МӘШҺҮР-ЖҮСІПТІҢ ОРЫС-ЕУРОПАНЫ ТАНУЫ
Ә.А.ТҰРЫШЕВ
ф.ғ.к., доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент‑ мүшесі
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
162
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
болыс, тілмәш, би, старшын, елубасы, атшабар,
онан соң жаңағы қазақтан шыққан ұсақ чиновниктер
бар, осылардың барлығын барынша әшкерелеп,
масқаралап, мінегенін көреміз» [2, -Б. 11].
Үшеуіне де орыс отаршылдығымен келген
сөздер ортақ: хандық өкімет, құлдық, төре, ақ сүйек,
аға сұлтан, жалдама, жалшы, кедей, жарлы, қызметші,
малай, жатақ, шаруа, жұрт, қара халық, помещик,
дворянин, фабрикант, он басы, мужық, старшина,
жандарал, сот, старшин, кандидат, болыс, сайлау,
поштабай, шабарман, майыр, ұлық, әкім, атқамінер,
мөр, медаль, санат, мекеме, ыштат, закон, қазы, судья,
ант, айып, дүре, түрме, кісен, дуан, арыз, абақты,
тұтқын, арест, Сібірге айдау, тергеу, кәтәләшкі,
прошение, расход, базар, книге т.б. Бұл лексикалар
Дулат шығармаларынан да орын алғандығын
байқауға болады. Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп бір
ғасырды Абаймен бірге аяқтап, екінші ғасырды кеңес
ақындарымен бірге бастады (Сүтжанов).
ХIХ ғасырдың 60-шы жылдарының орта
кезінде Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталды.
Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы
елімізде капитализмнің дамуына мүмкіндік
берген 1861 жылғы реформаға және одан кейінгі
буржуазиялық реформаларға дәл келді. Бұл
реформаларды жасауға мәжбүр болған крепосник-
помещиктер капиталистік дамудың талаптарына
бейімделу жолына түсті. Қоғамдық формациядағы
түбегейлі өзгерістер феодалдық-крепосниктік
езгіге қарсы, патша өкіметіне қарсы орыстың
демократ күштерін тудырды. Осы демократ
мәдениеті қазақ мәдениетіне бірте-бірте күшті
әсер ете түсті. Расы керек, патша үкіметінің
қазақ даласына айдауға жіберген орыс, шет ел
төңкерісшілері қазақ жерлеріне келіп қайтқан орыс
жазушылары мен ғалымдары қазақ өлкесін зерттеп,
қазақ халқын алдыңғы қатарлы мәдениет дүниесіне
тартудың қамын істеді.
А.Янушкевичтің «Күнделіктер мен хаттар
немесе Қазақ даласына жасалған саяхат туралы
жазбалар» т.б еңбектерді қараңыз. Олар қазақ
арасында өздеріне лайық шәкірттер мен достар
тауып отырды. П.П. Семен-Тянь-Шаньский, А.Н.
Бекетов, Ф.М.Достаевский, С.Ф. Дуров, Г.Н.
Потанин Шоқан Уәлихановтың жақын достары
бола білді. Е.П. Михаэлис, Н.И. Долгополов
және басқалары Абайдың достары болды.
Ыбырай Алтынсарин да өз заманында орыс
ғалымдарының арасынан жақын достар тапты.
Қазақтың аса көрнекті ағартушылары, ғалымдары
және жазушылары орыстың демократиялық
мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерінен тәлім-
тәрбие алды.
Пушкиннің, Лермонтовтың, Чернышевскийдің,
Шевченконың және басқаларының шығармалары
қазақ әдебиетінің дамуына игілікті әсерін тигізді,
осы әдебиеттер демократиялық дәстүрлердің
нығаюына көмектесті. В.Г. Белинский, А.И.
Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов
сияқты төңкерісшіл демократтар Россияның езілген
халықтарының бостандық жолындағы күресіне
тілектестік білдіріп, оны орыс халқының патша
өкіметіне қарсы күресімен тығыз байланыстыра
қарастырды. Мысалы Н.Г. Чернышевский 1861
жылы «Современник» журналында жарияланған
«Ұлттық әдепсіздік» деген мақаласында орыс
патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы
шықты. Н.А. Добролюбов «нағыз патриотизм,
адамзатты сүюшіліктің жеке көрінісі болғандықтан,
жеке халықтарды жек көрумен сыйыспайды» - деп
жазды. Украинаның ұлы ақыны Тарас Шевченко
1847 жылы Қазақ жерінде 10 жыл айдауда
болды. Оның «Тәңірінің де балтасы бар есігінің
артында» деген өлеңінен қазақтардың бостандық
деп соққан жүрегінің рухы сезілді. Қазақтың
аухатты адамдары капиталистік қоғамдық
формацияның ықпалына түсіп, бейімделу жолына
түсті. Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан шикізат
өндіретін рынокқа айналды. Қазақстанда жаңа
қалалар мен орыс поселкелері пайда болды.
Орыстың қара шекпенділері ағылып келе
бастады. Қара шекпенділер Абай, Мәшһүр-Жүсіп
шығармаларында да көрініс тапты. Әлеуметтік
қозғалыс өзінен-өзі рухани қозғалысқа әкелді.
Жергілікті тілмаштарды, орыс тілді мұғалімдерді
даярлау қолға алынды. Патша өкіметіне қызмет
еткен қазақтың зиялы өкілдерінің балалары да
шыны керек орыс тілін жақтап, орыс біліміне иек
артты. Ал, патша өкіметінің өкілдері оларға үміт
артты. Әлеуметтік-экономикалық отарлау орыс
тіліне деген қажеттілікті тудырды. Бұл-үрдіс ұзақ
жылдарға созылды. Орыс зиялыларының көптеген
өкілдері А.Е. Алекторов, Н.И. Ильминский т.б.
патша өкіметінің саясатын жүзеге асыра отырып,
тілді зерттеуде, қазақ ауыз әдебиетін жинап,
бастыруда көптеген пайдалы нәрселер де істеді.
Қазақстандағы мәдениеттің дамуына баспасөз
қатты әсер етті. Патшаның жергілікті әкімшілігінің
163
Достарыңызбен бөлісу: |