М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет44/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
оны қимауы, қайта оралуға шақыруы беріледі: «Тіл 
қаттым ақындыққа мен сөз бастап, // Шынымен 
кеткенің бе мені тастап?!» Сөзбе-сөз ұғынсақ, 
«ақындық» - жан иесі емес, оның лирикалық 
қаһарманнан жырақтап кетерлік аяғы, тіл қатарлық 
ауызы жоқ. Әйтсе де шартты ұғым «ақындықтың» 
лирикалық «меннен» бөлініп сын айтуы әсерлі:
Замана жылдан-жылға болды өзге,
Бір жан жоқ құлақ қояр жақсы сөзге.
Сүйсініп сұхбаттасар жан қалмады,
Менің бар не керегім,- деді- сізге?
Соқырлар қайдан білсін көз қадірін,
Танитын жан қайда бар сөз қадірін?
Танысын қарға, бұлбұл қайсысы оңды,
Жамандар білмей жүрген өз қадірін.
- Сақтамас, қадіріме ешкім жетіп,-дейді.
Таусылды бастас кісім бітіп,- дейді.
Тікенге қонақтауға арланғаннан ,
Барамын мен бұл жерден кетіп –дейді (160 б.).
«Мәшһүр-Жүсіптің шабдар атпен айтысқаны» 
өлеңіне лирикалық қаһарман мен шабдар ат 
деректесуі өзек болған. Шығарма фабуласымен 
таныстырсақ, ақын бір өлген адамның қырқына 
барып қайтарда, оған басқа жақтан ұрланып 
әкелінген бір жауыр шабдар ат байланады. 
Лирикалық «мен» былай шыға бере әлгі аттан 
қайдан келгенін сұрап біледі. Сөз жоқ, бұл арада да 
тілсіз жануар сөйлеуі, адамдар арасында орын алған 
пайдакүнемдік, ұрлық, өтірікті ат аузымен қағыту 
өте әсерлі. Мәселен, ақынның: «Ысқатқа сендей 
малды байлағаны // Малы жоқ, қара қасқа кедей 
ме еді?»- сауалына ат былай үн қатады:
Жоқ, жоқ, бай-ақ еді таптан озған,
Анау-мынау кісі емес, Қақсал-Қозған.
Өз өлігін осынша өзі қорлап,
Уасуасы бар жұмысты шайтан салған.
Ақынның лирикалық қаһарманы одан әрі 
көз жұмушының туысы жоқ шығар дегенді 
білдірсе, ат оның ұрпақтарының да, туысының 
да жетерлік екенін, тек осы іске араласушылар 
пайдакүнемдігінен келеңсіздіктер туып отырғанын 
тарата дәлелдеп береді. Шабдар берген жағымсыз 
мағлұматтарды естіп қаныққан соң, жауырынына 
өлең жазылған қағазды жапсырып, атты лирикалық 
қаһарман бұрынғы иесіне қайтарып, босатып қоя 
береді. Міне, адамдар арасындағы жосықсыздықты 
шартты бейне, ат дабыралауымен ашу арқылы 
әжуа күшейе түссе, бұл да Мәшһүр-Жүсіптің 
суреттеу амал-тәсілдерінің түрлішелігінен деп 
дәйектеген жөн.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының әлем 
жаратылысы, жер мен көк сыры, ислам діні 
тарихы, ізгілік, хақ жолын іздеген адамдар өнегесіне 
арналған аңыздарға негіздеп біраз дастандар 
жазғаны белгілі. Біздің қоса айтарымыз: ақын тек 
хикаялар емес, өлеңдердің біразын да сол тақырыпқа 
арнаған. Соның бірі- «Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен 
айтысы», «Мәшһүр-Жүсіптің ала қарғамен айтысы» 
өлеңдері. Мұнда да ақынмен сұхбаттасушы болып 
адам емес, шартты бейнелер: тырна, қарға алынған. 
Шартты дейтініміз: сөзбе-сөз ұғынсақ, тырнаның 
да, қарғаның да тіл қатуы, көне тарихты баяндауы 
мүмкін емес. Әйтсе де сол шарттылық арқасында 
адамдар арасындағы келіссіздік сыры, жер бетіндегі 
тіршілік тарихы соншалық әсерлі де, шынайы 
жеткізілген. Мәселен, «Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен 
айтысы» туындысында алдымен лирикалық 
қаһарман күзде жылы жаққа қайтып бара жатқан 
тырнаға көңіл бөліп, оның не бітіргенін білгісі 
келіп сауал береді. Тырна өз балапандарын өсіріп 
қайтқанын мәлімдей келе сөз соңында Сүлеймен 
пайғамбар мен тоты құс әңгімесін келтіреді. Бірде 
көп балалар тұзақ құрса да, басқа жаққа ұшып 
кетпей жүрген тотыны көріп, Сүлеймен таңданса, 
құс бейғам жауабымен ерекшелінеді:
Балар қиналады тартып азап,
Тақсыр-ау, қаш демеңіз мені қажап.
Тор түгіл, оқ атса да ұстатам ба,
Бұларды қылып жүрмін ойын, мазақ (172 б.).
Ақырында «арада бірнеше күн өткізбей-
ақ» сол «тотыны ұстап біреу алып» келгенде, 
«бадырайып жатқан торға неге түстің?»- сұрағына 
тоты жауап қайтарады:
Мен торға түспейін деп аспанға ұштым,
Сізбен емес, баламен ерегестім.
Жер жүзін өрт алыпты, тегіс күйіп,
Көздей жер сау көрінді, келіп түстім.
Көрінген өрт боп маған сор екен сол,
Сау жер болып көрінген титтей ара,
Балалар құрып қойған тор екен сол! (173 б.).
Бұл мысалдан, өз мүмкіндігін шамаламай, 
алданып, торға түсіп, опық жеуден,- Мәшһүр-Жүсіп 
өз замандастарына, өзіне сабақ боларлық ұқсастық 
байқайды:


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет