М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


Шоң бидің Тіленшінің балаларын сынауы



Pdf көрінісі
бет143/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

Шоң бидің Тіленшінің балаларын сынауы
Шоң би Тіленші өлгеннен кейін орнына дұға 
оқып қайтайын деп жанына ел жақсыларын ертіп 
барыпты. Тіленшінікі бірнеше күн Шоңды сыйлап, 
құрметтеп, күтіп, сонша жақсы ниет көрсеткен. 
Шоң жүретін күні қоштасуға Тіленшінің балалары 
Тоқсанбайды, Бірдібайды, Қойшыбайды және 
Бұзаубайды шақыртады. Барлығын көріп сынап, 
ішінен Тіліншінің орынын бассам-ау!-дегені 
болмаған соң, «бұлардан басқа мен көрмеген 
баласы бар ма?»-деп сұрайды. Үй іші Алшынбай 
деген бір таз баласы бар, жылқы бағып жүр дейді. 
-Ендеше, соны шақырыңдар?-дейді Шоң.
Жылқы аулылға таңертең келе жатқанда, 
алдынан кісі барып Алшынбайдың алқа-салқа, 
күпісінің жеңін беліне ораған күйінше Шоңға алып 
келеді. Үйге кірген соң, Алшынбай түрегеп тұрып 
Шоңға сәлем береді. Сонда Шоң:
-Бәсе, ағамның орнын ұстайын баласы жаңа 
келді ғой, - деп қуанып, оң тізесінен орын береді. 
Өзі қайтқанша қасынан жібермей көп әңгіме, ақыл 
айтып: 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
138
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
-Бұдан былай ағамның орнына сен би болып, 
ел басқар!-деп тілек білдіреді. 
Шоң аулына қайтарда Алшынбай бір 
қаранармен, бір үлкен қара кілем сыйға тартып 
ұсынғанда, Шоң:
-«Мен ағамның баласынан сый алайын» деп 
келгенім жоқ, -деп сыйын алмай, атына мініп, 
ауыл-үй адамдарымен Айыркезеңде қоштасыпты. 
Алшынбай Айыркезеңге дейін шығарып салыпты. 
Дәл кезең үстінде тұрып: 
-Ау қарағым, Алшынбай! Тіленші ағамның 
жолын ұста, бақытың зорая берсін, жасың ұсақ 
болсын. Ал менің алған сыйлығым сол: осы 
айыркезең әр уақытта есіңде болсын!-депті. 
А. Янушкевичтің мына жазғанында: «Дәулетті 
қазақтар Әзіреті зиратына өздерінің сүйектерін, 
кейде жақындарының денесінің бөлшектерін 
жібереді. Баянауыл округіндегі әйгілі Шоңның 
балалары оның аяғының біраз жерін кесіп алып, 
қымбат кездемемен орап, қасиетті адамдардың 
сүйегімен қатар қою үшін Әзірет сұлтан зиратына 
жіберген. Қасиетті жерлердің күзетшілеріне 
берілетін ағыл-тегіл садақа өз алдына»-дейді. 
Мәшһүр-Жүсіпте: «Осы жаздың келешек қысына 
Шоң би дүниеден қайтып, денесін былғарыға 
тігіп, қыс ішінде жүз жылқымен Хазірет (Әзірет) 
Сұлтанға апарыпты»-деп жазып алған. Әзіреті 
– Қожа Ахмет Яссауи-А.Қ. Текті, асыл, атақты 
адамдарды Қожа Ахмет Яссауи мовзалейіне апарып 
жерлеу дәстүрі болған. «Шоңның өлген жылы қой 
екен. Жетпіс екі жыл болады өлгеніне. Келер 
қысына «Қу мешін»-деген жұт болыпты» немесе 
«...Қуандық асына алып барғанда, Қарала-жиырма 
төртте еді. Шоң би-алпыс төртте екен»-дейді 
Мәшһүр-Жүсіп. 
Шоң өлерде өсиет қылған екен. –Балалар, 
Торайғырмен екеуіміздің құдайға берген уағдамыз 
бар еді. Бұл һәм кешікпей менің артымнан келер. 
Мені аманат қойыңдар, екеуімізді хазіретке бір 
алып барыңдар!-деп. 
Сілетінің бойында аманат қойдырған екен. Ел 
Баянауылға көшіп келген соң, Шоңның қырқын 
беріп жатқанда, Торайғыр өлді. Торайғыр өлді деп 
жаназаға шақырып жүрген түні Байбақы баласы 
Құлмұхаммед ұста туған екен. Бұл кісінің жылы 
не болса, Торайғыр, Шоңның өлген жылы –сол. 
Жаз шыққан соң Торайғыр мен Шоңның 
сүйегін аманат қойған жерінен алып, Хазірет 
Сұлтанға алып кетті. Сонда Шоңның (Шонтының) 
сүйегін аманат қойған жерінен алғанда, ішінде 
едім,-дейді Шонабай қожа деген қожа. Өз 
заманындағы адамның асық-жілігінен Шоң бидің 
асықты-жілігі бір қарыс ұзын екен. Әдейі қарыстап 
көрдім,-дейді,-және бір сонам (сүйем) және бар – 
деген дерек те кездеседі.
ШОРМАН
Арғын-Құтан-Мейрам-Сүйіндік-Қаржас 
Оразкелдінің бір аты-Қаржас. Үш қатыны бар. 
Үш қатыннан үш жалғыз: Алтынторы, Құлыке, 
Бегім. Құлыкеден: Ойым, Телі. (Ойымнан-Әлімбет, 
Ақша, Байболат). Теліден-Анай. Анайдың қазақ 
қатынынан-Нияз; сарт қатынынан-Құл; қалмақ 
қатынынан-Жәдігер. Тәтеке қызы Аққабақтан: 
Мырзақұл, Құдайқұл. Мырзақұлдан: Ақмырза, 
Баймырза, Сатыпалды, Тәті, Наурыз. Ақмырзадан-
Азынабай, онан: Тайжан, Сейтен. Тәті мырзаның 
бәбішесінің аты-Баяу бәйбіше, пұшпағы қанамаған 
кісі. Тәтіден: Байкісі, Жанкісі. Бәтіш тоқалдан-
Мамыр, Шымыр (Шытымыр). Және бір тоқалдан: 
Садыр, Қарыке, Қарқабат. Күшіктен-Шорман, 
онан-Мұса, Мұстафа, Ғайса (Иса-А.Қ.), Әужан. 
Мұсадан-(Сағит, Оқас), Біләл, Жәминкеш. 
Ж а н а р ы с - Қ а р а қ о ж а - А р ғ ы н - Қ ұ т а н -
Мейрам-Олжакелді (Қаржас). «Толыбай ұранды 
Қанжығалы»-дейді. Сол Қанжығалығы ұран болған 
Толыбай сыншы замынында бір жаққа жорыққа 
бара жатып, бір көлдің басынан бір тірі еркек бала 
тауып алыпты. Аяғын апыл-тапыл басқан, тілі 
шықпаған баланың мойнында алтынды айкіл шұбар 
төсі бар екен, асулы ішінде бір алтын сақа бар екен. 
-Өзіміз жолаушы, өзі қысқа қараған суық күн.
Әжібайдан шыққан Сүгірәлі абыз жасы жүз 
жиырма бесте екен:
-Шорман баланы маған оңаша шақырып 
беріңдерші! Мен оның әділ ме, әділ емес пе-
сынайын. Бұрынғылардың сөзі бар еді: «Әділ биде 
ата жоқ, тура биде туған жоқ»-деген. // «Туғанына 
бұрған биде иман жоқ» -деген. Мен Шорман 
баладан ата-тегін сұрайын. Егер Шорман бала әділ 
болмаса, бұрақтатып, Қаржасқа ата табар. Шын 
әділ болса, Қаржасқа ата табалмай, дағдарып тұра 
қалар. Оның турашылдығы осымен танылады,-деп, 
Сүгірәлі абыз бір төбенің басына оңаша шығып:
-Шорман бала маған жолығып кетсінші!-деп, 
шықыртып алып, қасына келген соң сұрапты: 
-Осы, Шорман бала сенің әкеңнің аты кім?-
депті.


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет