М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Үш жүз жиырма төрт мың жылдан соң,
Жаратты сонда он екі нұрға перде.
Ақын одан әрі перде жаратылғаннан бастап
Адам пайда болғанға дейін де көп уақыт өткенін
тәптіштеп баяндайды:
Құдіреттің пердесінен нұр толыпты,
Он екі мың жыл сонда орнығыпты.
Ғызматта он бір мың жыл мекен қылып,
Міннатта және он мың жыл отырыпты.
Рахматта тоғыз мың жыл қарар етіп,
Сегіз мың жыл сағадат қалыпта өтіп…
Демек жердің жексенбі күні жаратылуы
туралы айтқан сөз, оның жаралу процесін емес,
жаралып біткен күнін межелеуге арналған ба деп
шамалаймыз.
Тіршілік көздері туралы айтылған ертедегі
Қытай, Грек ойшылдары пікірлеріндегі отқа көңіл
бөлушілікті [58] салмақтаумен қатар, мұсылман
дініне дейін өмір сүрген зароастралық дүниетанымда
да отқа табыну орын алғанын ескеру керек. Сондай-
ақ Көне Грек мифологиясында отты әкелуші
Прометейге көңіл бөлінсе, от ұрлаудың басқа да
халық аңыздарында орын алуы адамдардың ертеден
отты ерекше бағалауын танытады.
Бұл аңыздардың бәрінде оттың тіршілік үшін
мәнді, пайдалы жақтары сөз болса, Құран Кәримде
адамдарды түрлі күнәлардан сақтандыру үшін
тозақ оты айтылып отырады.
Мәшһүр-Жүсіп дастанында күнәлі адамдарды
жазалау үшін оттың тозақта атқарар қызметін бөліп
көрсету жүзеге асқан:
Таусылып тамұқ оты бітпес дейді,
Жазалы жанып және кетпес дейді.
Тамұқтың тереңдігі сондай алыс,
Мың жылда тастаған тас жетпес дейді…
Алтынды құнды зат ретінде бағалау Құран
Кәримде бірнеше жерде кездесетінін дәйектесек,
бұл металға көңіл бөлудің де қайнар көзі тым әріде
екені дәлелденеді:
1.”Күдіксіз Алла иман келтіріп, ізгі іс
істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға
кіргізеді. Олар онда алтын және інжу білезіктермен
безенеді“.
2.“Олар Ғадын жаннаттарына кіреді. Онда
алтын және інжу білезіктермен безенеді де,
олардың киімдері жібектен болады”.
3.“Жаннатқа кіріңдер… Оларға алтыннан
табақтар, кеселер ұсынылады“.
Мәшһүр-Жүсіп дастанында да Алланың
жаннатты қалай жаратқаны айтыла келе ондағы
алтын-күмістің асылдық пен әсемдік белгісі
ретінде пайдаланылатыны көрсетілген:
Жаннаттың жаратыпты жерін биік,
Бәрінен ол Ғадіні артық сүйіп.
Кірпіштің бірі-алтын, бірі –күміс,
Балшығын Мүсік, Ғамбар қосып құйып.
Есігін алтын қылды, тасын –яқұт,
Топырағы – таза жауһар жайды бар қып.
Ғақықтан рамкасы – бәрі гауһар,
Кіреміз иншалла болса бақыт.
Мәшһүр-Жүсіп атамыз нұр және су, жер т.б.
ролін көрсетумен қатар нұрдан болған қанадилден
/шамнан/ ағаш жаратылғанына көңіл бөлгізеді:
Қанадилдан, жаратылған, нұрдан – ағаш,
Майы бар ол ағаштың нұрға жанас.
Тағы да өзі өз нұрымен өзі жанып,
Мағриб та, Машырық та емес, тұрған ағаш.
Ертедегі египеттіктер нанымында алып алтын
ағаштың жер өзегі болып көкке дейін созылуын,
ал оның жоғары бұтақтарында аспан құдайы
Нут тұратынын т.б. еске алсақ та, ағашқа мән
беру тарихының көне заманнан басталғанына көз
жеткіземіз. Құран Кәримде де ағашты ең бір асыл
ұғымды теңеу үшін пайдалану бар: “Көркем сөз
/“Алладан басқа ешбір тәңір жоқ” деген сөз…/
тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш
тәрізді”/258 б./ “Ол /ағаш/ Алланың бұйрығынша,
әр уақыт жемісін береді.”/259 б./
“Дала уалаяты газетінде“ жарық көрген түрлі
аңыздарда да ағашқа ертеден оң көзбен қарау
белгілері бар. Мәселен, 1892 жылы берілген “Әр түрлі
ағаштар турасынан“ деген мақалада ертеде ағашқа
табыну болғаны, ағаш отырғызу, күту-бала өсіру
тәрізді екені, оның мәні, ағаш отырғызу тәрбие екені
насихатталады . Ал, 1889 жылы басылған бір аңыз
әңгімеде Баялыш-жігіт ғашық болғанда, Арша-қыз
оны менсінбегені, ақырында Баялыш әкесі Сексеуіл
қайғыдан бүкірейіп, ал, Арша тасқа ғашық болып,
сонымен бірге тұрып қалғаны баяндалады. 1890
жылы жарияланған “Шайтанның үйі“ аңызында
Алла тағаланың шайтанға түзу, қисық, ұзын, қысқа
ағаштан басқасын ғана кесуге рұқсат бергені, онысы
тыйым салғаны екені айтылады. Құраннан көп бұрын
жазылған Інжілде /Библияда/ де ағашты сақтау
туралы Алла аян бергені бар, онда құдай атынан
сөйлеген пайғамбар-Мұсаның /Моисейдің/ адамдарға
айтқан нақылы келтірілген /бұрмаланбасын деп