M. kozybayev north kazakhstan state university хабаршы педагогикалық сериясы вестник серия педагогическая



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата02.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#5138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

Аnnotation 

In the article an author examines the theoretical aspects (questions) of problem of Professionally -

cultural activity of teacher. 

 

 



Айтымова А.Н.

 

14 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей: «Білім 

беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да 

ұйымдарда  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілерді  оқытуға  және  тәрбиелеуге 

байланысты білім беру қызметімен айналысу педагогтарға жүктеледі». 

Қазіргі  заманғы  мектепте  нақты  педагогикалық  қызметте  іске  асыруға 

болатын  орасан  зор  педагогикалық  тәжірибе  жинақталған,  бірақ  олардың  бәрі 

бірдей  қолданыла  бермейді,  өйткені  көптеген  мұғалімдер  мен  басшыларда  ол 

тәжірибені  зерттеу  және  қолдану  қажеттілігі  қалыптаспаған,  сол  сияқты  ол 

тәжірибелерді  таңдау  мен  талдаудың  дағдысы  мен  іскерлігі  жетісе  бермейді. 

Осыған  орай  жүріп  жатқан  модернизациялау  үрдісі  -  республикадағы  білімнің 

сапасын  арттырып,  оның  халықаралық  білім  кеңістігіне  кірігуіне  деген 

қажеттіліктерін  қанағаттандырады,  еліміздің  өркендеген  елдердің  катарынан 

көрінеміз деген талабына тұғыр болады деп күтілуде. 

Н.А.  Назарбаевтың  «Білім  экономикасына  инновациялар  және  білім  беру 

арқылы»  атты  дәрісінде  де  елдің  интеллектуалдық  потенциалын  дамыту 

маңыздылығы  көрсетіліп,  ол  жаһандану  және  бәсекеге  қабілетті  қоғамды  құру 

жағдайында  қажетті  екендігі  анықталған:  «ақпараттық  кеңістікте  шешуші  рөлді 

компьютер  немесе  байланыс  желісі,  станоктар  емес,  білім  мен  ойлаудың 

шығармашылық потенциалы атқарады» делінген.  

Егеменді  еліміздің  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  деңгейге  жету  үшін 

жасалынып  жатқан  талпыныстар  оқытудың  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдана 

отырып,  терең  білімді,  ізденімпаз,  барлық  істерінде  креативті  әрекет  ұстанатын, 

сол  тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  ұстаздардың  жеке  тұлғалық 

шығармашылығын қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.

 

Қазіргі  кезде  қоғамның  ақпараттануы  жағдайында  білім  берудің  әртүрлі 



саласында  еңбек  ететін  қызметкерлер  мен  мамандардың    кәсіби  біліктіліктерін 

арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кәсіби құзыреттіліктерін 

қалыптастыруға  да  аса  үлкен  мән  беріліп  отыр.  Бұл  мәселенің  шешімін  табу 

жоғарғы  білім  беру  мекемелерінің  алдына  кәсіби  білікті  педагогтарды 

инновациялық  технологиялар  мен  ақпараттық  қоғам  талабына  сай  даярлау 

міндетін қояды. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен 

қабылдай алатын, оқытудың жаңа технологияларын игерген және қазіргі заманғы 

технологиялық  процесті  басқара  алатын,  кәсіби-педагогикалық  құзыреттіліктің 

жоғары деңгейін игерген маман ретінде даярлау мәселесін тудырады.  

Дарынды,  білімді,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін,  педагогикалық  

кәсіби-мәдени деңгейі жоғары мұғалімдер ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды 

етіп,  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  үлес  қоса  алатын  түлектерді 

дайындау  міндетін  атқарады.  Осыған  байланысты  мұғалім    тұлғасының  қазіргі 

кезеңдегі  педагогикалық  іс-әрекетінің  негізінде  адамзаттық  мәдениеттің 

дүниежүзілік қоры алынуы қажет, яғни олардың  көпмәдениеттілік құзіреттілігін 

қалыптастыру заман талаптары болып келеді. 

Мәдениет  -  адамзаттың  ғылыми,  көркем  және  техникалық  құндылықтарды 

жасаудағы  қарым-қатынас  жиынтығы,  меңгерген  идея,  қоғамдық-моральдық 

нормалары мен принциптері, іс-тәжірибелік әрекетке қатысуы негізінде тұрақты 

моральдық сапаны, адамгершілік, имандылық қажеттілікті, сенімді және сезімді, 

дағдыны және мінез-құлық әдетін, әдепті қалыптастыру, жеке адамның үйлесімді 

дамуының  жетекші  жағы.  Мәдениеттілік  -  әдептіліктің,  имандылықтың, 

ізеттіліктің көрінісі – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз 


Педагогтың шығармашылық және кәсіби-мәдени 

іс-әрекеттерін жетілдірудің өзекті мәселелері

 

15 


байланысты.

 

Мұғалімдердің  педагогикалық  мәдениетінің  деңгейі,  олардың  жеке 



кәсіптік өлшемдері болжамдау процесінде анықталған әдістемелік сауаттылығы. 

Білім  берудегі  ізгілендірудің  маңызды  бөлігі  гуманитарландыру  болып 

табылды. 

Бұл,  біріншіден,  барлық  оқу  пәндерінің  мазмұнына  адам,  адамзат  және 

адамилық туралы білімдерді енгізу. 

Екіншіден, гуманитарлық оқу пәндерін (әдебиетті, тарихты, тілдерді, өнерді) 

оқытуға  ерекше  көңіл  аудару,  олардың  білім  берудегі  басымдығын  мойындау 

керек. 


Үшіншіден,  осы  ұстанымды  жүзеге  асыру  аясында  гуманитарлық  емес 

пәндерді  (физиканы,  химияны,  математиканы,  информатииканы  және  т.б.) 

оқытуды  ізгілендіру  міндеті  туындайды.  Бұны  әрбір  пәнде  жалпыадамзаттық 

мәдениеттің бір және басқа бөліктерін бөліп көрсету арқылы шешуге болады.

 

Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының  тағы да бір құрамды 



бөлігі  -  психологиялық-педагогикалық  зерттеулердің  нәтижесін  педагогикалық 

қызметтің практикасына ендіру. Жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми 

зерттеу мен кеңінен  тарату талаптары қойылып отыр. Осыған байланысты жаңа 

педагогикалық  идея  мен  технологияның  насихатшысы  және  таратушысы  кім 

болады деген сұрақ туындайды. Бұл маңызды міндет – шығармашылықпен жұмыс 

істейтін мұғалімге жүктелері сөзсіз. 

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына 

деген  ұмтылысы  еліміздің  жаңа  сапалық  деңгейге  жылдам  өту  қажеттілігін 

туындатуда.  Қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  бағыттардағы 

өрлеуіндегі  осындай  өзгерістер  өмірдің  барлық  саласындағы  шығармашыл 

тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.  

Тұлға  іс-әрекеті,  өзіне  және  айналасына  қарым-қатынасы  арқылы 

шығармашылық қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. «Шығармашылық» 

деген  сөздің  мәніне  үңілсек,  ол  адамның  мақсатты  ісіне  жету  жолындағы 

талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен 

түзіліп,  акыл  ойы  мен  сезімінің,  қиялының  ерекше  бітімінен  көрінеді.    

Шығармашылық  -  адамның  ойлауының  және  өз  бетінше  әрекетінің  жоғарғы 

формасы.  Дегенмен  шығармашылықтың  объективті  және  субъективті 

болатындығы  белгілі.  Оның  алғашқысы  ғылымда,  зерттеулерде  бұрын  болмаған 

жаңалық  деп  танылса,  соңғысы  субъектінің  өзі  үшін  жаңалық  болып,  оны  әрі 

қарай жаңа бастамаларға шабыттандыратынымен сипатталады. 

Мұғалімнің кәсіби-мәдени іс-әрекетін талдағанда педагогтың педагогикалық 

іс-әрекеттің негізгі түрлері қарастыру қажет. 

Тұтас  педагогикалық  процесте  жүзеге  асырылатын  педагогикалық  іс-

әрекеттің негізгі түрлері оқыту және тәрбие жұмысы болып табылады. 

Тәрбие  жұмысы  –  жеке  тұлғаның  жан-жақты  даму  міндетін  шешу 

мақсатында  тәрбие  ортасын  ұйымдастыру  мен  тәрбиеленушілердің  әр  түрлі  іс-

әрекетін  басқаруға  бағытталған  педагогикалық  әрекет.  Ал  оқыту  –  ол 

оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  басқаруға  бағытталған  тәрбие  әрекетінің 

түрі. 


Білім  беру  мазмұнының  проблемасымен  айналысатын  ғалымдар 

(В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік 

компонеттерінен  басқа,  адамның  оқыту  процесінде  игеретін  шығармашылық 

әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын 

жатқызады.  Оқыту  мен  тәрбие  жұмысының  бірлігінсіз  білім  беру  элементтерін 


Айтымова А.Н.

 

16 



жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Біртұтас  педагогикалық  процесс  –  ол  «тәрбиелеп 

отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег). 

Оқыту  прцесінде  ерекше  орын  алатын  оқыту  әрекеті  мен  тұтас 

педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік. 

Кез  келген  ұйымдастыру  формасы  сияқты,  оқыту  да  уақытты,  нақты 

мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды 

критерийі оқу мақсатына жету болып табылады. 

Ал  тәрбие  жұмысы  кез  келген  ұйымдастыру  формасы  ретінде  нақты 

мақсатқа  жетуді  талап  етпейді.  Тәрбие  жұмысында  мақсатқа  бағытталған  нақты 

міндеттерді  алдын-ала  көруге  болады.  Тәрбие  міндеттерін  шешу  тиімділігінің 

маңызды  критерийі  эмоция,  мінез-құлық,  іс-әрекетте  көрінетін  тәрбиеленушілер 

санасының өзгеруі. 

Оқыту  логикасын  нақты  түрде  бағдарламалауға  болады,  ал  тәрбие 

жұмысында  жоспарлауға  қоғамға,  еңбекке,  адамдарға,  ғылымға,  табиғатқа, 

заттарға,  қоршаған  орта  құбылыстарына,  өз-өзіне  қатынасы  кіреді. Оқу  мақсаты 

іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып, бағыттау. 

Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі – білім 

мен  іскерлікті  игеру,  танымдық  және  практикалық  міндеттерді  шешу  тәсілдерін 

меңгеру,  дамудың  алға  жылжу  деңгейі  болып  табылады.  Оқушылар  әрекетінің 

нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен реттеліне алады. 

Тәрбие  жұмысында  мұны  көрсету  өте  қиын.  Дамушы  жеке  тұлғада 

педагогтың іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен 

кері байланысты бекіту мүмкін емес. 

Педагогикалық  іс-әрекеттің  негізгі  түрлері  кез  келген  мамандықтың 

педагогының  іс-әрекетінде,  яғни  оның  оқыту  және  тәрбие  жұмысында  көрінеді. 

Мысалы,  кәсіптік-техникалық  білім  беру  жүйесінде  өндірістік  оқыту  мастері  іс-

әрекетінде  екі  міндетті  шешеді:  қазіргі  технология  талаптарын  және  еңбекті 

ұйымдастыра  отырып  білім,  дағды,  іскерліктермен  қаруландыру,  білікті 

жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау 

мақсаты  біртұтас  педагогикалық  процесті  басқаруға  даярлауды  қалыптастыру 

болып табылады. 

«Шығармашылық»  сөзінің  төркіні  «шығару»,  «ойлап  табу»  дегенге  саяды. 

Демек  жаңа  нәрсе  ойлап  табу,  сол  арқылы  жетістікке  қол  жеткізу  деп  түсіну 

керек.  Философиялық  сөздікте  «шығармашылық  –  қайталанбайтын,  тарихи 

қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндірілді. 

Көрнекті психолог Л.Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті 

атаған. 

Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін 

жүзеге асыра алатын мұғалім ғана өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін-

өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез бейімделеді. 

Шығармашыл  мұғалім  жаңашыл,  ізденімпаз  болады,  өмірі  қызық, 

мақсаттарын  жүзеге  асыру  барысында  өз  жолын  өзі  ашып,  кедергілерді  жеңе 

алады, үздіксіз алға жылжып отырады. 

Шығармашылық  бағыттағы  мұғалімнің  қажеттілігі,  қызығуы,  идеалдары 

мақсаттарын  жүйелейді,  айқындайды.  Шығармашыл  тұлға  шығармашылық  іс-

әрекетте  болады,  іс-әрекеттің  барлық  түрінде  шығармашылықпен  дамиды. 

Шығармашылық  кең  мағынада  –  даму  механизмі,  дамуға  жеткізетін  әрекеттесу. 

(Я.А. Пономорев). 



Педагогтың шығармашылық және кәсіби-мәдени 

іс-әрекеттерін жетілдірудің өзекті мәселелері

 

17 


Шығармашылық  ойлау  үрдісін  объективті  жаңалықты  ашу  мен  жасау 

ретінде  емес,  субъективті  жаңалықты  меңгеру  деп  тану  идеясын  белгілі  ғалым 

А.В.Брушлинский еңбектерінен аңғаруға болады. 

Шығармашылық  мәселесінің  әрекет  теориясы  аясында  қарастырылуы 

белгілі  ғалымдар  А.М.Матюшкин    мен  М.И.  Махмудовтар  еңбегінде  әрі  қарай 

жалғасын  табады.  Олар  ұсынған  проблемалап  оқытудың  негізгі  идеясы 

шығармашылық ойлауды дамыту болып табылады. A.M. Матюшкин өзінің соңғы 

еңбектерінде  шығармашылық  әрекет  адамның  өзін-өзі  өзгертуі,  өзінің  ішкі 

мүмкіндіктерін ашу құралы екендігі жөнінде ой білдіреді. 

Шығармашылықтың  категориясы  ретінде  интеллектуалдық  белсенділіктің 

мәніне  ерекше  тоқталған  Д.Б.Богоявленская.  Бұл  сапаны  өзіндік  мәні  бар 

шығармашыл  тұлғаның  кіріктірілген  қасиеті  деп  тануды  ұсынады.  Тұлғаның 

шығармашылық  сияқты  аса  маңызды  сапасы  сонымен  қатар  көптеген  шет  елдік 

психолог-зерттеушілердің  назарын  аударған.  Сонымен  шығармашыл  тұлға  болу 

дегеніміз  –  дүниені  тану  және  жаңарту  арқылы  тұлғаның  болмысқа  көзқарасын 

айқындауы. 

Қазіргі кезде оқыту процесін жоспарлаудың,  қолданудың және бағалаудың 

жүйелі  әдісі,  адамдардың  техникалық  ресурстарды  білімді  игеру  жолында  өзара 

тиімді  әрекет  етудің  негізі  ретінде  жаңа  педагогикалық  технологиялар  түрлері 

көбейе  түсуде.  Сондықтан  осындай  жаңартылған  педагогикалық  технологиялар  

ішінен  өз  қажетін  таңдап  алу  -  әр  мұғалім  үшін  жауапты  да,    шығармашылық 

іскерлікті қажет ететін іс. 

Мұғалім  тұлғасының  шығармашылығын  дамыту  мақсатында  интерактивті 

оқыту  әдістерін  сабақ  барысында  материалды  түсіндіргенде,  әртүрлі  пәндер 

бойынша  семинар,  лабораториялық-тәжірибелік  сабақтардың  эвристикалық 

әдістерін  қолданып,  оқушылардың  оқу  іс-әрекетінің  элементтерін  бейнелейтін 

ұйымдастырушылық  іс-әрекеттік,  проблемалық-бағдарлық,  іскер  және  рөлдік 

ойындарды  жүргізгенде  де  пайдалануға  болады  (мысалы,  «Азанмен  бос  болып 

оянасың»,  «Фирма  бір  орында  тұр  немесе  алға  қадам  басудың  бес  түрлі 

ұйымдастырушы  баспалдағы»,  «Қалдықтардан  келген  пайда»,  «Педагогикалық 

ой-пікірлер банкісі»,  «Жетістікке жету формалары»,  «Ұрпақтан келесі ұрпаққа», 

«Өзіңді таны» және т.б.). Бұл әдістер мұғалімдерге  әртүрлі оқу ситуацияларының, 

сонымен  қатар,  кәсіби  ситуацияларының  үлгілерін  жасауға,  оқу  үрдісін  шын 

өмірге жақындатуға көмегін тигізеді. Оқыту әрқашан білімге құштарлықты жүзеге 

асыратын тұлғаның өзін-өзі шығармашылық дамуына бағытталуы керек. 

Шығармашылық  жөнінде  жазылған  еңбектерді  талдай  келе,  төмендегідей 

қорытындыға  келдік:  шығармашылық  -  өте  күрделі  психологиялық  үрдіс.  Ол 

адамға тән. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, өмір сүруге 

бейім,  өзіндік  ой-талғамы  бар,  адамгершілігі  жоғары,  шығармашыл  қабілетті, 

білікті жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Инновациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  шығармашылық  іс-

әрекетін белсендендіру мәселесіне Қазақстандық ғалымдар соңғы жылдары басты 

назар  аударуда  (А.А.  Жолдасбеков,  К.М.  Беркімбаев,  Ж.К.  Оңалбек,  Б.Қ. 

Мухамеджанов,  Қ.Қ.  Қабдықайыров,  Ш.Т.  Таубаева,  К.Ж.  Бұзаубақова,  Ж.А. 

Қараев, М. Жанпейісова, Р.Р. Масырова, Б.А. Оспанова т.б.). 

Сонымен  біз  біліктілікті  арттыру  жүйесінің  педагогикалық  мамандардың 

кәсіби-шығармашылықты дамытуға бағытталған жаңа тұжырымдамасы жоғарыда 

айтылып  өткен  теориялық  тұғырлардағы  түйінді  ойларға  сәйкес  жүйені  тұтас 

инновациялауға, ондағы оқу үрдісіне қатысатын субъектілердің позицияларының 


Аманжолова А.Ж., Икласова К.Е., Байжигитова Л.О.

 

18 



өзгеруіне,  оқу  үрдісінің  әрекеттік  амал  жағдайына  көшуі  жүзеге  асқанда  өз 

нәтижесін  береді  деп  есептеуге  болады.  Сондықтан  да  ХХ1  ғасырдың  басында 

жаһандану  мен  ұлттық  тенденциялардың  бірлігі  мен  күресі,  үйлесімі  мен  тіке-

тіресі елдің, ұлттың, жеке мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі 

кәсіби-мәдени,  рухани,  адамгершілік  қасиет-сапаларын,  ар-намысын  жаңа  

қырынан саралауды талап етеді. 

Білім  берудің  дамыған  өркениетті  елдердегі  үлгісіне  қарап,  мемлекетімізге 

сай ұлттық сана мен халықтық дәстүр және даму ерекшеліктерін ескере отырып, 

оқытудың  жаңаша  түрлі  жүйесінің  бағдарламасы  қолға  алынғаны  –  алға  қарай 

талпыныс, бүгінгі күннің талабы. 

 

 

Әдебиет: 



1.

 

ҚР-ның «Білім туралы» Заңы. Егемен Қазақстан. 2007 жыл.  



2.

 

Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы – Қарағанды. 2006 жыл. 



3.

 

Некоторые особенности поликультурной личности // Білім-Образование. – 2007. №6. 



 

 

 



УДК 004:378 

 

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДА ПӘНДЕРДІ 

КӨПТІЛДІЛІКТЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Аманжолова А.Ж. 

(

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ техникалық ғылымдар магистрі, «Физика» 

кафедрасының аға оқытушысы), 

Икласова К.Е. 

(

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ техникалық ғылымдар магистрі «Ақпараттық 

жүйелер»кафедрасының аға оқытушысы) 

Байжигитова Л.О. 

(

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Ф(о)-15к тобының студенті) 

 

 

Андатпа 

Бүгінгі  күні  кәсіби  іс  халықаралық  сипат  алуда.  Шет  тілде  тілдесу    болашақ  маманның 

кәсіби  ісінде  маңызды  компонентке  айналуда  және  нақты  кәсіби,  іскерлік,  ғылыми  салалар  мен 

жағдайларда  өзектілік  алып  жатыр.  Зерттеудің  мақсаты  көптілді  білім  беру  жағдайындағы 

студенттерді  оқытудың  әдіснамалық  сұрақтарын  қарастыру  қажеттілігі.  Қойылған  мақсатттарды 

орындау  үшін  келесі  зерттеу  әдістері  қолданылды:  теориялық  –  философиялық,  психологиялық, 

педагогикалық  және  ғылыми-әдіснамалық  әдебиеттерді  зерттеу  және  талдау,  эмпирикалық  – 

педагогикалық  бақылау,  студенттік  жұмыстарды  талдау,  педагогикалық  тәжірибе  мен  жаппай 

педагогикалық  тәжірибе,  әңгімелесу,  сауалнама  жүргізу;  зерттеу  нәтижелерін  статистикалық 

өңдеу,  оларды  педагогикалық  талдау,  тәжірибе-іздестірушілік  жұмысты  өткізу.  Тәжірибелік 

маңыздылық  техникалық  мамандықтар  студенттері  үшін  IT  пәндерін  оқытуда  тиімді  болатын 

көптілді білім беру әдіснамасын дайындауға негізделеді. Қарастырылған әдіснама көптілді білім 

беру жағдайындағы техникалық мамандықтар студенттеріне IT пәндерін тиімді оқытуға мүмкіндік 

береді. 


 

Аннотация 

На  сегодняшний    день  профессиональная  деятельность  приобретает  международный 

характер.  Иноязычное  общение  становится  значительным  компонентом  профессиональной 

деятельности  будущего  специалиста,  и  приобретает  актуальность  в  конкретных 



Техникалық мамандықтарда пәндерді көптілділікте оқыту мәселелері 

19 


профессиональных,  деловых,  научных  сферах  и  ситуациях.  Цель  исследования  обусловлена 

необходимостью  рассмотрения  методических  вопросов  обучения  студентов  вузов  в  условиях 

полиязычного обучения. 

Для  решения  поставленных  задач  были  использованы  следующие  методы  исследования: 

теоретические  –  изучение  и  анализ  философской,  психологической,  педагогической  и  научно-

методической  литературы,  эмпирические  –  педагогическое  наблюдение,  анализ  студенческих 

работ,  обобщение  педагогического  опыта  и  массовой  педагогической  практики,  беседа, 

анкетирование;  статистическая  обработка  результатов  исследования,  их  педагогическая 

интерпретация, проведение опытно-поисковой работы. 

Практическая  значимость  заключается  в  разработке  методики  полиязычного  обучения, 

которая  будет  эффективна  в  преподавании  IT  дисциплин  для  студентов  технических 

специальностей.  Рассматриваемая  методика  позволяет  эффективно  преподавать  IT-дисциплины 

студентам технических специальностей в условиях полиязычного обучения. 

 

Аnnotation 

Today, professional activity takes on an international character. Foreign language communication 

becomes a significant component of professional work of the future expert, and acquires relevance in 

specific professional, business and scientific spheres and situations. The purpose of the study is due to the 

need to address methodological issues of training of university students in terms of multilingual 

education. 

To achieve the objectives the following research methods were used: the theoretical -  study and 

analysis of philosophical, psychological, pedagogical and methodological literature, empirical - 

pedagogical supervision, analysis of student work, the generalization of pedagogical experience and mass 

pedagogical practice, conversation, questioning; Statistical analysis of the results of research and their 

pedagogical interpretation, conducting research and job search engine. 

The practical significance is to develop methods of multilingual education, which will be effective 

in teaching IT courses for students of technical specialties. The technique allows you to effectively teach 

IT-discipline engineering students in terms of multilingual education. 

 

 



Қазіргі  заманғы  жағдайларда  кәсіби  әрекет  интернационалдық  сипатқа  ие 

болуда.  Шет  тілді  қарым-қатынас  болашақ  кәсіби  маман  ісінің  елеулі  құрамдас 

бөлігі  болып  және  нақты  кәсіби,  іскерлік,  ғылыми  салалар  мен  жағдайларда 

маңыздылыққа ие болып жатыр.  

Шет тілді білу болашақ мамандардың кәсіби ісінің әр түрлі көрінісін жүзеге 

асыруға  мүмкіндік  береді:  жаңа  тенденциялармен,  дереккөздермен,  сәйкес 

саладаға  зерттеулермен    уақытылы  танысу,  сыни  ұғыну  және  мәдениеттерді 

салыстыру, шетелдік әріптестермен байланыс орнату, конференцияларға қатысу, 

ғылыми жұмыстарды, баяндаманың тезистерін  және т.б. жазу арқылы  маманның 

кәсіби құзыретінің дәрежесін арттыруға жағдай жасайды.  

Шет тілін болашақ маманның кәсіби бағытының қалыптасу құралы ретінде 

қарастыра  отырып,  кәсіби  бағытталған  тіл  мәліметін  зерттеу  кезінде  студенттің 

арнайы  білім  алу  талпынысы  мен  оның  тілді  меңгеру  жетістігі  екі  жақты 

байланыс  орнататынын  айта  кеткен  жөн.  Тілдік  емес  ЖОО-да  шет  тілін  кәсіби 

және  әлеуметтік  бағыттың  тиімді  құралы  деп  санауға  болады.  Берілген 

мүмкіндікті жүзеге асыру үшін келесі шарттарды орындау қажет: 

-

 

шет тілде сөйлеу әрекетінің мақсатын айқын анықтау; 



-

 

бұл саланың әлеуметтік және кәсіби бағыты; 



-

 

жеке есептерді шығарған кездегі студенттердің қанағаттануы;  



-

 

білім  алушыларда  жеке  есептерді  шығаруға  шығармашылық  тұрғыдан 



келуді қалыптастыру; 

-

 



оқу ұжымында жайлы психологиялық ахуалдың болуы [1, б. 3-6]. 

Аманжолова А.Ж., Икласова К.Е., Байжигитова Л.О. 

20 


Бұл  шарттарда  «Тілдердің  үшбірліктігі»  жобасын  іске  асыру  үшін 

нормативті-құқықтық,  теория-әдістемелік,  ғылыми-әдістемелік  қамсыздандыру 

сұрақтарын шешуді талап етеді. 

Шет  тілдегі  мамандандыру  курсын  ғылыми-әдістемелік  қамсыздандыруды 

қалыптастыру  мәселелерін  шешу  үшін  келесі  аспектілер  қатарын  қарастыру 

қажет. 


Пәнді  таңдау.  Шет  тілінде  оқытылатын  пәнді  таңдау  кезіндегі  негізгі 

белгілер:  берілген  пәнді  шет  тілінде  оқытудың  логикалық  қажеттілігі, 

тақырыптар, ағылшын тіліндегі әдебиеттердің жеткіліктігі. 

Екінші  аспект  мақсатты  аудиториямен  байланысты.  Оқушылардың  жалпы 

дайындық  деңгейін,  пәннің  ерекшеліктерін  және  студенттер  тарапынан  берілген 

курсқа потенциалдық қызығушылығын ескеру өте маңызды. 



Тілді меңгеру деңгейіБұл сұрақтағы негізгі мәселе: оқытушының шет тілін 

жалпы  және  мамандығы  бойынша  білуі;  студенттердің  тілдік  дайындық  деңгейі 

және мамандық бойынша тілдің қолдану тәжірибесі. 

Туған  тілге  деген  дағдылық,  сөйлеу  еркіндігінің  шектеулілігі,  туған  емес 

тілге  ауысу  мен  кенеттен  суырып-салма  алмасудың  қиындығы,  студенттер  мен 

оқытушының дайындық деңгейінің әр түрлілігі, түсінудің төмендеуі, ақпараттың 

бұрмалану  қаупі,  тілді  қолдану  қажеттілігінің  болмауы  –  бұның  барлығы  оқыту 

үрдісінің тежегіш факторлары [2]. 

Үрдістің  ұйымдастырушылық  бөлімі  іріктеп  алынған  уақытша  жоғары 

шығындарды  және  әдістемелік  мәліметтерді  уақытылы  дайындауды,  студенттер 

жұмысын  нақты  регламенттеуді,  сөздік  пен  жұмыс  және  қайталауды  тудыруы 

мүмкін. 


Бағытталған  мамандықтардың  ерекшелік  есебі  келесі  бағыттар  бойынша 

өткізілуі  тиіс:  арнайы  мәтіндермен  жұмыс,  ауызша  тілді  дамытуға  арналған 

арнайы  тақырыптарды  зерттеу,  тиісті  мамандық  бойынша  минимум  сөздікті 

зерттеу,  оқушылардың  лексикалық  және  грамматикалық  ақпаратты  жандандыру 

үшін оқытушылардың оқу құралын жасау [3, б. 165]. 

Көрсетілген  мәселелерге  қарамастан,  ағылшын  тілінде  оқыту  студенттерде 

шетелдік  коммуникативтік  құзыретті,  сондай-ақ,  ағылшын  тілін  оқу,  ғылыми 

және  кәсіби  әрекетті,  ары  қарай  магистратура  мен  докторантура  және  берілген 

аймақта ғылыми зетттеулер  қалыптастыру қажет. 

Соңғы  уақытта  қарқынды  дамып  келе  жатқан  интеграциялық  процестер, 

кәсіби  және  академиялық  алмасудың  өсуі,  халықаралық  қарым-қатынастың 

тереңдеуі шет тілде білім беруді ілгерілемелі дамуға ынталандырды. 

Көптілді  білім  берудің  негізгі  мақсаты  мәдениаралық-коммуникативтік 

құзыретті қалыптастыру. Мәдениаралық-коммуникативтік құзыреттің құрылымы 

білім  беру  құзыретінің  сипаты  мен  сәйкес  мәдениет  жайлы  білімді  қосатын 

күрделі  жеке  бас  оқытуды,  бұл  білімдерді  тәжірибелік  қолданудың  ептілігі  мен 

дағдыларын,  сондай-ақ,  бұл  білімдерді,  ептілік  пен  дағдыларды  іске  асыруға 

мүмкіндік  беретін  жеке  бас  қасиетінің  жиынтығын,  басқа  мәдениет  өкілдерімен 

қарым-қатынас кезінде қолданудың  тәжірибесін қамтып көрсетеді. 

Өкінішке орай, студенттердің көп бөлігі «шет тілі» пәнін жалпы орта білім 

беретін мектептерде, содан кейін, бірінші және екінші курстарда оқығаннан кейін, 

кәсіби  есептер  мен  мақсаттарды  шығаруға  шет  тілін  еркін  қолдануға  дайын 

болмайды.  

ЖОО-ғы  тілдік  білім  беру  мәселесі  екі  өзара  тәуелді  құрамдас  бөліктен 

тұрады – мотивация мен әдіснама [4, б. 21-29]. 


Техникалық мамандықтарда пәндерді көптілділікте оқыту мәселелері 

21 


Оқу  ісіне  қарай,  ЖОО-ның  білім  беру  жүйесінде  кәсіби  мотивация  деп 

санаға әсер етіп, болашақ кәсіби ісін зерттеуге түрткі болатын және бағыттайтын  

факторлар мен процесстердің жиынтығы деп түсінеді [5, б. 14-15]. 

Студенттің мотивациялық ортасын қалыптастыру оқуда қажеттілікті дамыту 

және  шет  тілін  игеру  қажеттілігін  түсіну,  болашақ  кәсіби  ісіңде  шет  тілін 

қолдануға дайындықты қамтиды. 

Шет тілін оқыту басқа да мамандандырылған және жаратылыстану-ғылыми 

пәндерімен  бірігуді  талап  етеді.  Негізгі  мәселе,  шет  тілі  оқытушылары 

мамандандырылған  техникалық  білімді  меңгермеген,  ал  техникалық  пәндердің 

оқытушылары сөйлеу шет тілін ғана біледі. 

Осыған  орай,  көптілде  оқытылатын  топтарға  оқу  жоспарын  құрған  кезде 

келесі  факторларды  ескерген  жөн:  көптілде  оқытылатын  топтарда  тілді  оқыту 

үздіксіз  барлық  оқу  мерзімі  бойы  іске  асу  керек;  ағылшын  тілінде  оқытылатын 

пәндерді  таңдау  бітіруші  кафедра  меңгерушісінің  келісімімен  іске  асу  керек. 

Ағылшын  тілі  сабақтарында  дұрыс  ақпараттарды  қолдану  керек  –  әр  түрлі 

техникалық  әдебиеттер,  тыңдаушыларға  ынталандырушы  әсер  ететін  және 

ағылшын тілін белсенді игеруге мүмкіндік беретін әр түрлі рөлдік ойындар мен 

жаттығулар. 

Әр түрлі қолданбалы тақырыпты дұрыс ағылшын мәтінімен әрдайым жұмыс 

істеу  техникалық  ағылшын  тілін  егжей-тегжейлі  меңгеруге  және  әр  түрлі 

техникалық  мәтіндерді  еркін  оқуға,  екі  жақты  техникалық  аудармамен 

айналысуға,  өз  мамандығыңның  соңғы  жаңалықтарымен  түпнұсқа  арқылы 

танысуға мүмкіндік береді. 

Келесі  маңызды  құрамдас  бөлік  –  ғылыми  зерттеу  ісімен  байланысқан 

мәліметті  зерттеу,  нақтырақ  айтсақ,  шет  тілді  ғылыми  мақалаларды  оқу  және 

талқылау. Ғылыми мәліметті зерттеудің негізгі мәселесінің бірі арнайы лексикаға 

көңіл  бөлу,  мазмұндаманың  ғылыми  стилі,  ғылыми-зерттеу  компонентін 

қалыптастырудағы  алғашқы  қадаммен  ғылыми  ойлауды  қалыптастыратын 

ғылыми жұмысты дайындау талаптары болып табылады [4, б. 21-29]. Осылайша, 

маманды дайындаудың мақсаты кәсіби іс жайлы жалпы түсінікті, ойлауды және 

дүниетанымды  қалыптастыру.  Маман  үшін  пәндік  және  пәнаралық  білім  ғана 

емес,  сондай-ақ,  пәнүсті  (біріктірілген)  білімдер,  іс-әрекет  тәсілі  мен 

ойлаумаңызды  болып  табылады,  нақтырақ  айтсақ,  ақпаратпен  жұмыс  істеу, 

талдау, берілген мәліметтерді түсіну, өзіңе жаңа кәсіби мақсаттар мен міндеттер 

қою,  есепті  шығарудың  жаңа  жолдарын  іздестіру,  көпкәсіпті  командада  тиімді 

жұмыс істей алу, кәсіби істе жоғары нәтижелерге жету. 

АКТ  құралдары  -  бұл  бағдарламалық,  бағдарлама-аппаратты  және 

техникалық құралдар мен микропроцессорлық есептеу техникасы құралдарының 

негізінде  жұмыс  істейтін,  сонымен  қатар,  заманауи  құралдар  мен  ақпаратты 

тарату  жүйелері,  жиын  бойынша  ақпараттық  алмасу,  жинау,  жинақтау,  өңдеу, 

сақтау,  өндіру,  жеткізу  арқылы  операцияларды  қамтамасыз  ететін  ақпараттық 

алмасу, ақпаратты қолдану, компьютерлік, сонымен қатар, жаһандық желілердің 

ақпараттық ресурстарына кіру мүмкіндігі бар құрылғылар. 

АКТ  құралдары  оқу  процесінің  барлық  кезеңінде  қолданылады:  жаңа 

тақырыпты  түсіндіру  кезінде,  пысықтау,  қайталау,  бақылау  кезінде.  Сабақты 

тиімді  өткізу  үшін  әр  түрлі  іс-әрекеттерді  жасау  қажет:  сөздікпен,  электронды 

оқулықтармен,  кестелер  мен  сызбалармен,  тесттармен,  аудио-,  визуалды 

құралдармен жұмыс істеу. 



