М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет37/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жүру мен атқа мінудің қайсысы баяу, қайсысы 
тез қозғалу белгісі екені мал баққан қазаққа етене 
таныс көрініс десек, Мәшһүр-Жүсіптің ұлттық 
өрнекті кәдеге жарату шеберлігіне қайталап 
назар аудартқымыз келеді. «Көңіл» сөзінің 
дерексіз ұғым екенін ескерсек те, оны жан иесіне 
айналдырып, көз соңынан жүргізбеуді айту да 
шарттылық пен жандандыру арқылы жүзеге 
асады. Себебі көз де, көңіл де бір адамға тән 
болғандықтан, сөзбе-сөз түсіндіріп, алдымен көз, 
соңынан көңіл жүреді дей алмаймыз ғой. Мұның 
бәрі екі ақынның да әр сөзге, сөз тіркесіне ерекше 
мән бергенін, шағын детальға шалқар шындық 
сыйғызу шеберлігін дәлелдесе керек. 
Мұның бәрі шығыс поэзиясын кең түсіну 
үшін, біріншіден, ондағы сабақтастыққа ден қою 
керектігін, екіншіден, шарттылық мәнін, дерексіз 
ұғымды яғни «нәпсіні» заттандыру, жандандыру 
нәтижесінде барып, адам сезіміне лирика жанры 
аясында да түкпірлеу іске асқанын дәлелдейді.
Міне, бір ғана «нәпсі» сөзі ғана емес, басқа да 
баламаларды сараптасақ та, екі ақында тақырып 
орайластығы, идея айтудағы төркіндестікпен қатар 
бейнелеу құралдарын жетілдірудегі сарындастықты 
т.б. көреміз. Абайдың да, Мәшһүр-Жүсіптің де өз 
кезіндегі зиянды әдеттерді түйрей сынағаны мәлім. 
Осы орайда ең алдымен екі суреткердің сол кезде 
етек алған кеселдің бірі өтірікті шенеуін алайық:
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап (Абай, 91).
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гуде-гу (Абай, 194).
Өтірік өрттей лаулап жанып жатыр,
Ессіз жұрт көбелектей барып жатыр.
Бірін- торғай, біреуін бөдене ғып,
Өзі мен өзін жаулап алып жатыр.
(Мәшһүр-Жүсіп, 76).
Зерделесек, Абайда көзбен көріп, қолмен 
ұстауға келмейтін дерексіз ұғым «өтірік» 
заттандырылып, оны жүндей сабау іске асырылған. 
Сонымен бірге мұнда күн көрісі негізінен алғанда, 
мал өнімдерін кәдеге жарату, жүн сабау, киіз 
басумен байланысты болған қазақ тіршілігіне, 
танымына неғұрлым жақын баламаны, демек 
ұлттық өрнекті пайдалану жүзеге асқан. Сөйтіп 
әрі дерексіз ұғымды заттандыру, әрі оны халық 
ұғымына жақындату арқылы Абай әсерлі де 
айқын бейнелеу үлгісін әкелді. Мұндай ізденіс 
биігін Мәшһүр-Жүсіптен де көреміз. Мәселен, 
келтірілген үшінші мысалда дерексіз ұғым 
«өтірік» деректі өртке баланады. Ақын өтірікті 
көзге неғұрлым айқын шалынатын өртке теңеумен 
шектелмей, оның өршіген нақты бір сипатымен, 
лаулап жануымен салыстырады. Өрттің лаулап 
жануын, демек өтіріктің қаншалық өріс алғанын 
көрсеткесін барып, ақын соған алданушылардың 
мүшкіл халін ашарлық баламалар енгізеді. Ессіз 
жұрттың «көбелектей» өртке баруы (2-тармақта) 
әрі адамдардың аңқаулығын, қаншалық алдануын 
(көбелек, әсіресе түнгі отқа өзі барып ұрынып, күйіп 
жатады ғой) әйгілесе, әрі өрттің де сонша жандарды 
тұмшалайтындай кесапаттығы дәлелденеді. 
Шумақтың соңғы тармақтарындағы «Бірін- торғай, 
біреуін бөдене ғып, // Өзі мен өзін жаулап» алып 
жатқаны да өтіріктің қаншалық зорайғанын, сол 
арқылы билік иесі Патшалық Россияның отарлау, 
елді бөлшектеу, тоздыру саясатының өрістеуін 
аша түседі.
Екі ақын арасындағы үндестік, жалғастықты 
сөз еткенде, тақырып орайластығын, идея 
ұқсастығын айқындаумен шектелмей, суреткерлік 
шеберлік деңгейлестігін әйгілейтін белгілерді 
де арнайы ізерлеп талдау қажет. Суреткерлік 
шеберлікті танытар арналар сан алуан. Соның 
бірі- сөз мағынасын кеңейту, сөзді ауыспалы мәнде 
қолдану арқылы тың, тосын тіркестер жасау тәсілі. 
Мәселен, «көз» деген сөзді ауыспалы мағынада 
алып, оны дерексіз ұғым «көңіл», «ой», немесе 
біршама деректі «көкірек», «жүрек» сөздерімен 
қосарлау арқылы соны метафоралық тіркестер 
жасау нәтижесінде Абай сөздердің бейнелілік 
өрісін көп ұлғайтты:
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергегі үшін (122 б.).
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз (117 б.)
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болған кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз (115 б.).
Жүректің көзі ашылса,
Хақтың түсер сәулесі (165 б.).


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет