М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет62/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
тұрған алып белдеу болуы да мүмкін демекпіз. 
Мәшһүр-Жүсіп сонымен бірге жердің жаратылуын 
айтпас бұрын, сегіз жұмақ, жеті тамұқтың қалай 
жаратылғанын да тәптіштеп баяндайды. Осы 
орайда көркем шығармадағы оқиғалар орны 
ретінде жұмақ пен тамұқ алынуы да Европа, 
Азия халықтары әдебиетінде ертеден бар екенін 
дәлелдеу үшін, белгілі араб әдебиеті. Зерттеушісі 
Ә.Дербісәлиев байқауына иек артқан жөн деп 
санаймыз. Зерттеуші онда Х-ХІ ғасырлардағы 
араб шайыры Абул-Ала әл Мағарридің /973 ж. 
туған/ шығармасына сүйеніп пікір айтады:”Абу-л-
Аланың екінші бір“ Кешірім туралы арнау” атты 
трактаты да жоғарыда сөз болған туындысымен 
сарындас. Ғұламаның бұл еңбегі “әл-Карих” деген 
атпен белгілі болған Али ибн Мансур әл-Халабидің 
арнау хатына жауап ретінде дүниеге келген. Оқиға 
Дантенің “Құдіретті комедиясындағы“ жұмақ пен 
тамұқта өтеді“.[51] 
Біздіңше, дастандағы сегіз жұмақ, жеті 
тамұқты тек діни аңыз жемісі деп қарамай, онда 
да әлі бізге белгісіз ғарыштық ұғымдар болуы 
мүмкіндігін айтқымыз келеді. Осы орайда әлем 
негізін: су, от, ағаш, металл, жер құрайтыны туралы 
ертедегі Қытай ойшылдарының айтқандары [52] да 
“жердің-әлем бөлшегі“ екенін танудан туған болар 
деп шамалаймыз. Тек Қытай ойшылдары емес, 
басқа да халықтардың көне аңыздарында әлем негізі 
дегенде, от, ауа, су, ағашты алуда ұқсастықтар 
болуында да ойланарлық жәйттер көп. Мәселен, 
Индияда б.э. алғашқы ғасырында әлем жаралуында 
мәні үлкен тоғыз түр аталады. Алғашқы бесеу 
ретінде: жер, су, от, ауа және “акаша“ деп аталатын 
ұғым алынған. Ал, одан кейін: уақыт, кеңістік, 
жан, ақыл берілген. Алғашқы бес ұғымды “бәсута“ 
деп алып, оны адамның: иіс, дәм, түс, сезгіштік /
сипат білу/ және дыбыс түрінде қабылдайтыны 
айтылады. Одан әрі жерге : иіс, дәм, түс, сезгіштік 
тән болса, суға-дәм, түс және сезгіштік, отқа-түс 
пен сезгіштік, ауаға-сезгіштік, ал, акашаға тек 
дыбыс тән делінген.[53]
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы “Жер мен 
көк“дастанында жердің пайда болуын айтпас бұрын 
Құдайдың алдымен нұрды, пердені, “басқышы, 
тірегі жоқ “ ғарышты, жұмақ, тамұқты қалай 
жаратқанын жазады. Осы орайда“ Жер неше күнде 
жаралған?”-деген сауал қойсақ, Мәшһүр-Жүсіпте 
көрсетілген мерзім мен оған дейінгі әдебиттердегі 
уақыт үндес екендігін көреміз. Мәселен, зерттеуші 
А.Қыраубаева біздің жыл санауымыздан 3000 
жылдай бұрын, демек айналасы 5000 жылдай 
бұрын Шумерлердің сына жазуларындағы мына бір 
дерекке назар аудартады:”Лондондағы Британия 
музейінің қызметкері археолог Джордж Смит мына 
жазбаларынан “Энума Элиш“ атты бір поэманы 
оқып шыққан. Сондағы көктің, жердің, дүниенің 
алты күнде жаралуы, адамды алтыншы күнде 
жарату, тағы басқалары кейінгі діни кітаптардағы 
“қалыптасқан сюжеттерге” дәл келеді“.[54]
УП ғасырдың орта тұсында жазылған Құран 
Кәримде былай делінген:”Ол сондай Алла көктер 
мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде 
жаратып, сосын ғарышты меңгерді”.[55]
1353 жылы жазылған Хорезмидің “Мұхаббат-
наме“ дастанында: “Жеті қабат алтындаған зәулім 
айван,// Жаратты алты күнде хақ тағалам,“ [56] - жыр 
жолдары бар. Зерттеуші А.Қыраубаева аңыздар 
мен көркем шығармаларда дәстүр сабақтасуы орын 
алғанын жазады:”Кейбір діни ұғымдар өте көне 
тайпалардың аңыз-әңгімелерінің негізінде туды. 
Сондай аңыздардың бірінде айтылатын жердің алты 
күнде жаралуы жөніндегі наным-түсінік Библияға, 
Құранға, басқа да діни кітаптарға енді.“Рабғұзи 
қиссаларына“ ол аңыз-әңгіме Құран арқылы келген“ 
[57]. Жердің тым аз уақытта жаратылуы құдайға 
сенбеушілер арасында, ғалымдардың белгілі бір 
тобы еңбектерінде күдік тууына негіз болып келгені 
белгілі. Осы орайда діни кітаптарда айтылған әр күн 
мен біз айтып жүрген күннің яғни оның әр батуы 
мен шығуы аралығындағы “тәулік“ ұғымының 
бір еместігіне назар аударғымыз келеді. Уақыт 
ұғымына жер планетасындағы күн мен түн ауысуы, 
тәулік аралығы тұрғысынан қарамай, ғарыштық /
космостық/ мұнарамен де бағдарлау керектігі анық. 
Расында да ғарыш тұғырынан қарағандағы әр күн жер 
бетіндегі неше тәулікке сай келетінін біз білмейміз. 
Демек білмей тұрып “Неге сонша аз уақыт?“-деп 
күдіктенуіміз орынды бола қоймайтын тәрізді. 
Мәшһүр-Жүсіпте де: “Құдайым жексенбі күн жер 
жаратты“,-деген өлең тармағы бар екенін ескерсек, 
уақыттың тым қысқалығы назар аудартатыны сөзсіз. 
Әйтсе де ақын шығармаларындағы тармақтарға жеке-
жеке шұқшиюмен шектелмей, оны тұтас қарастырып, 
осы дастанға көңіл бөлсек, уақытта әлемдік емес жер 
өлшемі тұрғысынан қарасақ та, қоршаған әлем тәрізді 
жердің жаратылуы да ұзаққа созылғанын көреміз:
Жаратты артық қылып әні нұр да,
Мақтайын жаным құрбан айтқан жерде.


63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет