М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет35/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қазақтың белгілі ақыны, фольклорист, 
тарихшысы, этнограф, педагог ғалымы Мәшһүр-
Жүсіп Көпейұлы шығармаларының 20 томдығын 
шығару 2001-2016 жылдарға жоспарланған болатын. 
Бұл үлкен істің бастаушысы С.Торайғыров атындағы 
Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, 
э,ғ.д., профессор Е.М.Арын екені мәлім. Осы 
орайда сол 20 томдықтың редакторлар алқасымен 
таныстыру орынды деп білеміз. Олар: Е.М.Арын, 
С.Қирабаев, А.Қ.Құсайынов, Қ.П.Мәшһүр-
Жүсіп (жауапты редактор), С.А.Қасқабасов, 
Р.Нұрғалиев, С.Негимов, М.Қ. Әбусейітова, 
С.Дәуітов, Д.Қамзабекұлы, Н.Қ.Жүсіпов, Е.Қ. 
Жүсіпов. Бұл ғалымдар тегін топтастырылған жоқ. 
Олардың әрқайсысы- бұрын да, қазір де Мәшһүр-
Жүсіп шығармаларын жариялауға ат салысып, 
ақын томдарын әзірлеу жиындарына қатысып, пікір 
білдіріп келген білікті мамандар.
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын бастырудың 
неге кешеңдеп қолға алынғаны да белгілі. Алдымен 
ақынның 1907 жылы Қазан қаласында басылған 
үш кітабы: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген 
бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның 
кімдікі екендігі»- кітаптары 1912-1913 жылдары 
Ресей патшасы цензурасы назарына іліккені, 
сол кезде ақын шығармаларын жариялауға 
тыйым салынып, өзі қуғынға ұшырағаны мәлім. 
Патша заманында теперіш көрген ақын кейінгі 
Кеңес билігі кезінде де қысымнан босаған 
жоқ. Рас, 1940-1950 жылдар аралығында ақын 
шығармалары мектепте оқытыла бастады. Әйтсе 
де елуінші жылдар басындағы «Ұлтшылдықпен 
күрес» науқаны Мәшһүр-Жүсіпке де салқынын 
тигізді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының мектеп 
оқулығынан шығуымен бірге, оның өзі көзі 
тірісінде салдыртқан кесенесінің үкімет нұсқауы 
бойынша адамдар қолымен талқандалуын адамзат 
тарихында болып көрмеген зұлымдықтың ең биік 
шыңы деп бағалаған жөн. Әйтсе де И.В.Сталиннің 
жеке басына табынудың КПСС ХХ съезінде 
1956 жылы сыналуы, 1957 жылы С.Сейфуллин, 
І.Жансүгіров, Б.Майлиннің т.с.с. ақталуы- бәрі 
ақын шығармаларының алдымен жоғарғы оқу 
орны хрестоматиясында (1959 ж.), кейін газет-
журнал беттерінде жариялана бастауына жол ашты. 
Осы орайда ақын таңдамалысының 1,2 томдары 
1990, 1992 жылдары Алматыдағы «Ғылым» 
баспасынан шыққанын еске алу үстінде, оның 
шығармаларын толық шығару ісінің ұзаққа созылу 
себебін де түсіндіру керек болар. Біріншіден, 
ақын шығармаларының ескі араб (хадим) әрпімен 
жазылуы, көп үлгілердің араб және көне парсы 
тілінде жазылуы, ол саладағы мамандар жетіспеуі- 
бәрі бұл істі шешуге басты бөгет тудырды. 
Екіншіден, ҚР ҒА Орталық ғылыми кітапханасы 
қолжазба қорына тапсырылған үлгілердің біразы 
кітапхана қызметкерлері жетіспеуінен күтімсіз, 
бақылаусыз күй кешуі салдарынан дұрыс 
сақталмауды, қолды болуды, т.с.с. бастан кешірді. 
Үшіншіден, ақын шығармаларының ел арасынан 
жиналып бітпеуі, әр жерде әр адамның жеке 
кітапханасында жасырын сақталып келуі де ақын 
туындыларын шығаруды бөгеп келді. Міне, осының 
бәрін ескере отырып, көп жылдық жұмысқа 
кіріскен біздер қазір ақынның төл поэзиялық 
туындыларының алғашқы үш томдығын шығарып, 
төртіншісін баспаға ұсындық. Келесі бесінші томға 
ақын жинаған фольклор үлгілерін, ал алтыншы, 
жетіншіге- қазақ ауыз әдебиеті туындыларын, 
сегізінші- он бірінші аралығына тарихқа қатысты 
еңбектерін т.с.с енгізу жоспарланып, бұл бағытта 
қажет істер жүріп жатыр.
Қазіргі әдебиеттану ғылымының жеткен 
биіктерін саралау үшін, кітап, баспасөз бетінде 
шығып жатқан зерттеулер мен мақалалар тасқынына 
алдымен көңіл бөлу керектігі айқын. Осы орайда 
тың, сүбелі ізденістер арасында өзінен бұрын 
жазылған әріптесі пікірін не «байқамай», не әдейі 
қайталау, тікелей сөзбе-сөз көшіре қоймаса да, 
бұрын айтылған пікірлерді «өзі тапқан жаңалық» 
ӘОЖ 821.512.122.+821.512.161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет