М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет148/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

Шорман мен Татпай
Қыстың күні жау алып кеткен жылқысы 
Қарауылдан шығып, Шорман бас болып барғанда, 
бұл елде онымен сөйлесуге тең кісі бола қоймай 
Татпай деген биді алдырады. 
Татпай кедей, үсті-басы жүдеу, мінген аты да 
өзіне лайық емес екен. Осы өңімен Шорманға келіп 
амандасып отырғаннан кейін:
-Уа, Шорман, басыңды көтеріп неге елге 
жауап бермейсің? Бай дейін десем бай емессің
батыр дейін десем батыр емессің,-депті. Сонда 
Шорман басын көтерпі, Татапайдың үстіне қарап 
отырып:
-Япырмай, бұл ел жорғасы мен жүйрігін 
арқасын жауыр, құйрығын жолақ қылып
желқомның астында сақтайды екен-ау!-депті.
Татпай бөгеліп қалып, Шорманның дауын 
бітіріп, жылқысын қайтарыпты. Кейін Татпай биге 
«Шорманға неге жауап қайырмадыңыз» дегенде 
Татпай: 
Шорман маған: «Елдің қадірсіз ұстайды 
екен»-деді. Мен оған кигізген киімдеріңді, мінгізген 
аттарыңды айтайын ба?-депті. 
Шорманның көңіл айтуы
Құдайменді баласы өліп, көңіл айтып, жұбату 
үшін барғандарды елемей төсек тартып қайғырып 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
142
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жатып алса керек. Сол жағдайды естіп Шорман 
бидің айтқаны:
«Құдайменде төресің,
Хақтың ісін білесің.
Жалғыз балаң өліп,
Құдай сізді көріпті.
Арғын атаң Барақ хан,
Жұртты аузына қаратқан,
Ол да өткен дүниеден;
Екінші атаң Тұрсын хан,
Көрген адам қымсынған,
Өз әкең Қасым хан,
Аруағы оның басым хан,
О дағы өткен дүниеден;
Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді,
Күйзелтпе хан еліңді,
Қайғырғанмен келмейді,
Ажалсыз пенде өлмейді.
Өлсең, міне пышақ,
Өлмесең басыңды көтеріп бақ!»
-дегенде Құдайменде басын көтеріп, Шорман 
бимен құшақтасып көріскен екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет