М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет151/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары. 6 том. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨЖ, 2005 . -396 б.
2 Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары. 10 том. – Павлодар: ТОО НПФ, «ЭКО» , 2007. – 445 б.
3 Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары. 13 том. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨЖ, 2008 . -385 б.
4 Тозған қазды топтанған қарға жейді (Шешендік сөздер, халық мақал-мәтелдері) Құрастырып, 
алғы сөзін жазған Б. Адамбаев. – Алматы: «Рауан», 1991. -192 б.
5 Қазақ шешендік сөздері. Құрастырған, толықтырған, өңдеген Б. Адамбаев. – Алматы: «Ана тілі» 
баспасы, 2007. -160 б. 
6 Сөз тапқанға қолқа жоқ. Ел аузынан жинағандар: Айсұлу Бейсенғалиева, Сыздық Әбліғазин, 
Сейітқали Қарамендин. – Алматы: Жазушы, 1988. -608 б.
7 Шешендік сөздер. Құрастырып, алғысөзі мен түсініктерін жазған Б. Адамбаев. – Алматы: «Отау» 
1992. -189 б.
8 Шешендік шиырлары. (шешендік сөздер, нақылдар мен толғаулар жинағы) /Құрастырған Есхожин. 
– Алматы: Қайнар, 1993. – 240 б. 


145
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
«Екі патшаның білместігі» – ертегі жанрына 
жатады. Мұнда адам өміріне, не хайуанат дүниесіне 
болуға лайық әр алуан қызық, кейде ғажайып 
оқиғалар орын алады. Мысалы, жыланның 
кездесуі, дәудің қызбен ойнас жасауы т.б. Негізгі 
тақырыбы: сенімділік, екі ғашықтың бір-біріне 
деген айнымас махаббаты. Мәні мен мазмұны 
қысқаша мынандай: Мысыр патшасы мақтанып, 
менен асқан адам жоқ депті. Сонда бір жігіт: – Неге 
жоқ бар, Басра шаһарының патшасы, – дейді. Сонда 
Мысыр патшасы сол адамды тауып әкел, әйтпесе, 
басыңды аламын дейді. Жігіт Басра патшасын 
алып келе жатқанда патша бір затым үйде қалып 
қойды, алып келе қоям деп үйіне кірсе әйелі бір 
еркекпен ойнас жасап жатыр екен. Патша екеуін 
де қылыштап өлтіріп, қайтып келеді. Содан Мысыр 
патшалығына келіп, екі патша дос болып әңгіме 
дүкен құрып жүреді. Екі патша күндердің күнінде 
сейілге шығады. Сөйтсе, Мысыр патшасының да 
әйелі бір жігітпен әуей болып жүр екен. Содан 
екеуі де бұ дүниеден түңіліп, адам көрмес жерге 
кетеді. Бірде шаршап ағаштың басына шығып 
отырса бір дәу келіп, әбдіресінің ішінен бір қызды 
алып ісін тындырыпты. Өзі ұйықтап қалғанда қыз 
манағы екеуін көріп қалып шақырыпты. Содан 
қыз басындағы мұңын шағып осы екеуін қосқанда 
тоқсан тоғыз жігітпен ойнас жасағанын айтады. 
Екі патша мынаның қасында біздікі тәуба екен 
деп, райларынан қайтып үйлеріне келген екен. 
«Екі патшаның білместігі» – бұл шығарма да 
Жолмұрат көшірмесі бойынша беріліп отыр. Бұл 
ертегі фабуласының бүкіл шығыс, араб әдебиетіне 
ортақ туынды «Мың бір түн» сюжетіне ұқсас болуы 
тікелей одан көшіру емес, қайта сол аңыздың 
ел арасында түрлі нұсқада таралу мүмкіндігін, 
әрі Мәшһүр-Жүсіптің бәрін қамтып жинау 
ерекшелігін танытады деп санаймыз» – дейді Н. 
Жүсіпов [1, б.16-18, 349].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет