М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет5/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯЛАРЫ
АБДУЛХАК МАЛКОЖ (ABDULHAK MALKOÇ) 
доктор, Анкара университеті, Анкара қ., Түркия


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
6
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жолы – қазақтың жолы, бабалар жолы. Сондықтан 
жырдағы «Мұсылманның баласы» деген сөзді 
«қазақтың баласы», «алаштың азаматы» деп 
түсінген абзал. Және ұлы ақынның солай ойлағанына 
кәміл сенемін. Ақын өмір сүрген заман, сол кездегі 
қоғамдық түсінік үшін «мұсылман» - «қазақ», 
-«қазақ» - «мұсылман» деген ұғыммен бірдей. 
Өкінішке орай заманынан озып туған дара 
ақынның еңбектеріне Кеңес Одағы жылдарында 
қатаң тыйым салынды. Оның үстіне ақындық 
пен исламның ақ жолын қатар ұстанып, өмірінің 
соңына дейін алған бетінен бұрылмаған біртуар 
тұлғаны «дін апиын» деген таяз ұстанымды бетке 
ұстаған атеистік қоғам одан бетер халқынан 
аластатуға тырысты. Бірақ та халқының жүрегінен 
орын алған ақынды, көріпкел әулиені біржолата 
ұмыттыра алмады. Еліміз тәуелсіздік алып, ардақты 
тұлғаларымыздың есімі атала бастағанда, солардың 
қатарында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да туған 
халқымен қайта қауышты. 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Кенесарытану» 
ғылымына өлшеусіз үлес қосқан тұлға және 
көшбасшысы деп айтсақ та болады. Кенесараның 
қазақ халқының ұлт азаттығы жолындағы жорықты 
жолын баяндай отырып, аңсаған мұратын дәл 
көрсетті. Оны жырдың өзегіне айналдырды. 
Кенесараның аңсаған арманы – қазақ халқының 
бостандығы. Міне, осыны ақын жырда анық айтты, 
әрі именбей тура жырлады. Әсіресе, Патшалық 
Ресейдің отарлау саясатын дәл дөп басып айтты. 
Оған ақынның мына жыры дәлел бола алады: 
Біздің бұл Сарыарқадағы қазаққа: «Қазақ, 
бізге бағын, қара! - деп, - Ақ патшадан жарлық 
алып шықтым! - деп, Иван Семеныш (Семенович) 
[полковник Карпачеев -Е.Қ.] деген полковой 
(бөлкебай) келді.Сонда онымен таласа Қытайдан 
да елші келді: «Қазақ саған қарамайды, маған 
қарайды!» - деп. Ол екеуінен басқа қазақтың өзі 
ішінен Кенесары, Наурызбай деген шықты: «Бұл 
екеуіне бағынбаңдар! Өзімнің соңыма еріңдер!» 
- деп.
Онда олар айтты:
Бағынба, қазақ, орысқа!
Бағынсаң, қазақ, орысқа,
Осы бастан амандас
Сарыарқа деген қонысқа!
Береке кетер асыңнан,
Билік кетер басыңнан!
Негеннен неген күйерсің,
Күйдіруші табылып.
Көршілес жақын қасыңнан.
Қызығып тұрсың байқамай,
Күйгеннен зарлап айтам-ай!
Көрінісі орыстың
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріндей!
Абақты деген үйі бар,
Қазулы даяр көріңдей!
Қызыл қарын жас бала
Обалына қаларсың!
Кейінгі үрім – бұтақтан
Қарғыс, бір нәлет аларсың!
Ап кетейін бір жаққа
Соңымнан ерші, ерінбей!:
дейді.
Сол замандағы қазақ жақсылары кеңесті 
де, Кенесары, Наурызбайдың сөзін қостамады. 
«Жерімізге тимесең, солдат алмасаң, саған 
қараймыз! - деп, - ғадалатшілігі бар!» - деп, ақ 
патшаға өз ықтиярларымен қарап бағынды. Ит 
терісіне жаздырып уағда хат алды: «Қазақтың 
жер-суына залал қылмаймыз, солдат алмаймыз!» 
- дегенін жаздырып. Баянаула тауына Шоң биден 
сұрап, қала салды. Көкшетауға Уәли ханның 
тоқалы Айғанымханымнан сұрап, қала салды. 
Сөйтіп Сарыарқаның пайдалы жақсы жерлеріне 
қала сала бастады. /Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет