теріс қылықтан ада қылуға деген тәрбиелік мәні
де күшті. Өлеңнің тілі де уытты, адамға тигізер
әсері де бар. Өлеңді оқып отырғанда, көркемдік
ерекшелігіне де таң қалмасқа болмайды. Енді
өлеңнің тілін бірер мысалдар арқылы дәлелдейік.
Өлеңнің лексикалық құрамы мынандай: бөтелке, домбыра, кісен, шынжыр, лақат, жүзік, жылан, шаян, зындан, шиша, білезік, тәж, алқа, кітап т.б. Өлеңнің мазмұнына байланысты экспрессивті-
эмоциональды мәні күшейген сөздер: мойнына бөтелкесін іліп, аузынан арақ исі шығып, боқтан сасық, жиіркенер барша халық, мастарды тозаққа сал, сасық тер, жаман иістері, ірің, сарысу жиылған т.б. Иманғали: 2-папка, 224-229 беттері
бойынша енгізілген. Қараңыз осы томның 367 бетін
[6, б.341-344, 361, 367].