М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007


Мәшһүр Жүсіптің тілек, насихат өлеңдері



бет4/25
Дата09.06.2023
өлшемі429 Kb.
#99983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
1.2 Мәшһүр Жүсіптің тілек, насихат өлеңдері

Мәшһүр Жүсіптің дидактикалық, яғни үгіт-насихат өлеңдері дегенде, оның үгітке ғана емес, тілекке арналған өлеңдеріне арнайы көңіл бөлу керек. Тілек тілеудің Мәшһүр Жүсіпке дейінгі қазақ ақындарында ерекше орын алғанын діттеу үшін XVIII ғасырдағы Бұқар жырау термесіне назар аударайық:


Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа! [19, 111 б.].
Енді Мәшһүр Жүсіптің тілек, яғни тілек-насихат өлеңдерін жинақтасақ, мына үлгілер көңіл бөлгізеді:

1. Шығады: «асыл-тастан, өнер-жастан»,


Тәрбие тәуір болса, әуел бастан.
Мысалы ғылым таппақ сол секілді,
Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.
(«Бұлақ көзі»)
2. Самалы әрекеттің сол сықылды,
Алмассың егінді орып, тұқым сеппей!
Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз,
Жатырқап еш адамды сыртқа теппей!
(«Дауасыз дерт») [24, 86-87 б.].
3. Бұл күнде мал табыңыз алас ұрып,
Күш-қуат кетіп қалмай арқа бостан.
(«Тіршілік қамы»)
4. Өлімнің, өлмей бұрын, қамын ойла,
Абайсыз жүргенінде ажал жетер!
(«Жалған туралы») [23, 268-269 б.].

Мәшһүр Жүсіп бұл өлеңдерінде: білім, ғылымды игеруді (1- мысалда), көпке пайда тигізуді (екіншіде), еңбек етуді (үшіншіде), өлімге әзірлене білуді (төртіншіде) – тілеу, насихаттауды өзінше әсерлі жеткізген.


Осы орайда ел мұқтажын неғұрлым кең қамту үшін Мәшһүр Жүсіптің шолу өлеңдерін де өндіре жазғанын саралаған жөн. Шолу өлеңдері қамтылған ойлар молдығымен көп ретте лирика мен эпос аралығындағы Құранды, аралық жанр түрі тәрізді әсер қалырады. Бір туындының өзінде көп мәселе қабағат көтеріледі. Тікелей үгіт, баяндау, оқиғалар алма-кезектесіп, сапырылысуы оны эпосқа жақындатса, соның бәрінің бірі ғана лирикалық қаһарманның тек бірер сәттегі толғанысы шарпуына бөленуі оны лирикаға алып келеді. Демек шығармада қанша мәселе көтеріліп, ара-тұра оқиға т.с.с. еніп кетсе де, соның бәрі бір ғана лирикалық қаһарман сезіміне бағындырылып өрілуі – оны «шолу өлеңдер» - деп атап, лирикаға түріне жатқызуға себеп болып отыр.
Орыс әдебиеттану ғылымында мұндай шығармаларды «Баяндау лирикасы» (повествовательная лирика) – деп атау [25] орын алып келгенін, ал арнайы анықтамаларда «Публицистикалық поэзия» түсінігі [26] қолданылуын ескерсек, бұлай бөлудің негізсіз еместігіне көз жеткізе түсеміз. Мәшһүр Жүсіптің «Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге» туындысы – осы шолу өлеңі үлгісі. Онда лирикалық қаһарманның «Меннің», «ат-бәйгеге құлын-тайдан» қосылғаны, жігіттіктің қызығын көріп өткені, 5 жаста және 20, 35-те не бітіргені айтылып келіп, мына ойды бөліп көрсету жүзеге асқан: «Отыз қырықтан асқан соң ойланамыз //Он бес пен жиырма бесте қылар істі.» Ақын одан әрі өзінің де кәрілікке бой ұрғанын мәлімдеп, сол кезеңдегі келеңсіздіктерді, атап айтқанда, қожа мен молданың ғайбат сөйлейтінін, сонысымен де елді бұзып жүргенін баяндай келеді де, мына жайттерге арнайы көңіл бөлгізеді:
Болмағың жақсы, жаман әуел бастан.
Белгілі ат боларың құлын жастан.
Өң беріп жылтыратып ысқанменен,
Болғанын көрдің бе айна қара тастан?!
Қара тас ең болғанда қайрақ болар,
Балта, шот, пышақтарды қайрап болар.
Дөңгелек диірменіңе шарық болып,
Көзіне көрінгенді шайнап болар.

Ай орынын аспандағы бұлт алып,


Орнында дүр гауһардың су тас қалып.
Құр тікен қызыл гүлсіз, қолға түсіп,
Ауызға қант орнына зәһәр салып.

Келмейді өткен ғұмыр жоқтағанмен,


Түк өнбес ұрып, соғып боқтағанмен.
Жолаушы жол үстінде көрмес қызыр,
Далада отсыз, сусыз тоқтағанмен.

Дүниеде шапқан аттай өткен ғұмыр,


Қарақшы – көрдің басы, бәйгелі жер.
Кім озып, кім қалуы мағлұм емес,
Бәйге алсаң, сол жерде озып, болдың ғой ер! [23, 199-200 б.]
Міне, мұнда қанша ысқыласа да, қара тастың айна болмайтыны; аспандағы Ай орнын бұлт алып жүргені; отсыз, сусыз жерге кідірген жолаушының бәрі бірдей қызыр көрмейтіні; көрдің басы бәйгелі жер екендігі және онда кім озып, кім қалатыны белгісіздігі қамтылған. Бұл әсерлі жолдар кейінгі айтпақ насихатты негіздеп, оған өз сәулесін түсірген. Атап айтқанда: «Ит мойнына гауһарды таққанменен», оны басқа затқа айналдыра алмайтыны, қожа-молданың өсекке бейімділігі орын тепкен.
Бұл тәрізді шолып айту, жетістік, кемшілікті түгендеп тізіп, қамтуға ұмтылу ақынның: «Ұқыпты әйел», «Салақтық- дерт», «Күліктің атқамінерлеріне», «Дүниеге жарасады күн менен ай» - өлеңдеріне де негіз болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет