Лимфа түйіндері мен лимфа жүйесі əртүрлі қызмет атқарады. Солардың негізгілері:
Энергиялық жəне пластикалық функция—қан айналысы кезінде тканьдегі сіңген су, белок, зат алмасу кезінде түзілген заттар, гормон, электролит т. б. қанға лимфа арқылы тасылады.
Дренаждық функция — лимфа жұйесі венамен бірге дене-дегі ағзаларда басы артық тканьаралық (интерстициялық) сұй-ықтықты сорып алады.
Резорбциялық функция, яғни сіңіру функциясы. Лимфа ка-пиллярларының эндотелиі — өткізгіш, сондықтан əдетте қан ка-пиллярларына өте алмайтын көптеген заттар тканьаралығынан тікелей лимфаға өтеді: а) лимфа капиллярлары — жақсы өткіз-гіш; ə) олардың түтігі (диаметрі) өздігінен біресе кеңейіп, біре-се тарылып, сұйықты өзіне қарай тартып отырады; б) қан, клет-кааралық сұйық, лимфа үшеуінің арасында заттар өтуге ыңғай-лы (гидростатикалық, сондай-ақ коллоидтық-осмостық қысым градиенті бар); в) лимфа капиллярлары эндотелиі гистолимфа лық кедергіден əртүрлі заттар еткізуге бейім келеді.
Лимфа май алмасу процесіне қатысады. Ішек арқылы сіңу барысында түзілген май мен май қышқылдары лимфа капилляр-ларына енеді де лимфа жүйесі арқылы жалпы қан айналысына қосылады, одан əрі денеде май қоры болып жиналады (депо).
Биологиялык. иммунитет жəне лимфоцит түзу функциясы антидене түзетін клеткалар лимфа түйіндерінде жаралады. Лим фа түйіндері мен тимуста Т — жəне В — лимфоциттер «пісіп» жетіледі де, қан жүйесіндегі жəне клеткалық иммунитетке қаты сады. Лимфоциттер иммундық реакцияға қатысатын лимфокин дер т. б. заттар беліп шығарады.
Тосқауылдық (барьерлік) функция. Əртүрлі микроорга низмдер, табиғаты басқа зиянды заттар, ісік клеткалары лимфа түйіндерінде ұсталып одан əрі өте алмайды, мұның нəтижесінде олар тосқауылға (механикалық сүзгіге) айналады; бұл қызметті лимфа түйініндегі ретикулярлық элементтер атқарады, ал био-логиялық сүзгі ретінде лимфа тканіндегі фагоциттік клеткалар дың мəні арта түседі.
Лимфа жүйесі липовитаминдер, кальций, фосфор тұздарЫ-ның алмасуына қатысады. А, К, Е т. б. липовитаминдер ең алдй-
Лимфа жүиесі су алмасу процесше қатысады. Бүл жүие де-„едегі сүйықтықтар депосы деп есептеледі, ЯРНИ лимфа тамырла-ОЬІ резервуарлық қызмет атқарады. Қан азайған кезде (мəселен, Цөп кан кеткенде), оның есесін қайтаратын басқа реакциялар--і бірге көкірек өзегіндегі лимфа қанға қүйылады. 9. Лимфа ішкі ағзалар қызметінің қан арқылы реттелуіне қа-^сады. Тəн тірлігіне тікелей əсер ететін түрлі гормондар, реттеу-ті пептидтер, метаболиттер т. б. биологиялық əсері күшті заттар көптеген дəрілер алдымен лимфаға өтеді.