М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ аудармасыз беріп отырмыз-Г.Ж./: “Если долгое время
будешь держать в осаде /какой –нибудь/ город, чтобы
завоевать его и взять его, то не порти дерев его от
которых можно питаться“…
Алланың Адамды топырақтан қалай, қандай
жағдайда жаратқаны туралы Мәшһүр-Жүсіптің
не жазғанын талдамас бұрын, бұл аңыздың бастау
көзі де көне әдебиеттерде жатқанын еске алу
керек. Осыдан 5000 жылдай бұрын орын алған
Шумер аңызында Адамнан кейін екінші жаралған
Хауа анамыздың Адам қабырғасынан жаралғаны
туралы аңызға ұқсас дерек бар екен. Зерттеуші
А.Қыраубаева байқауына назар аударайық:
“Шумер мифі бойынша Энки құдайдың қабырғасы
ауырады. Әйел құдай Нинти оның ауырған
қабырғасын жазады. Шумер тілінде нин-әйел,
ти-қабырға деген мағынаны білдіреді екен. Сонда
“қабырғадан шыққан әйел“ деген ұғым туады“.
Құранға дейін жазылған Інжілде /Библияда/
Адам жаратылуы туралы былай деп жазылған: “И
создал Господь Бог человека из праха земного, и
вдунул в лицо его дыхание жизни, и стал человек
душою живого. И насадил Господь Бог рай в Едеме
на востоке, и поместил там человека, которого
создал“, ”Господь создал человека из земли, и
опять возвращает его в нее“.
Қ ұ р а н д а д а А д а м н ы ң т о п ы р а қ т а н
жаратылғаны қайталанып ескертілген:”Адамды
топырақтан жаратып, оған жан салды“ “Расында
адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап
құрғағанынан жараттық.”
Зерттеуші Ақжан Машанов Әбу Насыр әл-
Фарабидің /Х ғасыр/ осы мәселеге қатысты пікіріне
көңіл бөледі: “Әл-Фараби осы формалардың
бәрін зерттеп, олардың қатынастарын тапқан…
Солардың ішіндегі ең негізгісі, ең басты орнықтысы
Текше /күй/ яғни Қағба. Ол жер тектес заттардың
бейнесі. Сол заттан, яғни топырақтан адам
жаралған. Алғашқы нұр сол топырақты үнатып,
соған тоқтаған.“
Мүсылман елдеріндегі ақындардың
қайсысында болса да, Адамның топырақтан
жасалғаны діттелгені белгілі. Омар һайям /ХП ғ./:
Саздан жасап мені Алла әріректе,
Білмепті өзіне де барын өкпе.
Өзі берген қауқармен күнә қылсам,
Пейішке жібермеуі әделет пе?
/Аударған-А.Бекбосынов/
Зерттеуші Ә. Қоңыратбаев Омар һайям
шығармашылығын қарастыра келіп:”… адам
баласының топырақтан жаралып, қайта топыраққа
айналатынын айтады“, –деп тұжырымдайды. 1310
жылы жазылған “Рабғұзи қиссалары“ кітабында
Адамның қалай жаралғаны туралы айтылған:“Құдай
Жебірейілді үш түрлі топырақ алып кел деп
жұмсайды. Жер:“Менен топырақ алма”,-дейді.
Жебірейіл жердің көңілін қимай, қайтып келеді.
Құдай Исрафилды жібереді. Ол да алмай қайтып
келеді. Ең соңында Әзірейілді жібереді. Жер
Әзірейілге де жалынады. Әзірейіл:”Сенің сөзіңнен
Алланың хүкімі күшті“-дейді де, жерден үш түрлі
топырақ алады.”
1903 жылы Қазанда жарияланған “Қисса сұл
Әнбия“ кітабында Жердің бірінші Жебірейілге,
екінші Исрафилге, үшінші Михаилге топырақ
бермегені, ал төртінші болып келген Әзірейілдің
Жерді тыңдамай топырақ әкетуі баяндалады.
Жалпы, әсіресе Қазан төңкерісіне дейін
Адамның топырақтан жаралуы жиі еске салынды
десек, соның бір көрінісі: Әбубәкір Кердері /1861-
1905/ ақынның мына бір өлең жолдары: “Әуелі,
Алла, жараттың,// Топырақтан халық етіп“.
Мәшһүр-Жүсіп дастанында да Алла тағаланың
Адамды топырақтан жаратпақ болып, Жебірейіл
періштеге әмір бергені бейнеленген:
-Топырақтан жаратамын адам,-дейді,
-Жібірейіл, бұйырамын саған!-дейді.
-Бар-дағы мышырық - мыхырып арасынан,
Бір уыс топырақ әкел маған!-дейді.
Осы орайда топырақ алуға келген Жебірейіл
періште мен Жердің болашақта пайда болмақ
Адамға баға берулері назар аударарлық:
-Құданың білмен сырын тамам,-дейді,
-Жаратар ол топырақтан адам,-дейді.
-Көбейіп адам ұлы жаралған соң,
Бұзықтық қылар олар жаман!-дейді…
-Жебірейіл, олай болса алма менен,
Өзімнен жаралған соң болар денем.
Тағы да салып маған азап қылса,
Болармын шыдай алмай мұнан төмен.
Міне, осы сөздерді оқығаннан кейін, қазіргі
адамдардың Жер-Анаға тартқызған зобалаңын,
топырақ эрозиясын, жер беті, су-бәрі ластанып,
жалпы тіршілікке қатер төнгенін салмақтасақ, бір
кездегі Жебірейіл мен Жер мазасыздануы негізсіз
еместігін көреміз. Адамды топырақтан жаратудың
да ұзақ уақытты қамтығаны дастанда нақты