М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007



бет3/25
Дата09.06.2023
өлшемі429 Kb.
#99983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
b201 3

1.1 Мәшһүр Жүсіптің үгіт өлеңдері

Мәшһүр Жүсіптің тікелей үгітке арналған дидактикалық өлеңдерін сараласақ, онда оқу, кәсіп меңгеру, ізгілікке ұмтылудың бастау көзі ретінде Алланы мадақтаудың өріс алғанына көз жеткіземіз:


Исламның бес парызы: біреуі- иман,
Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.
Ықтиқат, шын ниетпен жұмыс қылып,
Ерлерді айт - Құдай үшін жанын қиған!

Аузыңда болсын дайым Құдай сөзі,


Таймасын қаралықтан көңіл көзі.
«Бір!»-деп, «бар!» -деп, илану- бізге парыз,
Ғаламға он сегіз мың патша- өзі!

Екінші, намаз екен- бізге парыз,


Айтпасақ білмегенге, бізге қарыз.
Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ ,
Құдайға жетеді екен сонда ғарыз. [22, 138 б.].

Бұл өлеңдерінде қазақ тілін, рухын, мәдениетін сақтау үшін де Мәшһүр Жүсіп қалыптасқан Ислам дінін сақтау, имандылыққа ұмтылуды дәріптеумен ерекшеленеді.


Ақын үгіт үшін, көбінесе салыстыру әдісін, жақсы мен жаманды қатар алып, кімге еліктеу, неден безіну керектігін жіліктеп ашуға ден қояды:
Қайырсыз болсаң (бықыл) бәхил, болдың терек,
Басқаға бір отыннан қылмас керек.
Жақсыдан- жақсының да парқы бөлек,
Даналар біледі ойлап, ақыл зерек (зирек).

Зарарлы болсаң жұртқа, болдың тікен,


Қыларсың жазды жапан, шөлді мекен.
«Жерінде- әр не өзінің»- деген рас,
Еккенмен сусыз жерде, шықпас жекен.

Құдайым пендесіне берген малды,


Жаратқан әр түрлі ғып жүрген жанды.
Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан
Қайыр қып берген артық жалғыз нанды [22, 148-149 б.].

Осы орайда, көбінесе ақыл айтуға құралған өлеңдерінің өзінде ақын үнемі жалаң үгітпен шектелмей, ұтымды бейне, ұтықты сөз үлгілерін де кірістіре білген:


Үлгі үйрен жолдас болып нұсқалыға,
Көзің сал сөзді сөзге қосқанына.
Наданның өз басына қылған ісін,
Қылмайды ақылды адам дұшпанына.

Қарайла, шамаң келсе, жолдасыңа,


Жолдасың еріп жүрсе өз қасыңа.
Абыройым төгілмесін деп ойласаң,
Ұяттан қол шатыр қып ал басыңа .

Бір сөзді шығарады бір сөз түртіп,


Ағыздым алтын қылып мен мысты ерітіп.
Өз пердем жыртылмасын деп ойласаң,
Әрқайда сөз сөйлеме перде жыртып.

Шайтанның шамаң келсе сындыр белін,


Ол иттің керек қылма жауын, елін.
Бір іске өкінбейін деп ойласаң,
Нәпсінің достық айтқан алма тілін.

Өнерге өзіңді-өзің ерте баулы,


Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы.
Қауіп, қатерсіз, қайғысыз болам десең,
Араз боп еш адаммен болма даулы.

Қалмасын жерде десең айтқан сөзің,


Өзіңнің өз бойыңда болсын көзің.
Сөзіммен халқым амал қылсын десең,
Амал қыл өз сөзіңмен әуел өзің.[23, 116-119 б.].

Зерделесек, «Наданның өз басына қылған ісін, // Қылмайды ақылды адам дұшпанына»- жолдарының әсерлі естілу себебі: ақыл айтудың өмірде көп көргенді сараптап, безбендеп барып, аз сөзге көп мән ұялатуға негізделуінде жатқаны анық. Екінші мысалдағы дерексіз ұғым ұятты белгілі бір затқа «қол шатырға» айналдыру да өзінше әсерлі. Ұяттың қол шатыры ұғымын дәйектегенде, сол бір әсерлі, бейнелі сөз ұтымдылығы назар аудартады. Үшіншідегі перде жыртып сөз сөйлемеу де дерексіз ұғым сөзге пердені тіркеп және оны кәдеге жаратуды бейнелеп барып, белгілі бір идея өрістеуіне негіз қаланған. Төртіншіде, басқа адамның айнасынан (өз айнасынан емес) қарағанда ғана білімді, зерек адам болуы мүмкіндігі де мүлде тосын метафоралық тіркес көмегімен айтылған ой ерекше әсерлі естіледі. Бесіншідегі «жастықтың ауылы» метафоралық тіркесін алу және оның көшіп кетуін ескерту де идеяны неғұрлым пәрменді жеткізу міндетіне бағындырылған. Мұндай тосын метафоралық үлгі көмегімен әсерлілікті еселеп арттыру үлгісі алтыншы мысалда да бар. Әркімнің өз бойында өз көзі болуын діттеу, яғни соны метафоралық тіркес көмегімен бейнелеу нәтижесінде ақын өз ойын әсерлі жеткізген.


Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 4-томына енген: «Кедейліктің арқаны», «Өлім алдындағы хал», «Бақ құсы» өлеңдері де үгіт өлеңдері үлгісі. Мұның алғашқысы балаларды, сол арқылы жастарды сабақ оқуға, еңбек етуге, еріншектікке салынбауға үгіттеуге арналса, екіншісі пенде ниеті бұзық болса, о дүниеде жаза тарту күтіп тұрғанын ескерту, т.с.с. арқылы адамдарды ізгілікке үндеу отау тіккен. Соңғыда:
Өз нәпсің бойыңдағы- жанның жауы,
Жалғанда екеуінің бітпес дауы.
Нәпсіңнің айдауына ере берсең,
Білінбес өз басыңның ауру-сауы [23, 335 б.]- деп көзге көрінбес ұғым дерексіз нәпсіні, яғни адам тілегін жеке бір жан иесіне айналдырғаны соншалық, оның адамды мал тәрізді айдауы мүмкіндігі әсерлі бейнеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет