М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет42/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Жібермей жүр шығуға биік өрге,
Қорғалатар қайдағы тау мен жерге.
Ұйтқып соққан борандай ұйлықтырып,
Күнде-күнде түсіріп қара терге (52 б.).
Міне, мұндағы «он бес» сөзі он жердегі бес, 
яғни елу дегені, «біреуі-ақ кем» түсіндірмесі осы 
жолдарды жазып отырғанда, жасының қырық 
тоғызда (яғни 1907 жылы) екенін ескерткендігі 
анық. Лирикалық қаһарманның бір түгіл он 
«беске», яғни 49-50-ге келіп отырып, алғашқы 
бес жасындағыдан көп ұзамағанына назалануын 
ақын әсерлі жеткізген. Алғашқы бес жастан кейін 
уақыттың көп өткенін айнаға қарағанда зәрені алған 
сақал-шаш өзгерісі бұлтартпай дәлелдесе, келер 
шумақтағы «өмір бойы аң қуып алмай жүрген» 
жағдай, яғни ақынның діттеген мақсатына жетпеуі, 
соған қынжылуы көңіл бөлерлік. Бұл нәтижесіздік 
себебі ақынның өзінде емес, заманында екені соңғы 
шумақта ишаратпен берілген. Яғни біреулердің 
лирикалық қаһарманды биік өрге, демек ақын 
арманын жинақтап заттандырып кескіндеген 
өрге (шынында табиғаттағы өрге шыға алмауды 
әйгілеп тұрмағаны мәлім ғой) жібермей жүргені, 
ол аз болса, «қайдағы тау мен жерге» қорғалатып, 
соған қоса, «ұйтқып соққан борандай ұйлықтырып» 
«күнде-күнде... қара терге» түсіруі бейнеленген. 
Мұның бәрі- лирикалық қаһарманның мақсат, 
арманын да, оған қарсы тұрушылар әрекетін де 
жинақтап, деректі: өр, тау, жер, боранға балап, 
ұтымды жеткізу үлгілері.
Төрт шумақтан тұратын мұндай туынды ғана 
емес, не бары төрт, не сегіз тармақтан құралған 
дербес өлең түрлері де Мәшһүр-Жүсіпте аз емес. 
Шалқар ойды шағын өлеңге, оның ішінде төрт 
жолды шумаққа сыйғызу жалпы шығыс, оның 
ішінде X-XIV ғасырлардағы араб, парсы, түркі 
поэзиясына тән құбылыс екенін біз Әбу-Насыр 
Әль-Фараби (Х ғ.), Жүсіп Баласағұни (ХІ ғ.), Омар 
Һаям (ХІІ ғ.), Қожа Хафиз (XIV ғ.) т.т. өлеңдерінен 
білеміз. Мәселен, Жүсіп Баласағұнидің: «Тіл-
арыстан: есік баққан ашулы, // Сақ болмасаң, 
жұтар, ерім, басыңды»,- тәрізді екі жолдық өлеңін 
жеке алсақ та, біткен, аяқталған ойды да, идеяны да 
ұшырастырамыз. Осы дәстүрді Мәшһүр-Жүсіптің 
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында 
өзінше өрбіткенін мына үлгілерден көреміз:
Әр істі ойлау керек әуел бастан,
Не пайда өнері жоқ жігіт жастан.
Мәз болма мұнарланып көрінгенге,
Кісі жер жемісі жоқ тау мен тастан (28 б.).
Дос қой деп ішкі сырын түгел айтып,
Опық жеп жүрген жан көп аңдамастан.
Бір өрттен қалмайтұғын қалың қаудай, 
Баянсыз бақ-дәулетке болма мастан (29 б.).
Үрген қуық- бүгінгі жұрттың басы,
Бас болса, болар еді көздің жасы.
Таққа мініп, басына тәж қойғанмен,
Иттің кетпес ойынан жерік асы (79 б.).
Қаңтар мен ақпан болды күз орнына,
Сылдырлап сырнай шықты сөз орнына.
Жылтыраған екі тас орнатылды,
Бұрынғы қайран сәуле көз орнына (79 б.).
Көріп отырғанымыздай, мұндағы әр төрт 
жолдық туындыда шығарманың тақырыбы да 
ашылып, идеясы да тамамдалып бітіп тұр. Бірінші 
туындыда алдымен әр істі басынан ойлау керектігі 
діттелсе, ондағы екінші тармақта «өнері жоқ жігіт 
жастан» пайда жоқтығы мәлімделіп, үшінші, 
төртіншіде құр мұнарланып көрінгенімен, тау мен 
тастың «кісі жер жемісі жоқ» екенін шегелеумен 
шығарма аяқталып тұр. Екіншіде «дос қой деп 
ішкі сырын түгел айтып» жүргендердің опық 
жеуі берілсімен, соның жалғасы ретінде «бір 
өрттен қалмайтұғын қалың қаудай» «баянсыз 
бақ-дәулетке» мастанбау идеясы алға тартылады. 
Үшіншіде сол кезеңдегі адамдар басының үрген 
қуыққа ұқсайтыны, себебі онда көз жасы жоқтығы, 
таққа отырса да, иттің жерік асын ұмытпайтыны 
сөз болады. Бұл «парасаты жоқтарға, тексіздерге 
билік беруге болмайды»,- деген идеяға жетелеп 
тұр. Төртіншіде алдымен болуға тиіс күз, демек 
сәл салқындай бастау емес, барынша суық қыс 
орнағаны паш етіледі. Соңынан бұрынғы сәулелі 
нағыз шынайы көз орнына адамдарға жылтыраған 
екі тас орнатылғанына, демек, көрмеушілік белең 
алғанына назар аударылған. Тағы бір топ мысал 
келтірейік:
1. Көрінгеннің бәрі жау, ел жоқ болды,
Айнала сор, мал қонар көл жоқ болды.
Үңгіріндей аюдың ауыз біткен
Ауыз баста болғанмен, тіл жоқ болды (79-80 б.).


41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет