М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ айтып тынсаң не етті?!-дегеннен басқа дәнеме айта
алмапты.
Сол Қазыбектің ұрпағынан: «Кімсің?»-
дегенге «Кішікпіз!»-дейтіндері бар. Онысы: «Біз
Сұлымқарадан емеспіз»-дегені. Кішік-қатынның аты
болса керек. Сұлымқарадан жирендіріп қойған Өтеп
сақаудың сөзі болмаса, кімнен туғанын кім біледі?
Шоң мен Тоқсан би Сүйіндік еліндегі Шоң бидің қадірлі бір
баласы өліп, қайғылы болып, жатқанны естпі,
Керей ішіндегі Алтай деген атадан Тоқсан шешен
көңіл айтуға әдейі іздеп барады. Амандасқна соң
Шоңға былай депті:
-Ей Шоң, не ғып жатырсың?
Досың келді қиядан,
Сұңқарың ұшты ұядан.
Ақ сұңқар көлден қу ілер,
Қанатын қанға тигізбес.
Қас жақсының белгісі-
Қайғысын жатқа білгізбес.
Көтер басыңды, мін атқа!
Содан Шоң би басын көтеріп, атқа мініп, Тоқсан
би ел аралатып, қайғысын бөлдіргне екен дейді.
Торайғырды тоқтату Шоң мен Торайғыр екеуі араздасып, Торайғыр
Жиделібайсынға көшіп бара жатқан жерінен оны
Қобының құмында Қарауыл: Мүсет би қуып жетіп,
мынадай тоқтау айтып, елге алып қайтқан екен:
Шоң, Торайғыр, сенбісің мақтап жүрген,
Бар өнерің осы ма сақтап жүрген?!
Елден кетіп барасың
Мамыр менен Сабырға.
Барғаннан соң сен жерсің
Жал-жая жоқ, қабырға.
Жүйірік атың бар болса,
Барымтаға шабарсың.
Сұлу қызың бар болса,
Бозбалаға жағарсың.
«Ауыл қашан көшед?»-деп,
Түндігіне қарасаң,
Төрешіге барғанда,
Төмен қарап, жарарсың
Асыл туған затыңды!
Шоң, Торайғыр атанған
Егіз шыққан атыңды,
Қайдан іздеп табарсың?!
Ұқсаң, айтқаным-осы,
Ұқпасаң, қайтқаным-осы!
Босат атымның басын!-депті.
Сонда Торайғыр түсініп, елге қайтқан екен.
Шоң би әңгімесі Қойдың жүнінен шыққан кигіздің қасиетін
сөйлейік. Қазақ жұртында Едіге баласы Шоң би
жаз күнінде қанша игі жақсы бас қосып, бір кигіз
үйде отырғанда, жарқ-жұрқ етіп нажағай ойнап,
жаңбар жауды дейді. Сонда Шоң би отырған үйінің
төбе кигізіне қараса, бір тесік жоқ екен. Қасында
отырған әлеуметтен сұрады:
-Осы үйдің екі үзігін ұрлағанға қандай айып
саларға керек?-деп.
Жұрт дәнеме дей алмады. Сонда Шоң би өзі
айтты дейді.
-Дәл осы үйдің екі үзігін ұрлағанға үй іші тола
жанның құнын төле деп бұйырар едім,-дейді.
Отырған жұрт бидің бұл сөзіне көнбей:
-Бұл екі үзік сатса, пәлен теңге, мұнша құнды-
пұлды болатұғын мұның не артықтығы бар?-дейді.
Сонда Шоң би отырып айтты:
-Сендер Құдайдың қай бергенін, қасиетін
білесіңдер? Күн күркіреп жауып тұр, нажағай
ойнап, жарық-жұрқ етіп тұр. Естіген жанда зәре
қалды ма? Аспаннан түсетұғын жайдың оғы тесігі
жоқ, бүтін кигізден тіпті өтпейді. Дәл осы күнде
жайдың оғы кез келсе, өтетұғын жері жоқ. Кигіздің
жүнінің арасына бытырап-бытырап сіңіп кетеді.
Осынща жанды сақтауға себеп болған соң, бұл екі
үзіктің құны үй тола жанның құны болуға қалай
жаралмайды?!-дейді.
Отырған жұрт жағасын ұстап, таң-тамаша
қалды дейді. Сол Шоң би айтқан екен:
-Бозбалалар, тоқымыңды ақ кигізден қылып,
екі қабат қылыңдар. Далада келе жатып, жаңбыр
жауса, жамылып отыра қалса жетерлік болсын,
тесігі болмасын. Егер де жайдың оғы төбеңнен
түссе, қатты бір қойып қалғандай дүмпуі болмаса
керек. Кигізден өтіп, зарар қылмайтынына мен
кепіл!-деген екен.
...Бөгенбай батырдың қалмақ қызы Қамарқан
деген қатынынан Жылқыбай, мұнан-Төлеген.
Тағы бір қалмақ қызы Лаба деген қатынынан кісі
білмейтін уақ-түйек толып жатыр.
Төлеген бай жиексіз мырза болған. Ас сайын
алты атанға қымыз артып барады екен. Таудан
көшерінде қыстауына қырық сан тастап кетеді
екен: «Әркім тауып алып, олжалансын»-деп. Өзі