М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Едіге би жүз кісіні ертіп, наурыздама қылдырамын
деп, Қызылтаудағы Сәти мырзаның үйіне келеді.
Алайда Тәти мырза қансонарға бүркітімен шығып
кетіпті. «Бес берекенің біріне» қосылған Баяу деген
бәйбішесі: «Мырзаңыз ас-суды алып кеткен жоқ!
Наурыздаманы сегіз күн жасамаған соң, мұның не
сәндігі бар!» - деп, сегіз күн бойы күтіп, сыйлапты.
Тәти мырза қансонардан оралып, олжасы қара
түлкіні бәйбішесіне сыйлапты да, Едіге биге түйе
бастатқан тоғыз, тоқсан тоғызының біріне түйе,
біріне жылқыны, атшыларына мата үлестіріпті.
Едіге би еліне қайтып келе жатқанда «Ат
шалдырайық» деп, тоқтап: «Мен сегіз кісіні бір түн
осындай қылып күте алам ба? Бұл жүз кісіні сегіз
күн күтті ғой! Бір күннен бір күнгісін асырды ғой»,
- деп, көзінен жасы бұршақтай домалап, былайша
бата беріпті: «А, Құдай, халқымды, жұртымды
өзімнің тұсымда бай қылмасаң да, балам Шоңның
тұсында бай қыл!» - деген.
«Едігенің алғашқы билігі» – он төрт жасар
күнінде Ұлы жүз елінде болған. Ертеректе Үйсін
Ошақты дейтін ел Орта жүз Малайсары деген
таптан Құлназар деген жігітті өлтірген екен. Мұның
тарихы Ақбура Бөрібай ақын жырында сипатталған.
Ошақты жұрты айыбын мойындамаптты.
Қаншама уақыт өтсе де, осы құнды жоқтап,
он төрт жасар Едіге жүз кісіні жанына алып, Шу
өзені бойына жетеді. Ұлы жүз жолаушыларға он үй
тігіп қарсы алады. Дау-шар мәселесі жөнінде ешкім
тіс жармайды. Амандық-есендік сұрап отырады.
«Намаздыгер болыпты, намаз оқиық!» дегенде,
Ұлы жүз адамдарының ішінен бойы есік пен төрдей
кісі Орта жүз кісілеріне қарап, былайша сөйлейді:
«Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен, жеті
атасын жетелеп жүрген бар ма екен? Алмасың
болса, мойным бар, асылың болса, қойным бар.
Бұ сөзімді ойлай бер!» – деп, аяғын баса бергенде,
Едіге: «Ақсақал, кішкене мойныңызды бұрыңыз!
«Кигіз кімдікі болса, білек сонікі.// Ауыз кімдікі
болса, сөз сонікі». Кен шыққан жеріне қайтып
сыймайды. Жарлық өзіңізден болды, жабдық та
өзіңізден!» – деп, қала беріпті.
« Е д і г е н і ң к ө р г е н т ү с і » – ш ы н а й ы
деректілігімен қызықтырып сүйсіндіреді. Ол:
«Шоң биде қара бүркіт ұстадым. Жемін екі
қанатымен бүркеп отырып жеді. Парақор болар!»,
«Торайғырда – сұңқар ұстадым: айдын шалқар
көлдің бір шетінен кірді, бір шетінен шықты. Алған
құсын бір шоқымады, табанымен басып, кекжиді
де отырды. Адамның сұңқары болар!» - деген екен.
Ендігі бір перзенттері қырғауылдың қоразына,
тот басқан темір қылышқа, қаршығаға кейіптесі
жапалаққа ұқсаған.
«Едігенің соңғы билігі» – Шобалай
баласы Жаңабатыр би бес көкала бас атанын
жоғалтқанда Айдабол Олжабай батыр Қаракесек
Қарсұн-Кернейден жылқы барымталағанда Әйтеке
бидің баласы Өміртай араласып: «Едіге сенде мін
бар: Көпке тізгін бермейсің?!» - дегенде, Едіге
көпке тізгін беріпті де, батыр, би, бай Жарылғап
көлденең беріпті.
Тағы бір сөз «Қарсұн-Кернейде бір арам сирақ
бар!» - десіпті. Сөйтсе ол өзі сары, өзі кәрі атан
түйе екен. Сол заматта Едіге би: «Мұның жүнін
бояп сары қылған ғой, тісін егеп кәрі қалған ғой!» -
депті. Осы сөзді ілік қылып, бітім-тыным болыпты.
«Торайғыр бидің сөздері» – тереңдігімен,
парасатты пайымымен, ұлтқа деген шынайы
көзқарасымен, әлеуметтік-қоғамдық қырларымен,
философиялық түйін-толғаныстарымен
ерекшеленеді. Орыстың полковойы Омбыға алып
барғанда, небір айла-шарғының тұзағын құрса да
«Орыстың дәмін татпаймын!» - деп, қасарысып
қарсылық жасапты. Сонда полковой айтты дейді:
«Аюдан да күшті екенсің. Жетпіс күнде аюды
құрдай жорғалатушы едік, сені иліктіріп көндіктіре
алмадық Бар, бар енді!» - деп, елге қайтарған. Бұ
жақта Баянауылға Шоң, Көкшетауға Айғаным
қала салдыра бастаған. Сонда Торайғыр: «Орысқа
қарамаймын! А, құдай, орыстың жүзін көрсетпей
мені ала гөр!» - деген.
Торайғыр би ұшқыр шешендігімен қатар
найзагер болған. Бірде жылқысына жау тигенде
Уәлиханның қадірлі төлеңгіті Алшынбай деген
бір сарбазды найзамен шаншиды. Ол өкіре
құлайды. Жан тәсілім етеді. Содан Уәлиханның
асында Абайділда ханға Торайғыр би көрісіп
айтыпты: «Құдай тағаланың құдіреті хазіреті
Мұса пайғамбармен Тор тауында сөйлегенде:
«Мұса, жердің тарында кім тұр, кеңінде кім
тұр?» - деген екен. Сонда Мұса пайғамбар айтқан
екен: «Жердің кеңінде мен тұрмын, тарында сен
тұрсың», - деген екен. «Мен он сегіз мың ғаламды
жоқтан бар қылған Құдай болсам, жердің тарын,
кеңін өзім жаратқан болсам, мен қалай тарында
тұрамын, сен кеңінде тұрасың?» - дегенде, «Рас,
он сегіз мың ғаламды жаратып, мені жоқтан бар
қылған құдайым сен болсаң, сендей құдайым бар