М. К. Ахметова Мәтінді талдау сатылары т (1) жоғары сынып


Мәтіннің баяндау қабатын немесе мәтін түрлерін анықтау (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)



бет4/9
Дата15.11.2023
өлшемі366,45 Kb.
#123628
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мәтін талдау үлгілері М. Ахметовадан

Мәтіннің баяндау қабатын немесе мәтін түрлерін анықтау (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау).

Мәтіндегі мазмұн сипаттау, әңгімелеу арқылы баяндалған. Пайымдау элементтері кездеседі.
Алғашқы абзац – сипаттау мәтіні, соның ішінде портрет, себебі кейіпкердің сыртқы кескін-келбеті, киім киісі, қару-жарағы, құрал-сайманы сипатталған. Сипаттау мазмұнын беруде автор осы мәтін түріне тән тілдік бірліктерді молынан қолданған. Мысалы: сын-сапа мағынасын білдіретін сөздер (қара торы, орта бойлы, барқытпен тыстаған, қара елтірі т.б.); дене мүше атаулары (тұмсық, көз, бас т.б.); киім-кешек атаулары (тымақ, пенжек, шалбар). Бекболаттың сыртқы бейнесі, негізінен, есімді сөйлемдер арқылы суреттелген. Автор кейіпкердің портретін бөлшектерді (детальдарды) сипаттау арқылы берген. Ол сөйлемнің бірыңғай мүшелері арқылы көрініс тапқан (қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз т.б.). Қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт бейнесін көз алдына елестеткен оқырман көкейінде «Ақбілекке адал жар бола ала ма?» деген сұрақ еріксіз туындайды.
Соңғы сөйлемдегі «менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар» деген қолданыс пайымдауға жатады, себебі кейіпкердің ішкі ойы, өзін-өзі бағалауы берілген. Болар сөзіндегі есімшенің –ар тұлғасы кейіпкердің өзіне берген бағасының дұрыс-бұрыстығын бағамдауды оқырманға қалдырып, нақты, айғақты бағадан гөрі болжалды мәнді білдіру үшін қолданылған. Кейіпкер сипаттамасы арқылы ажарсыздау, бірақ қарулы, айбатты жігіттің бейнесі берілген.
2, 3-абзац – әңгімелеу мәтіні. Мұнда отбасына қатысты оқиғалар бірінен кейін екіншісі баяндалған. Әңгімелеу мәтініндегі оқиғаны дамытуға, негізінен, күрделі, құранды етістіктер қатысқан (жеткен еді, би болған, енші алып кетті, оқуда, қайтыс болған, бата бұзып алып еді, мойнына мініп алды).



  • Мәтіннің нешінші жақтан баяндалғанын талдау (1, 2, 3-жақ).

Мәтін 1-жақтан Бекболат атты кейіпкердің атынан баяндалған. Ол жіктеу есімдігі (менің), 1-жақтағы жіктік (жігіт-пін, бала-сы-мын), тәуелдік (аяғ-ым, іні-м т.б.) жалғаулары арқылы көрінеді. Автор өз кейіпкерінің кейпіне еніп, онымен қосылып, үндесіп кеткен. 1-жақтағы баяндауда жазушы кейіпкермен бірге оқиға ішінде жүреді, оған қатысады. Баяндау субъективтік ыңғайға құрылып, табиғилық, шынайылық қасиетке ие болған. Мұндай баяндауда оқырман мен кейіпкер бетпе-бет жүздескендей әсер қалдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет