М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет156/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   190
«Бердібек Қазанғапұлына»лирикалық 
жанрға жатады. 4 тармақты, 18 шумақты, бір 
шумақ тек қана екі тармақты. Айшықтаудың 
бір түрі арнауға құралған сияқты. Тұңғыш рет 
зерттеліп отыр. Негізгі тақырыбы тарихи тұлға 
Бердібек Қазанғапұлының шынайы портретін 
жасау болғанымен, ақын көбіне адам қандай болуы 
керектігіне назар аударады. Сол арқылы тек қана 
Бердібекке қана емес, бердібекшілерге де арнау 
айтады. Шығарманың қысқаша мәні мен мазмұны 
мынадай: алдыңғы төрт шумақ арнау беташар 
іспетті. Оқиға желісі одан кейін барып өрбиді. 
Кейде жарлай арнау үлгісіне де ақын түсіп кетеді. 
Көркемдік жағына келетін болсақ, Мәшһүр-Жүсіп 
тілінің бай екендігі көрінеді. Мысалы: ауызы 
аңқайып, шөп шықпас, ажал келсе тұрақты 
тіркес, ағаштың бәріне де бітпейді жеміс – мақал, 
біз – түлкі, ажал – бүркіт нәпсіміз – аждаһа, 
тіл өткір – қылыш, тамырың – алпыс екі жіп – 
метафоралар, қатпа сиыр, қотыр тайлақ, сүлтік 
торы – эпитет. Ұма//Ұмай сөзімен қатысты: 
Умасын салақтатып, қайттым айдап тіркесі де 
ұшырасады. Мұхаметфазыл жазбасы бойынша 
әзірленген. Қараңыз: 431 бетті [3, б.311-313, 431]. 
«Балтакерей – Тұрсынбай батыр» – бірінші 
нұсқа. [54, 4 мәтін Қырғызға жорығы, Тұрсынбай 
батыр]. Тарихи-эпикалық жәдігер. Бұның бойында 
синкреттік жанрлық сипаттар қосылып жатқан 
сияқты. Айталық, шежіреде тек қана тарихи 
оқиғалар, ауызша деректер көбірек орын алғаннан 
кейін оны тарихи-эпикалық жәдігер деп атаймыз. 
Ал, мына жәдігердің бойында мифтің де, аңыздың 
да, әңгіменің де, очерктің де түрлерін ұшыратамыз. 
Демек, алдыңғы шежіреге қарағанда әңгіме жағына 
ауысатын жағы көбіректеу көрінеді. Сондықтан 
да, бұл тарихи-эпикалық жәдігерден жанрдан 
көрі тарихи-эпикалық әңгіме жанрына жатады. 
Шежіреге тарихты қосқанымыз көбіне ауызша 
тарихи оқиғаларға, нақты тарихи тұлғаларға 
тоқталады, эпиканы қосқанымыз шежіренің 
бойынан эпостық шығармаға да арқау боларлық 
оқиғаларды сыртқы объективті шындық, күллі 
халықтың психологиясы, ұлттық даму заңдылығы, 
динамикасы көрінеді. Одан қалды дәуір шындығы, 
қоғамдық формацияның өту кезеңдері, тілі де 
анық байқалады осы жағынан кең құлашты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет