«Елди‑ей, бөлди‑ей» кіші жүздің ұраны. Тарихи-эпикалық жәдігер. Көтерген тақырыбы
Кіші жүздің ұрандары, олардан тараған ұрпақтар
туралы. Шежіренің құндылығы – онда жазылған
Кіші жүздің тарихын білуге болады, әр рудың
ұрандарын да білуге болатыны. Кіші жүз үш бөлімге
бөлінеді: Әлім, Әлімұлы, Байұлы. Бұлардың үшеуі
бірігіп «Алшын» – деп аталады екен. Немесе: «Үш
Алшын» деп сөйленеді. «Жеті ру» – мыналар: Тама,
Табын, Керделі, Керейт, Рамадан, Жағалбайлы,
Тілеу. Кіші жүз ішіндегі «Жеті рудан» Керделі:
Оның ұраны – Қожахмет. Таманыкі – Қарабура.
Табындікі – Тосаған. Жағалбайдікі – Елди-ей,
бөлди-ей. Әлім алты ата одан бөлінетін Тілеу ұраны
–Арғымақ. «Жеті ру»: Керейт ұраны – Ақсақал.
Байұлы он екі ата Беріш ұраны – Ағадай. Адай
ұраны – Адай. Ысық ұраны – Бәйтерек. Алаша
ұраны – Байбарақ. Масқар ұраны – Қаратай.
Тана ұраны – Тана. Байбақты ұраны – Дәуқара.
Алшын мен Жаппас ұраны – Баймұрат. Қызылқұрт
ұраны – Жиенбай. 43 мәтін Кіші жүздің ұрандары.
ОҒКҚҚ, № 1177 папка, 190-191 беттері бойынша
даярланды. Қараңыз: 426 бетті [2, б.165, 426].
«Жақсы әйел» – Мәшһүр-Жүсіптің
40 жасында жазылған өлеңі болса керек. Лирикалық
жанрға жатады. 4 тармақты, 25 шумақтан тұрады.
3, 4 бунақты, 11, 12 буынды. Өлең айшықтау
(фигура) оқырманға әсерін күшейту жағынан
да көрінеді. Мұнда жарлай арнаудың үлгісін де
байқаймыз. Қара өлең ұйқасы жиі кездеседі:
Биязы сөзі жатық, майда болар,
Кеудесі – көңілі зерек – айна болар.
Аралас ұйқас та бар. Мына өлең жолы
Абайдың «Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр,
Осыменен доғарайын айта бермей» – дегенімен
үйлесе келеді: «Өсекші, өлең шіркін, жұртқа жаяр». Екеуі де әнге, өнерге қатты мән береді де,
жұрттың бағасын, құнын түсірмеуге шақырады.
Құлағының тесігі бар, кір жуытпай, сөзі жатық, жақсы құлақ (құйма құлақтың варианты), салмас құлақ – фразеологизмдер, кеудесі – көңілі зерек – айна болар – метафора т.б. ұшырасады. Құманға