М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет36/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

СУРЕТКЕР АҚЫН
Қ.П. ЖҮСІП
 ф.ғ.д., профессор, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ. 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
34
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ретінде ұсыну кездесіп жүр. Соның нәтижесінде 
ғылыми еңбектерді жүйелі оқи қоймаған балаң 
оқырманның уақытша сүйсінуін туғызғанға мәз 
болып, ертеңгі зерделі ұрпақтың кең сараптау 
мүмкіндігін елемеу- бәрі қынжылыс тудырмай 
қоймайды. Қазақ әдебиетінің даму заңдылығын, 
оның ішінде қазақ лирикасының жеткен биігін 
саралау үшін, бұрынғы бір жазғанымызды 
жинақтап, қазақ жазба әдебиетін жаңа биікке 
көтерген Абай мен оған ілесе шыққан Мәшһүр-
Жүсіп арасындағы көркемдік үндестікті сөз етуді 
жөн көрдік.
Көркемдік үндестігі, жалғастығы дегенде, 
біздіңше, сонау көне замандағы Жүсіп Баласағұннан 
(ХІ ғ.), Қожа Ахмет Иассауиден (ХІІ ғ.) бастау 
алған дәстүр сабақтастығына алдымен назар 
аударған жөн. Мәселен, Қожа Ахмет Иассауиде 
«нәпсі» туралы айтылғанда, оған үнемі дерлік 
«ит» сөзін қосарлау орын алатыны бұған дейінгі 
зерттеулерде орынды көрсетіліп келді. Біз осы 
орайда «ит» деген сөздің де, ұғымның да мағынасы 
кең екенін, Қожа Ахмет Иассауидің көбінесе 
бұл баламаны ит қомағайлығы, «ашкөздігі» 
тұрғысынан қолданғанына көңіл бөлгіміз келеді:
Бұл ит нәпсі қор қылды-ау мені талай,
Халайықтың қалмасын көңілі қалай?!.
Нәпсім үшін итке ұқсап шарладым қыр,
Заты ұлық Ием, сыйынып келдім саған .
Құл Қожа Ахмет, нәпсі иттің аузын жаптың,
Содан кейін арманыңды іздеп таптың .
Міне, осы келтірілген үш мысалдың өзінде, 
әсіресе, соңғысында автор «итке», сол арқылы 
«нәпсіге» жай әншейін көңіл бөліп қоймай, 
алдымен оның аузын бекітуге назар аудартады. 
Демек «нәпсі иттің аузын» жапқаннан кейін барып, 
арманды іздеп табу- бәрі адамның алдымен өз 
ашкөздігін, тойымсыздығын тежеуі қажеттігін 
аңдатады. Енді ХІХ ғасырдағы қазақ ойшылы, сөз 
зергері Абай өлеңіне көңіл бөлейік:
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсеқызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме!.
Сырт қарағанда, Абайда «нәпсі» ұғымы сәл 
басқашалау алынып, ашкөздік, тойымсыздық 
емес, көрсеқызарлық, еліктегіштік тұрғысынан 
ғана енгізілген тәрізді көрінуі мүмкін. 
Біздіңше, Иассауиде де «нәпсі» сөзіне «ит» сөзі 
қосарланғанда, тойымсыздық ұғымын біршама 
тура қабылдап, иттің асқа тоймауы деп қана қарау 
орынды болмас еді. Иассауиде де тек иттің асқа т.б. 
тоймауы емес, сол тектес қанағатсыздық шарпуы 
бар десек, Абайда да бұл - асқа тоймау емес, сезімге 
қанағат етпеу, асқан құштарлық түрінде өріс теуіп, 
соның өзіне абай болу жағына етпеттеу орын алған. 
Ал, Мәшһүр-Жүсіптің «нәпсі» ұғымын қолдануына 
үңілсек, онда алдыңғылардан келе жатқан игі 
дәстүрді бұзбай, соны өзінше өрістету үлгісі бар:
Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ,
Міне қалса, жортқызып, желгізбей бақ.
Өзін-өзі бағуға көп әл керек,
Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ [5].
Зерделесек, біріншіден, Мәшһүр-Жүсіп 
ұлттық өрнекті шебер пайдаланған. Қазақ 
халқында ежелден мінер атсыз жаяу қалу нағыз 
кедейліктің, жоқтықтың дәлелі саналғаны 
мәлім. Бұрынғы заманда, Мәшһүр-Жүсіптің 
осы өлеңі жазылған ХІХ ғасырдың соңғы 
ширегінде, итсіз тіпті көрші ауылға, не қалаға 
жету мүмкін еместігі баршаға мәлім жәйт. Ендеше 
«жаяу қыл»- қолданымы кез келген кезеңде, 
әсіресе сол замандағы адамдарға неғұрлым 
түсінікті, жақын ұғым. Ақын осы ұлттық нақышты 
игеру нәтижесінде нәпсі тыюды көзбен көріп, 
қолмен ұстарлықтай етіп, әсерлі бейнелеу үлгісін 
көрсеткен. Тіпті, атқа мінгізбеу айтылғаннан кейін, 
міне қалған жағдайда да оны желгізбеу керектігін, 
неғұрлым баяу аяңнан аспауды шегелеу үстінде 
ақын дамыту әдісін үстегенін көреміз. Бұл - оның 
шеберлігінің тап осы шумақтан көрінетін екінші 
қыры. Шумақтың үшінші жолында дамыту әдісі 
орын алуымен қатар мал бағудан гөрі адамның 
өзін-өзі ұстауы, тежеуі қиындығын алға тарту 
жүзеге асқан. Бұл шағын, шартты делінген лирика 
жанры аясында да адам сезімі тереңіне сәуле 
түсіру нәтижесін, яғни ақын шеберлігінің үшінші 
қырын танытады. Шумақтың соңғы тармағы 
алғашқы үш жолдағыны қорытып біріктіруге 
арналған. Мұны өлең, шумақ композициясын құру 
шеберлігі ретінде бағалаймыз. Сонда көз соңынан 
көңілді жүргізбеу де ең алдымен Иассауиден 
бастау алған «ит-нәпсіні» ауыздықтау идеясына 
бағытталғанын діттейміз. Демек, Абайда нәпсі 
алдамшылдығын ашу үшін, белгілі бір қызу, 
ыстықтық сипатын ашарлық белгі «лапылдақ» 
көріктеуіші (эпитет) шебер пайдаланылған. Ал, 
Мәшһүр-Жүсіп дерексіз ұғым нәпсіні жан иесіне 
айналдырып, оны жаяу қылуды шарт етеді. Жаяу 


35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет