«Ақжігіт пен Ізден абыз әңгімелері» – әңгіме жанры. Негізгі тақырыбы Ақжігіт пен Ізден
абыздың тапқырлығы, оқу құмарлығы адамгершілігі
сөз болады. Әңгіме тұңғыш рет зерттеліп отыр.
Мазмұны қысқаша мынандай: Ақжігіттің қызы
бір жігітпен қашып кетіп, бірнеше кісі көңіл айта
келіпті, соның ішінде Малайдан тараған Есқара
би жақсы сөз айтып, оған Ақжігіт қатты риза
болыпты. Екінші, әңгімесі Бесім балалары Ақжігіт,
Жанжігіттің көші туралы айтқан өсиеті. Сол сияқты
Ізден абыз туралы да оның ел ішіндегі келелі сөзі
жөнінде айтылады. Әңгіменің тілі де шұрайлы,
көркемдік ерекшелігі де жоғары. Мысалы: Қыз ұзатқан қырғыз шапқанмен бірдей – мақал; жасау, жиен, қоржын – этномәдени лексика; ақ сүт берген, иненің жасуындай, арты сіздерге қайырлы болсын, құдай берген, қалың сорың, ат төбелідей, жаңа мойын қойдым, жұрт қатарлы, сөрелеп қойып, бесімнің бес саласы, жұрт құлай жығылып, ат басын шалдырып, көзім ілініп, түс көріп, аузынан оты шығып – фразеологизмдер, ырысыңа қой түнетсе де болады, сенің қаспағың қалың ырысың – афоризм; туатұғын, өлетұғын, кететұғын, беретұндығы // -тын және құйқылжымалы -тұн, -түн.
формасының көне түрі, - тұғын тұлғасы жөнінде
Мәшһүр-Жүсіптің тілі зерттелгенде айтылды. -Ға//-
ша қосымшаларының барыс септігінің дерексіз зат
есімге жалғануы арқылы –шы қосымшасының көне
түрлену үлгісі. Абыз есімді анропонимдер: Өтеміс абыз, Елен абыз, Мәстек абыз, Керек-Жанай абыз, Керейіт-Шонай абыз, Ақкөл абыз, Ізден абыз, Самай абыз т.б. Ақжігіт пен Ізден абыз әңгімелері.
Бұ мәтін аталған қордағы Мәшһүр-Жүсіп жазбасы
(1178-папка, 199 б.) бойынша кіргізілген Қараңыз:
Л. Жүсіпованың жазған түсінігін [1, б.270-274, 361].
«Жылқы дауы» –әңгіме. Көтерген
тақырыбы: «Барымта мен сарымта». Жылқы дауына
байланысты айтылған бітім, сөзге тоқтау, қазақтың
әдеті мен ғұрпын көрсету. Қуандық, Сүйіндік және
Қаракесек рулары өз ара дауласып, жылқы алып
жүреді екен. Содан Қуандық, Сүйіндіктің тоқсан
қос жылқысы Нұра бойында жатқанда Қарсынкерей
ӘОЖ 81: 39 (574)