29
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қарауыл Орынбай ақын жаңа түскен жас келінге:
Ақ емес,
қара емес торы келін,
Адамнын өзі тендес зоры келін.
Адамға ұят, абырой мұнан болмақ,
Арасын екі аяқтың қоры келін.
Сонда өзінен жасы да, жолы да кіші баласындай
келін:
Ақ емес қара емес мен бір торы,
Адамңын өзім теңді болдым зоры.
Мен сақтап осы жерге аман келдім,
Ендігісін
қайнаға өзің қоры, – деген екен.
«Ақ бала мен боздақ» Шортанбай мен
Орынбай, Жанай мен Түбек, т.б.айтыстары
қалыпты айтыс үлгілеріне жатады. Осылардын
арасында біз Шөже мен Кемпірбай, Ұлбике мен
Жантас айтыстарына аздап аялдап сөз қылмақпыз.
Сөзді Мәшһүр Жүсіптің «Өлең болса, айтыс болса,
осы екеуіндей болсын» деген бағасынан бастайық.
Сақау мен Тоқжан айтысы расында да «жібектін
қиығы, алтынын сынығы» дерлік құнды дүние екен.
Білетініміз біреу, білмейтініміз қаншама десеңізші
небір көздің жауын алып, сары алтындай ой ұялататын
осындай дүниелерді жиып-теріп, ұрпағына олжа
салған Мәшһүр Жүсіп бабамызға рахмет айтасың дей
отырып, енді бетті айтыстын өзіне бұрайық. Оқырманға
түсінікті болу үшін аз ғана мағлұмат бере кетейік. Сақау
Мәшекеңнің жазысына қарағанда, Баянауылда жатақ
жатып, саржан сатып күн көреді. Анда-санда аңсары
ауғанда ұрлық та қылады екен. Ал Тоқжан – қаракесек
қызы, әкесі Самай үштің біріне қосылған бай адам.
Сақау:
Қыз Тоқжан жақсы болсаң қарындасым,
Жаман болса азабын арылмасын.
Қос
атпен Қызылтаудан Сақау келді,
Ақмарту айтысайық қатар басып.
Осы арада Сақаудың қос атпен Қызылтаудан
Сақау келді деп отырғаны – бұдан бұрын да Сақау
Тоқжанмен айтысып, жеңіліп қалған екен. Жеңілгенде
Торайғыр бидің Тоқжан женді деген билігінен аса
алмаса керек. Сөйтіп жүргенде Тоқжанды жаз шыға
ұзатады деп естиді. Содан бір елге қатын болып
түскен соң: «Жеңген, жеңілгенімнің не сәні бар, өз
елімде оң жақта қыз күнімде айтысып қалайын», –
деп бір атты мініп, бір атты жетегіне алып, қос атпен
Қызылтаудан жеткен беті екен бұл. «Тоқжанның
әдейі іздеп келген, мен болсам кедей құлым, берейін
сыбағанды», –деді. Тұтқиылдан ұзатылу тойының
үстіне тап болған Сақау өліспей беріспейтінін
айғақтайтындай, солай болады да.
Тоқжан:
Ай, Сақау, жақсы болып, жай білмейсің,
Бойына ине-жіптей бір ілмейсің.
Жағаңда
екі қолым қияметте,
Қойныма бойдақ болып бір келмейсің, – деп
Сақауға кінә арта әзілдейді.
Сақау:
Биыл қыс біздің жақта жаман болды,
Жылқы –отарда қолдағы ат шабан болды.
Жақсы болсаң қойныңа келмес пе едім,
Мұрның кейкі, сипатың жаман болды.
Сонда Тоқжан: «Жарық әкеліңдер,
мұның
өзі қандай екен?» – десе керек. Қай айтыста
болмасын ақындардың түр сипатына (портретіне)
тоқталатыны әуелден бар. Тек соларға нақтылықтан
гөрі өсіре сөйлеу басым.
Ақиық мұз балақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес.
Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырындай шәрбәт судың. (Біржан
мен Сара айтысы )
Сақау:
Шықшытты, алқымым тоқ, орайлымын,
Болғанда қарыным жуан,шойдалымын, – деп
нақтылы өз бейнесін жырға қосады.
Тоқжанның:
Мен Тоқжан,сен Сақаудың заманында –
деуінен түр-сипаты аса келісті болмаса да, өз
бағасын білетінін анық аңғартады. Осы айтыста
бірталай игі жақсылардың, тарихи тұлғалардың
аттары аталады. Соларға байланысты кейбір
тарихи жайлар сөз болады. Айтыстын түйінді тұсы
тақалған шақта:
Айтады
Сақау өлең екіталай,
Жүреді сері бойдақ көшті жанай.
Қиқулап Хиуадан өте шықты,
Алшеке-ау, мына сөздін мәнісі қалай? –
деп тойға, арнайы балаға батасын берсін деп
шақырылған Алшынбай биге жүгінеді.
Сонда Сақау:
Адамның бермесіне түңілмеймін,
Ешкімге көзім сүзіп үңілмеймін.
Жүгінсең бұл тазына өзін жүгін,
Мен емес даулы кісі жүгінбеймін, – деген екен.
«Мен емес даулы кісі» деуі арқылы өзінің жеңісіне
күмәні жоқ екендігін, бидің алдына бұл үшін
жүгінбейтіңдігн және бидің бекерден-бекер билік
айтпайтынын елдің есіне салады.