Аманжолова А.Ж., Икласова К.Е., Байжигитова Л.О.

 

22 



Жалпы  және  тілдік  дайындықтың  төмен  болуы,  дәріс  сағаттарының  аз 

болуы,  студенттердің  мотивациясының  жетіспеушілігі  жағдайларында  АКТ-ны 

қолдану  білім  беру  мен  оқытудың  сапасын  едәуір  көтеруге  мүмкіндік  береді. 

Электронды  құралдарды  қолдану  тілдік  дайындық  бойынша  да,  оқытылатын 

мамандық  бойынша  да  өзіңнің  оқыту  траекторияңды  құруға  мүмкіндік  береді. 

Сонымен  қатар,  АКТ  көмегімен  оқушы  өзіне  ыңғайлы  уақытта  және  өзіне 

ыңғайлы жерде оқи алады. АКТ-ны қолданудың оңайлығы студенттердің көптілді 

оқыту кезіндегі мотивация деңгейін көтере алады. 

Көптілді оқыту әдістемесі болжамдайды: 

-

 



дәріс  және  зертханалық  жұмыс  сабақтарының  мәліметтері  студенттерге 

қолжетімді болуы қажет; 

-

 

чат,  форум,  блог,  вики  сияқты  құралдардың  арқасында  онлайн  байланыс 



мүмкіндігі; 

-

 



іздестіру  әдетін,  ақпаратты  талдауды  дамытатын,  топта  жұмыс  істеуді, 

міндеттерді  дұрыс  бөлуді  және  қабылданған  шешімдер  үшін  жауап  беруді 

үйрететін жеке және топтық жобалар әзірленіп жатыр; 

-

 



оқу  процесін  жеңіл  әрі  мазмұнды  ететін  аудио  және  видеодәрістер 

қолданылады. 

Көптілді оқытудың дәріс сабақтарында қолдануға болатын АКТ-ның негізгі 

құралы  презентация  болып  табылады.  Слайдтардың  оңай  жаңартылатыны  мен 

толықтырылатыны  өте  қолайлы.  Презентация  –  басқару  элементтері  бар 

ақпаратты  ұсыну  түрі  [6,  б.  672].  Оның  құрылымы  күрделі  және  жеңіл  болуы 

мүмкін,  кез  келген  күрделі  объектілерді  (фото,  сызба,  кестелер,  дыбыс,  видео) 

орната алады. 

Көрнекілік  үшін  IT  пәндерін  көптілде  оқытуда  талқылау  кезінде 

презентацияны  қолдануға  болады,  слайдтар  оқушылардың  туған  тілінде  де,  шет 

тілінде де түсіндіріле алуы ауызша хабарламаны дәлелдеу мен түзетуге мүмкіндік 

береді. 


Сабақтың  басында  мәтінде  белгіленген  немесе  бөлек  шығарылған  түйінді 

сөздерге  зейінаударуға  болады.  Бұл  әдіс  тілді  жақсы  білетіндер  үшін  қайталау 

мақсатында,    бастапқы  деңгей  үшін  таныс  емес  сөздерді  зерттеу  мен  жаңа 

тақырыпты түсіну мақсатында қажет. 

Бұл тақырыпты бекіту үшін өздік жұмыс ретінде студентке шағын баяндама 

немесе тақырапты да, тілдік шеберлікті де пысықтау мақсатында ағылшын тілінде 

хабарлама жазуды ұсыну. 

Ақпарат  бір  мезгілде  екі  тілде:  туған  тілде  және  шет  тілінде  ұсынылған 

жағдайда мәліметті дұрыс қабылдау үшін мәтінді салыстыру мүмкіндігін ескеру 

керек. 


Мәтінде безендіру, тезистер түрінде орналастыру, кестелер немесе сызбалар 

оқушылардың зейінін тақырыптың түйінді сәттеріне бұруға мүмкіндік береді. 

Көптілді оқыту үшін келесі презентацияларды қолдануға болады:  

-

 



2 тілдегі презентация, ішінде қосымша түйінді сөздерді белгіленген (бір 

түспен немесе шрифты сызып қою); 

-

 

презентациядағы  мәлімет  ағылшын  тілінде  ауызша  аудармамен,  әрбір 



слайдты талқылаумен ұсынылуы мүмкін; 

-

 



слайдтардағы  ақпаратты  ағылшын  тілі  басқа тілде  дубляждалатын  кесте 

түрінде жасауға болады. 

Дәл  қазір  тақырыпты  (барлық  түрлерін)  түсіну,  түйінді  сөздерді  табу, 

принциптерді танып білу жаттығулары ерекше мағынаға ие болады. 

 


Роль нестандартных занятий в высшей школе 

(бинарные занятия по дисциплинам «Дендрология» и «Казахский язык»)

 

23 


Студент  ақпарат  көздерімен  жұмыс  машығын  иелену  қажет  –  мәтіннің 

негізгі  ойын,  пікірдің  логикалық  негізін  анықтау,  ақпараттың  әр  түрлі  түрлерін 

табу(схамалар,  кестелермен  жұмыс),  бұл  әдістерді  ауызша  түрде  белсенді  қылу. 

Сонымен қатар, жұмыстың қандай түрі – ауызша немесе жазбаша -  басым болуы 

әр мамандыққа жеке сараланады. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет