М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Есенгелдіге және зұлым ағасы Жүнкүшікке қарсы
батыл күресі өте көркемдікпен суреттеледі. Әсіресе
өзінің сүйген қызына үйленуге рұқсат етпеген
әкесі мен баласының шайқасуы және жігіттің өлуі
жайындағы беттері есте қалғандай.
В . И . Д а л ь қ а з а қ т ы ң а қ ы н д а р ы н ,
қазақтың талантты жастарын, қазақ пен орыс
шаруаларының достығын қатты ұната көрсетіп,
қазақ феодалдарының қаталдығын, деспотизмін
әшкерелейді, көп қатын алушылықты мінейді.
Қазақ қыздары Мауляна мен Майна қалаға қашып
кетіп, орыс заңынан қорғаныс табуға, өздеріне бас
бостандығын алуға тырысады; Хиуа хандарының
шабуылына ұшыраған қазақтар да орыстардан
келіп көмек сұрайды.
Өзінің жазысқан хаттары мен мақалаларында
В.И. Даль қазақтың халық ауыз әдебиетінің
байлығына үлкен маңыз беріп, орыс пен қазақ
батырлар жырының арасындағы ұқсастықты
көрсетеді. «Татаршылдық» деген мақаласында Даль
патша чиновниктерінің озбырлығын әшкерелейді.
В.И. Даль қазақ даласын ғылыми жағынан зерттеу
жұмысына қатынасады, Орынборда алғашқы өлке
зерттеу музейін ұйымдастыруға көмектеседі.
В.И. Дальдың ру мен ру арасындағы жер
дауларын шешудегі әділеттілігі, қазақ әйелдерін
әменгерлік дәстүрден қорғауы, ақындарға жақсы
қарауы қазақ арасында оның беделін жоғары
көтерді. Сондықтан да Исатай Тайманов Орынбор
губернаторына жазған арыздарының бірінде
онымен Жәңгір ханның арасындағы дауды тергеу
жұмысы Дальге тапсырылуын сұрайды. Бірақ
губернатор, әрине оған көнбейді.
Қазақстан тақырыбына арналған әңгімелер
мен очерктер XIX ғасырдың 20-30-шы жылдарында
орыс газеттері мен журналдарында жарияланып
отырды. Мысалы, 1828 жылы Н. Муравьевтің
«Қырғыз тұтқыны» поэмасы, 1830 жылы А.
Крюковтың «Қайсақтар» деген әңгімесі («Жақып
батыр» повестінен үзінді) жарияланды. Бұл
шығармалар идеялық-көркемдік жағынан алғанда
Ушаков пен Дальдың шығармалары дәрежесіне
жете алмады. Көпшілігін алғанда олар жай еліктеу
ғана болды, олардың бір бөлегінің аймақ тану
сипаты ғана болды [1, -Б. 384 - 387].